Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет178/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 Диагностикасы
Лептоспироздың диагностикасы, әсіресе аурудың 1-ші күні 
қиындық келтіреді. 
1.
Эпидемиологиялық 
тексерудің
мәліметтері 
зор 
маңыз 
алады. 
Лептоспирозбен ауыру адамның мамандығына да байланысты (ветеринарлар, 
зоотехниктер, ет комбинатының жұмысшылары, аңшылар, шахтерлер т.б.), сондай-ақ 
кеміргіштермен, иттермен және басқа да үй жануарларымен байланыста болу 
аурудың жұғуына бірден бір себепкер нәрселер. Жұғу жаз айларында суға 
шомылудан, балық аулаудан да болуы мүмкін.
2.
 
Клиникалық көріністері: 

кенеттен басталатын ауру; 

негізгі белгілері: ағзаның улануы, қызба,

бұлшықеттердің ауыруы 

бүйректің зақымдану белгілері 

геморрагиялық синдром 

бауырдың зақымдануы - сарғыштану 

менингеалді синдром 
3.
Лабораториялық 
көрсеткіштер: 
лейкоцитоз, 
анемия, 
билирубиннің 
жоғарлауы, АлАТ пен АсАТ белсенділігінің жоғарылауы, зәрдің патологиялық 
өзгерістері, азотемия. 
4.
Қараңғы айдындағы микроскопия арқылы лептоспираларды науқастың қаны 
мен зәрінен табуға болады. 
5.
Бактериологиялық әдіс – қан, зәр, жұлын сұйықтығын қоректі ортаға себіп 
бөліп алуға болады. Бірақ, бұл әдістін нәтижесін 1 айдан кейін береді. 
6.
Биологиялық әдіс. 
7.
Серологиялық әдіс: КБР (1:10 –1:20), ТГАР, микроагглютинация және лизис 
реакциялары – 1:100. 
8.
ПТР


162 
Емдеуі.
Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін 
сақтау керек.
1.
Этиотропты еміне: бензилпенициллин тәулігіне 6-12 млн.бұлшық ет ішіне, 
менингит кезінде 24 млн. 7-10 күн бойы; немесе, эритромицин бұлшық ет ішіне 500 мг 
6 сағат сайын, сирек доксициклин - емдеудің 1-ші күні 0,1 г 12 сағат сайын, келесі 
күндері тәуліктік дозасы 0,1 г ұсынылған.
2.
Патогенетикалық ем. Барлық науқастарға улануға қарсы ертінділер, 
диуретиктер, аскорбинді қышқыл, рутин, викасол белгіленген. Ағзаның улануы мен 
геморрагиялық синдром барысында глюкокортикостероидтар көрсетілген (преднизолон 
60-120 мг тәулігіне). 
Арнайы ем: лептоспираға қарсы гетерологиялық гамма -глобулин бұлшық ет 
ішіне 10-15 мл – 1-ші күні, келесі 2 күн бойы 5-10 мл. 
Бүйректін жетіспеушілігі дамығанда гемодиализ жүргізу қажет. 
Диспансерлік бақылау - 6 ай бойы (инфекционист, нефролог, невропатолог
офтальмолог). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет