анықталған. Кейде кенеттен неврологиялық симптомдар пайда болады
немесе энцефалиттің клиникалық көрінісі дамиды.
Генитальды листериоз Зубова Н.В. (2009 ж.) листериялармен залалданған 100 жүкті әйелді бақылауға алды.
Бактериологиялық жолмен диагноз генитальді листериозбен ауырған жүкті әйелдердің
75%-да дәлелденді, серологиялық жолмен (ГАР) 25%-да дәлелденді. Генитальді
листериоз кезінде листериялар көбінесе қынаптың шырышты қабатынан (93,4%) және
цервикальді өзектен бөлінді (6,6%), сонымен қатар, листериялар басқа да
биосубстраттардан бөлініп шықты (зәрден - 5,2%, аңқадан - 2,7%). Листериоздың
генитальді түрі жыныстық жолмен жұғады. Генитальді листериозбен ауырған жүкті
әйелдердің анамнезінде тонзиллит, бронхит және зәр шығару жүйесінің қабыну
процестері (32%), жыныс мүшелерінің қабыну процестері (29%), біріншілік немесе
екіншілік бедеулік (7%) анықталды.
Әйелдердің жыныс мүшелеріндегі листериялардың персистенциясы (жалпы
жұқпалы аурудың немесе жыныс мүшелеріндегі қабыну процестерінің клиникалық
көріністері болмаса да) жүктіліктің және босанудың патологиясына (45%), содан кейін
жүктіліктің үзілуіне әкеп соғады (өзіндік түсіктер - 29%, уақытынан ерте босану - 3,5%,
дамымаған, тоқтап қалған жүктілік - 8%). Дамымаған жүктіліктің қайталануы (1 реттен 4
ретке дейін) 17%-да тіркелді. Патологиялық нәтижелер көбінесе бірінші жүктілікте
кездесті, олардың кейінгі – екінші, үшінші және төртінші жүктіліктерде күшейгені
байқалды. Қайтадан жүкті болған әйелдердің 94%-да қалаған жүктілік патологиялық
түрде үзілген. Сонымен, организм листериялардан өзіндік түрде санацияланбайды.
Үзілумен аяқталатын жүктілік патологиясы созылмалы персистенциялаушы листериоздық
инфекцияның генитальді түрінің айқын көріністерінің бірі болып табылады.
Созылмалы генитальді листериоз кезінде жыныс мүшелерінің әр түрлі қабыну
процестері анықталады (50%): кольпит, жатыр мойынының эрозиясы, жатыр
қосалқыларының қабынуы, эндометрит. Сонымен қатар, 91%-да жүктілік патологиясы
дамыған. Листериоз қағанақ суының көп болуына әкелмейтіні туралы айтып кету керек.
Зәр шығару жүйесінің зақымдалуының жиі дамуы және қоздырғыштың жыныс
мүшелерінің шырышты қабатымен қатар зәрден де бөлінуі генитальді листериоз кезінде
үйлескен зәр-жыныстық патологияның дамитыны туралы айтады. Листериоздың қолайсыз
нәтижелерін анықтау және алдын алу үшін жүктілік патологиясы қашан дамитыны туралы
білу маңызды болып табылады. Генитальді листериозбен ауырған жүкті әйелдердің 17%-
да жұктіліктің I триместрінде үзілу қауіпі пайда болған. Әр бір төртінші жүкті әйелде
жүктілік патологиясы екінші триместрде дамыған (24%). Жүктіліктің үшінші
триместрінде патология екі есе сирек кездесті (12%). Сонымен, созылмалы генитальді
листериоз кезінде жүктіліктің үзілу қауіпі триместрлердің барлығында болуы мүмкін.
Плацентарлы жетіспеушілік созылмалы генитальді листериозбен ауырған жүкті
әйелдердің 10,7%-да анықталды. Листериоз кезінде бұл патология жүктіліктің барлық
кезеңдерінде шамамен бірдей тіркелді, ал бақылау тобында – тек қана екінші семестрде
анықталды. Плацентаның төмен орналасуы тек қана листериоз кезінде тіркелді және де
жүктіліктің ерте кезеңдерінде пайда болған екені анық, бірақ кеш кезеңдерінде де
анықталуы мүмкін.