164
Көп ретте шешекпен дифференциальды диагнозды жүргізу керек,
бірақ онда
көпіршіктер көбінесе кеудеге, бастың
шашты бөлігіне орналасады, алайда қолдың
білезіктері мен табандарда болмайды.
Болжамы жағымды.
Емдеуі.
Науқасты
ауруханаға жатқызып, аурудың жедел білінуі басылғанға дейін
оңаша жатқызу керек. Науқасқа ұқыпты күтім керек.
Тамақ жартылай майлы,
қоздырмайтын болуы қажет, тамақты ішер алдында науқасқа 0,1 г
анестезинді беруге
болады. Ауызды шаю үшін сутегі тотығының ерітіндісін (3%), калий перманганатын
(0,01-0,1%) қолданады.
Этиотропты терапия жете зерттелінбеген. Ауыз қуысын күтіп, афттыларды
вирустарға қарсы мазьдармен (оксолин, теброфен, интерферон және басқа) майлау керек.
Лейкоцитарлы интерферон, РНКаза ерітінділірін қолдануға болады. Эпителизация
процестерін күшейту үшін
гелий-неонды лазер, УФО, аэрозольды препараттар (пантенол,
левовинизоль, винизоль) тағайындалады.
Антибиотиктерді екіншілік бактериальды инфекция қосылған жағдайда қолдану
керек.
Патогенетикалық емге интоксикациямен күресу, десенсибилизация жатады.
Достарыңызбен бөлісу: