167
популяциядан кейін зигота түзіледі, оның қалың қабығы бар. Мұндай форма ооциста деп
аталады.
Резистенттілігі.
Токсоплазманың ооцисталары сыртқы ортада ұзақ уақыт шыдай
алмайды, қысқа мерзімге тасымалдаушылардың өлігінде және экскременттерінде ғана
сақталады. Цисталары әлде қайда төзімді келеді.
Токсоплазмамен ластанған заттар құрғатылған кезде қоздырғыш жылдам қырылады.
Токсоплазмалар 40-50
0
С температурада 15-20 мин, ал 60-80
0
С-та 5-10 мин. кейін өледі. 5-
8
0
С температуралық жағдайда токсоплазмалар суда бір тәулік қана, сүтте – 2 тәулік
тіршілігін сақтай алады. Олар тауық жұмыртқасының сары уызында 3-4 апта, ал
нәруызында (белогында) 1-2 апта бойы ауру қоздыру қабілеттілігін сақтайды.
Жануарлардың бұлшық етінде (t
0
4-6
0
С) 10-24 тәулік, мида – 30 күндей тіршілік
қабілеттілігін жоғалтпайды. Малдардың өлігінде, қоршаған ортаның ылғалдылығына және
температурасына қарай, токсоплазмалар 1 күннен 8 тәулікке дейін сақталады.
Күнделікті
тәжірибеде
қолданылып
жүрген
дезинфекциялық
ерітінділер
токсоплазмаларға да тиімді әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: