Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет182/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Алдын алу шаралары. 
Ауру жануарлармен жұмыс істеуші адамдардың арнайы 
жұмыс киімі болуы керек. Сүтті, етті міндетті түрде әбден термиялық өндеу қажет. 
Аусылмен ауырған үй жануарларымен күрес жүргізу (вакцинация, карантин шаралары, 
дезинфекция). Шикі сүт өнімдерін пайдалануға тиым салынады.
МАҢҚА (САП) 
Анықтамасы. 
Маңқа
 
- Pseudomonas maelli қоздыратын, жедел септикалық және 
созылмалы түрлерінде өтетін, әртүрлі мүшелермен тіндердің, терінің, шырышты 
қабаттардың арнайы зақымдалуымен сипатталатын зоонозды жұқпалы ауруы.
Тарихи мәліметтер. 
Манқа ескі заманнан белгілі ауру. ХVIII ғасырда адамның 
жылқадан манқаны жұқтырғаны туралы алғаш рет жазған. 1882 ж. V. Babes науқастан 
бөлінген іріңде манқаның таяқшасын анықтаған. Бір жылдан кейін қоздырғышты 
манқадан өлген жылқыдан бөліп алған. Н.П. Васильев 1883 ж. манқаның қоздырғышын 
науқастың қанынан бөліп алған. 1891 ж.Х.И.Гельман және О.И.Кальнинг манқаны
маллеин сынамасы арқылы анықтау әдісін ұсынған.
Этиологиясы.
Маңқаның қоздырғышы Pseudomonas mallei - грам теріс таяқшалар, 
көлемі 0,5 – 1,0 мкм, оларға полиморфизм тән, L-түріне ауысуы бейім. Қоздырғыш 
ыдырағанда эндотоксин (маллеин) бөлінеді. Глицерин қосылған қарапайым ортада өседі. 
Сыртқы ортада тұрақсыз, бірақ қолайлы жағдайларда: суда, ылғалды жерде 1 ай 
сақталады. Қыздыруға төзімсіз, дезинфектанттарға сезімтал.
Эпидемиологиясы.
Аурудың көзі және резервуары маңқамен ауыратын 
жылқылар, түйелер, жыртқыштар (жолбарыс, арыстан және т.б.). Жануарларда ауру жедел 
және тері мен шырышты қабатарының зақымдануымен сипатталатын созылмалы 
түрлерінде өтеді. Адам ауру жылқылардын контактілі жол арқылы жұқтырады. Ауру 
жануарлар қоздырғышты мұрын, жаралардың бөлінділері арқылы қоршаған ортамен 
заттарды залаладайды. Аурудан өлген малдың терісімен еті қауіпті.
Сирек ауру алиментарлы жолмен залалданған су арқылы беріледі. Зерттханада 
аэрогенді жол арқылы берілу мүмкін. Өте сирек жағдайда аурудың көзі науқас адам болуы 
мүмкін.
Манқамен жиі кәсіптік топтар аурады: ветеринарлар, малшылар. Аурушылдық 
жылдың суық мерзімінде жиі кездеседі. 
Патогенезі.
Маңқаның қоздырғышы адам организміне зақымдалған тері және 
шырышты қабаттар: жиі мұрын, көз және тыныс жолдары арқылы енеді. Енген жерде 
гранулема қалыптасуымен қабыну процессін тудырады. Гематогенді және лимфогенді 
жолмен әртүрлі ағзаларға жайылып, гранулемалардың дамуына әкеледі. Аурудың жедел 


165 
ағымы кезінде ішкі ағзаларда және бұлшық еттерде метастатикалық абсцесстер 
қалыптасады, іріңді остеомиелит және артриттер. Теріде және шырышты қабаттарда 
пустулезді бөртпелер дамиды. Маңқаның созылмалы ағымы кезінде түйіндерде 
пролиферативті көріністер байқалады. Ішкі ағзаларда абсцесс, полиартриттер, созылмалы 
сепсис дамиды. Өкпеде карнификация, пневмосклероз, бронхоэктаз, созылмалы абсцесс 
дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет