141
23.
Бруцеллездің барлық нысандары
үшін ықтимал жағдай болжамды жағдайдың
анықтауға сәйкес келгенінде және мына белгілердің кемінде біреуі болғанда қойылады:
1) төлдеу науқанына қатысу;
2) жануарлармен контактіде болу;
3) етті бөлшектеу және дайындау;
4) шикі сүтті немесе қолдан өндірген сүт өнімдерін
пайдалану;
5) жеткілікті деңгейде термиялық өңделмеген етті пайдалану;
6) белгілі бруцеллез бұрқ етуімен немесе расталған адамдардағы бруцеллезбен
эпидемиологиялық байланыс;
7) агглютинация реакцисының оң нәтижесі.
24.
Расталған жағдай мына белгілердің кемінде біреуі болғанда қойылады:
1) қан сынамасынан немесе басқа клиникалық материалдан Brucella Spp. бөліну;
2) нақты уақытта ПТР-дің нәтижесі оң болғанда;
3) ауру басталғаннан кейін науқастан алынған бір немесе одан астам қан сарысуы
сынамаларында Brucella агглютинациялаушы антиденелер >/= 1:160
титрі немесе титрдің
кемінде төрт есе ұлғаюы;
4) агглютинациялаушы антиденелер >/= 1:160 титрі және мына зерттеулердің кемінде
біреуінің оң нәтижесі:
ИФА әдісімен IgG және/немесе IgM сыныбының бруцеллезге қарсы антиденелерін
анықтау;
комплементті байланыстыру реакциясының 2- меркаптоэтанол тесті нәтижесінің оң
болуы;
Кумбс реакциясы (антиглобулинді тест)
нәтижесінің оң болуы, IgG сыныпты
антилиппополисахаридті антиденелерді анықтау;
су еріткіш протеиндерге қарсы иммуноэлектрофорез.
Достарыңызбен бөлісу: