Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет180/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Патогенезі. 
Адам ағзасына түскен вирус шырышты қабаттардың эпителий 
жасушаларында немесе терінің эпидермальды клеткаларында көбейеді, сонымен көпіршік 
тәрізді ісіну реакциясы пайда болады. Одан әрі вирус қанға түседі. Вирустың 
диссеминациясы екіншілік көпіршіктердің құрылуымен (ерінде, мұрында, тілде) қабаттаса 
жүреді. Вирус терінің жіңішке қан тамырларында кідіріп, қол және аяқ саусақтарының 
арасындағы теріде афталардың пайда болуын тудырады. 
Вирустың енген жерінде біріншілік афта, немесе біріншілік аффект дамиды, қанға 
өткен вирус гематогенді жолмен бүкіл организмге тарайды. Одан әрі екіншлік афталар 
және теріде везикулезді элементтер пайда болады. Вирусемия кезінде дене қызуы 
көтеріліп, ағзаның улануы байқалады. 
Клиникалық көріністері. 
Жасырын кезең –2-12 күн (жиі 3-8 күн). Ауру жедел 
басталады. Бұл кезде қалтырау, бұлшықеттердің ауыруы, дене қызуы көтеріліп, аурудың 
1-ші күнінің аяғында немесе 2-ші күні дене қызуы жоғарғы деңгейге жетеді. Қызба 38-
40

С дейін көтеріліп, 5-6 күн бойы сақталады. Аурудың 1-ші клиникалық белгілері пайда 
болғаннан 1-2 күн өткен соң, ауыз қуысының шырышты қабықтарында ісіну өзгерісі 
байқалады: ауыздың уылуы, дуылдауы, еріннің, қызыл иектің, жұтқыншақтың, жақтың 
шырыш қабықтарын қан кернеу, тілдің ісінуі. Осыдан кейінгі 1-2 күннен соң тілдің 
шетінде, қызыл иекте, таңдайда, еріндерде тары дәнінен ірі бұршақ көлеміне жететін 
бөртпелер шығады. 2-3 күннен кейін везикулалар жоғалып, оның орнында эрозия немесе 
жаралар қалыптасады. Афталар тілде, қызыл иекте, таңдайда, кейде мұрынның шырышты 
қабықтарында, қынапта орналасады. 
Балаларда аусыл жедел гастроэнтеритті тудыруы мүмкін. Кейбір науқастарда бөртпе 
теріге, әсіресе қолдың, табанның, тобық, ауыздың айналасына шығады. Бөртпе кезеңі 1 
аптаға жуық созылады. Ауруды бірнеше айға дейін ұзартатын жаңа бөртпелердің шығуы 
да мүмкін. Науқастардың жұтқыншағы ауырып, өте мол сілекей бөлінеді (тәулігіне 4-5 л), 
тілдің көлемі едәуір үлкейеді. Кейбір науқастарда шырыштар мен теріде көпіршікті 
бөртпелердің қайталануы мүмкін. Аурудың ауыр өткен жағдайларында мойынға, кеуде 
мен арқаға геморрагиялық бөртпе және дақты-папулезді бөртпелердің шығатыны белгілі. 
Аусылдың қабылданған жалпы клиникалық жіктелуі жоқ.
Әдетте келесідегідей клиникалық түрлері бөлінген:
1) терілік, саны аз афтталар тек теріде анықталады. Бұл түрі жиі кездеседі;
2) шырышты, оның негізгі көрінісі афтозды стоматит;
3) терілік-шырышты, тым жиі кездеседі, шырышты қабықтардың (ауыз қуысы, көз) және 
терінің (көбінесе саусақ тұстары) зақымдануымен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет