175
Милық: менингоэнцефалит, құрысу, спастикалық жағдай, дебілділік, гидроцефалия,
кальцификаттар.
Көздік: хореоретинит, көру нервінің атрофиясы, нистагм, стробизм, микроофтальм.
Кейбір клиникалық белгілер бірнеше жылдан кейін дамиды – мектепке дейінгі және
мектептің ерте кезеңдерінде.
Клиникада жүктіліктің мезгілін және мезгілге байланысты қою мүшелер дамығандығын
анықтайды.
Есте сақтау керек: Ұрықтың заымдалуы тек жүкті әйел адам жедел токсоплазмозбен
ауырған кезде болады (жайылмалы түрі). Созылмалы токсоплазмозбен ауырғанда
ұрыққа қауіпті емес, ондай әйелдерге босануға болады.
№17 кесте.
Тератологиялық кесте.
Жүктілік
мезгілі
(апта)
Қандай мүшелер дамиды Ұрықтың зақымдалуы қандай жерлерде болады
2 – 11
3 – 7
3 – 7
3 – 8
5 – 6
6 – 10
7 – 12
9 – 10
10– 12
Жұлын және бас миы
Көз
Жүрек
Аяқ – қол
Ерін
Тіс
Құлақ
Ас қорыту мүшелері
Қарын
Анэнцефалия, микроцефалия, менингоцефалия
Анофтальмия, микроофтальмия
Жүрек перделеріндегі ақау
Аяқ – қолдың дамуындағы ақау
Қоян еріні
Дисплазия
Саңырау
Атрезия
Қасқыр сүйек
Токсоплазмоз басқа инфекциялармен (мысалы, хламидиоз, цитомегаловирусты
инфекция, ЖИТС) ассоциацияланған жағдайда кесел үдемелі және өте ауыр түрде өтеді.
ЖИТС-пен ауырғандарды жиі өлімге апаратын бірден-бір себепкер токсоплазмоз болып
табылады. Ж.З.Трумованың (2001 ж.) деректері бойынша Қазақстанда ЖИТС-
ассоциацияланған токсоплазмоз 2,5% жағдайда кездеседі, ал басқа елдерде әлде қайда
жиірек байқалады (8,7-20%). Осындай ауруларда дамыған барлық энцефалиттың 25-тен
80% пайызға дейінгісінің токсоплазмоздық этиологиясы бар (В.В.Васильев, 2000).
Осындай жағдайда аурудың қанында токсоплазмаларға қарсы спецификалық антиденелер
табылмайды, ал сирек жағдайда токсоплазманы ликвордан табуға болады. Ликворды
центрифугалап,
препарат
жасап
микроскоппен
қарағанда
токсоплазмалардың
трофозоиттарын көруге болады, компьютерлік томографиямен ми тіндерінің зақымданған
аймағы мен диффузды энцефалит бейнесін байқауға болады. Ми биоптаттарында
токсоплазмалардың цисталарын және трофозоиттарын табуға болады. Полимеразалық
тізбектеу реакциясымен (ПТР) биоптаттарда және ликворда токсоплазмалық
антигендердің бар-жоғы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: