Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет159/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Асқынулары
 
– коллапс, жүрек-қантамыр жетіспеушілігі, плеврит, тромбофлебит, 
миокардит, эндокардит, энцефалопатия

артрит. 
Диагностикасы
1.
Бактериологиялық әдіс. Диагноздың расталуы қаннан, дәреттен, қақырықтан 
Бернет риккетсиясының бөлінуі болып табылған. Бірақ риккетсиялар қоректі орталарда 
өте нашар өседі. Сондықтан бұл әдісті практикада қолданбайды. 
2.
Серологиялық әдіс. КБР (1:8, 1:16), микроагглютинация реакциясы, ИФА, ПТР, 
микроиммунофлюоресценция реакциясы.
Емдеуі. 
Этиотропты препараттар ретінде антибиотиктер пайдаланылады 
(тетрациклиндер - тетрациклин, доксициклин; левомицетин, фторхинолондар – 
ципрофлоксацин, 
офлоксацин; 
макролидтер 
– 
эритромицин, 
спирамицин, 
рокситромицин). Емдеудің патогенетикалық әдістері кең қолданылады. Әсіресе бұл Ку-
қызбасының ұзаққа созылған және созылмалы түрлеріне қатысты.
Қазіргі жағдайда доксициклинді қолдану қажет: 0,1г х 2 рет, курстың ұзақтығы - 
дене температурасы қалыпқа келген соң 2 күн қосып жүргізіледі.
Болжамы. 
Өлім қаупі байқалмаған. Ку-қызбасының созылмалы түрлері иммунды 
тапшылық жағдайларда кездеседі.
Алдын алу шаралары. 
Инфекция көздерінің, аурудың берілу жолдары әртүрлі 
болғаны профилактикалық шараларды жүргізуді өте қиындатады. Ку-қызбасымен ауырған 
науқас қоршаған орта үшін қауіпті емес, ауруханада да ерекше эпидемияға қарсы режим 
талап етілмейді. Аурудың жұғуы мүмкін жерлерде жұмыс істегенде, қорғаныс киімдерін 
пайдалану керек.
 
 
 
ИЕРСИНИОЗДАР 
Тақырыптың өзектілігі 
 
1.
Қазіргі кезде өте кең тараған инфекциялардың бірі. Оның себептері: 
1.1
Иерсиниялар табиғатта көп таралған. Олар 60-тан астам сүтқоректілер, 30-дан 
астам құстар мен қосмекенділер организмнен табылады. 
1.2
Иерсинияларды жерден/топырақтан, әртүрлі көкөністерден, тамыржемісті 
өсімдіктерден, су, ауа, тіпті бізді қоршаған бүкіл табиғат ортасынан табуға болады. 
1.3
Сыртқы ортаға мейлімші төзімді. 
1.4
Таралу жолдары саналуан. 


145 
2.
Қазіргі заманғы экологиялық күйзелістер мен апаттардың зардаптары әсерінен осы 
микробтың тек сан жағынан емес, сапасы жағынан да өзгеріп, өзінің патогендік қасиетін 
күшейте түсүіне мүмкіндік беріп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет