Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет166/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Патогенезі 
толық зерттелмеген.
1 сатысы – жұқтыру сатысы

Инфекцияның
 
кіру қақпасы жұтқыншақ, асқазан-
ішек, жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабықшалары, көз, жарақаттанған тері. 
Кездейсоқ жағдайларда аурудың кіру қақпасын анықтауға қиын болады. 
Листериялардың вируленттігі жоғары емес, егер организмнің қорғаныс қабілеті 
қалыпты болса ауру дамымайды. Патогенездің бұл сатысы аурудың бейімделу сатысына 
немесе жасырың кезіңіне сәйкес келеді.
2 сатысы – біріншілік ошақтану сатысы
. Қоздырғыштың кіру қақпасы аймағында 
қабыну процестер дамуы мүмкін. Мысалы: тері арқылы енсе – терілік түрі, көмекей бездер 
арқылы – баспалы түрі. Осы ағзаларда листериялар ұзақ сақталады гранулемалардың 
(листериома) ортасында. Листериомалар некрозға ұшырап, абсцесске айналуы мүмкін. 
Жүкті әйелдерде гранулемалар плацентада орналасады. Жұғу әдетте жүктіліктің 3-ші 
триместрінде өтеді. Осы сатысында ауру тоқтауы мүмкін. Бірақ иммунитет төмендеген 
жағдайларда гематогенді диссеминация дамып ауру жайылмалы түрде өтуі мүмкін. 
3 сатысы - екіншілік-жайылмалы сатысы
. Бактериемия дамиды. 
4 сатысы - екіншілік ошақтану сатысы
. Гематогенді диссеминация арқылы 
листериялар әр түрлі ағзаларға (бездерге, орталық жүйке жүйесіне, бауырға, өкпеге

тарап, қабыну процестердің себебі болады. Кейбір жағдайларда 2-ші сатысы болмай,
бейімделу кезеңінен кейін 
біріншілік жайылмалы түрі
 
(бактериемия) пайда болғанда 
сепсис тәрізді жедел қызбалы түрі дамиды. Бұл түрі ұрықта немесе нәрестеде кездеседі. 
Гематогенді диссеминация арқылы листериялар ішкі ағзаларға шоғырланады: орталық 
жүйке жүйесі, бездер, бауыр, көк бауыр зақымданады.
Клиникалық көріністері.
Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуін А.М. Дмитровский (2002 ж.) 
ұсынған (№ 14 кесте). 
Листериоздың 
жасырын кезеңі
3-45 күнге дейін созылады. Листериоздың 
клиникалық ағымы полиморфизммен сипатталады. Аурудың барлық түрлері толық 
зерттелмеген. Клиникалық көріністер жұғу жолдарына, ошақтардың орналасқан жеріне, 
организмнің иммунды жауптың күшіне байланысты. Ағымы бойынша жедел, жеделдеу, 
созылмалы түрлері анықталған. Аурудың жедел түрі кенеттен басталып, науқаста 
қалтырау, дене қызуының көтерілуі, улануы (бас ауыруы, ұйқысыздық, бұлшық еттердің 
ауыруы) байқалып, тәбеті жоғалады.
 
Жеделдеу 
түрі 
1,5-3 
айға 
созылады. 
Листериоздың созылмалы түрінде қоздырғыштың организмде ұзақ уақыт болуының 
әсерінен ауру белгісіз өтіп, өршу кезеңінде қысқа қызбамен, катаральды симптомдарымен 
өтеді. Созылмалы пиелонефриттің ағымына ұқсайды. Жүкті әйелдерде аурудың осы түрі 
жиі кездедседі.
№ 14 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет