153
– 10-12 күнге созылады. Бауыр, көкбауыр ұлғаюы мүмкін. Шеткі қанда – лейкоцитоз,
лимфоцитоз, моноцитоз. ЭТЖ жоғарлайды. Ауру сепсиске айналып кетуі мүмкін. Бұл
жағдайларда ремиттерлеуші қызба, теріде полиморфты бөртпелер, бауыр, көкбауырдың
ұлғаюы, қанда мононуклеарлардың саны өсуі байқалады. Инфекциялық эндокардит
қалыптасып, өлімге әкеліп соғуы мүмкін .
Бездік түрлері
қызбамен, улану симптомдарымен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен
және ауру сезімімен сипатталады.
Көз-бездік түрі
сирек кездеседі. Ауру жануарлар мен қатынысқан кезде дамиды.
Конъюнктивит белгелері анықталады. Ерекшілігі конъюнктивада көлемі 3 мм шамасында
сарғыш түсті гранулемалар (фолликуллалар) көрінеді. Ортасында листериялар
орналасады. Роговица зақымдалмайды. Көз көруі нашарлап, жергілікті лимфа түйіндері
ұлғаяды. Шеткі қанда моноцитоз - 10
, лимфоцитоз – 35-50
. Аурудың ұзақтылығы 1-3
айға дейін барады.
Жүйкелік түрлерінде
менингит, менингоэнцефалит, ми абсцессі дамиды. Ерте
жастағы балаларда кездеседі. Менингеалді симптомдары пайда болады. Кернинг,
Брудзинский симптомдары байқалып, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі анықталады.
Ликвор мөлдір, қысымы жоғары, белоктың құрамы жоғарлап, қанттың құрамы мен
хлоридтер
өзгермейді.
Серозды
менингит
іріңді
түріне
ауысуы
мүмкін.
Менингоэнцефалит түрінде қосымша жүйкелік ошақты симптомдар байқалады - птоз,
анизокория, стробизм, патологиялық рефлекстер. Перифериялық жүке жүйесі
зақымдалғанда
парездер,
салданулар
қалыптасады.
Кейбір
жағдайларда
полирадикулоневрит дамиды.
Терілік түрі
сирек
кездеседі (№44 сүрет). Қоздырғыштың зақымданған тері арқылы
енген кезінде дамиды. Алдымен қышитын дақ, одан кейін папула, әрі қарай везикула
пайда болады. Везикуланың көлемі 2 см дейін үлкейіп жарылады. Листериозды жара
қызарған жиегімен қоршалған, ауыр сезімі байқалады. Регионарлы лимфаденит
қалыптасады. Орташа дәрежеде улану симптомдары байқалады.
Сепсис тәрізді түрі өте ауыр түрде өтеді:
Достарыңызбен бөлісу: