Псевдотуберкулездің клиникалық ерекшеліктері:
1.
Патогенезге сәйкес инфекциялық процеске барлық ішкі ағзалар мен жүйелер
қатысатын болғандықтан аурудың сыртқы көріністері полиморфты.
2.
Бір науқаста бір мезгілде бірнеше жүйенің зақымдануының белгілері
анықталып көп-жүйелі процесс дамиды.
3.
Асқорыту жүйесі патологиялық процеске міндетті түрде ұшырайды, себебі
қоздырғыш алиментарлы жол арқылы беріледі. Сондықтан науқастарда осы жүйе
бойынша өзгерістерді анықтап сұрау қажет.
Осы айтылған қорытындыдан бұл ауруға диагноз қоюдың қиындығы туындап отыр.
Диагностикасы.
Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты №13 кестеде
келтірілген.
Лабораториялық әдістер:
1.
Бактериологиялық әдіс. Көмей мен жұтқыншақ жағындысын, қанды, зәрді, нәжісті
қоректі орталарға себіп термостат арқылы емес, тоңазытқыш арқылы өсіреді. Осымен
қатар операциядан кесіліп алынған материалдар, көк өністер, су қолданылады. Бірақ
қоздырғыш өте жай өседі (10 күн).
2.
Серологиялық
реакциялар
–
тікелей
емес
агглютинация
реакциясы,
гемагглютинация, бактериальды лизис, имуноферменттік анализ қолданылуда.
3.
Жаңадан енгізілген арнайы антиген байланыстырушы лимфоциттер анықтау әдісі
иммунды диагностикаға жатады.
4.
Емдеуі.
Этитропты ем: антибиотиктердің ішінде левомицетин, фторхинолондар,
цефалоспориндер температура қалпына келгеннен соң тағы да 5 – 10 күн беріледі.
Аурудың ауыр түрінде цефалоспориндермен бірже фторхинолондарды тағайындау
қажет. Патогенетикалық ем: дезинтоксикация кезінде, кристаллоидты ертінділер,
менигеальды синдром болса – дегидратация қатар жүргізіледі, аллергиямен күресу,
геморрагиялық өзгерістерге жол бермеу, қан тамырларының қабырғасын
жарақаттанудан қорғау, гепатит болса гепатитті емдеу. Оң жақ илеоцекальды
бұрыштағы өзгерістедің көбі терминалді илеит, мезаденит, тифлит, аппендицит
операция жолымен емдеуді қажет етеді.
5.
Достарыңызбен бөлісу: |