Эпидемиологиясы.
Аурудың табиғи (біріншілік) және антропургиялық
(екіншілік) ошақтары бар.
Табиғи ошақтарда аурудың көзі
және резервуары ұсақ сүт
қоректілердің (көбінесе кеміргіштер) 60 түрлері, құстардың 47 түрлері және кенелердің 70
түрлері болып табылады. Иксод, гамаз, аргас кенелер организмінде қоздырғыш 900 күнге
дейін сақталып, кенелерде риккетсиялардың ұрпаққа трансовариалді және трансфазды
берілуі қалыптасқан. Кенелер қоздырғышты сілекей және нәжіс арқылы бөледі. Табиғи
ошақтарда қоздырғыштың циркуляциясы трансмиссивті, аэрогенді, фекалді-оралді
механизмдер арқылы атқарылады.
Антропургиялық ошақтарда аурудың көзі
үй жануарлары болып табылады (33% -
ірі қара мал). Көбінесе жануарлардың арасында ауру латентті түрде өтеді, бірақ
пневмония, бронхит, ринит, коньюнктивит, аборт дамуы мүмкін. Аурудың манифестік
түрлері мал төлдегеннен кейін пайда болып, коздырғыш қағанақ суымен сыртқы ортаға
бөлінеді. Осымен қатар, коздырғыш сүт және нәжіс арқылы бөлінеді.
Адам аурудың көзі болып табылмайды. Бірақ кездейсоқ жағдайларда трансфузия
арқылы, анадан балаға емшек сүті арқылы берілуі мүмкін (И.К.Каракулов).
Аурудың берілу жолдары саналуан:
1.
аэрогенді (заладанған шаң, жүн, тері, шөп, топырақ арқылы);
2.
алиментарлы (шикі және пастерленген сүт, жануарлардың нәжісімен
заладанған су арқылы);
3.
контактілі (ауру малды күткенде, мал төлдегенде көмек көрсеткенде,
малды сойып етін бөлшектегенде);
4.
транмиссивті (заладанған кенелер шаққанда, сирек кездеседі)
Ауру залалданған факторлар арқылы біріншілік ошақтардан қашық жерлерге дейін
таралуы мүмкін. Адамдар жануарлардың нәжісімен заладанған суаттарда шомылу
арқылы ауруды жұқтыруы мүмкін.
Қабылдаушы макроорганизм
. Ку-қызбасымен мал шаруашылығындағы адамдар, ет,
сүт комбинаттарының қызметкерлері, балалар, жас өспірімдер жиі аурады. АИВ\ЖИТС
пациенттерінде Ку-қызбасы 13 есе жиі кездеседі.
Ауру жиі көктем, жаз айларында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |