Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Болжамы. Жүре пайда болған токсоплазмозда-жағымды, ал туа пайда болған  токсоплазмозда қолайсыз болып табылады.  Диагностикасы



Pdf көрінісі
бет194/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Болжамы.
Жүре пайда болған токсоплазмозда-жағымды, ал туа пайда болған 
токсоплазмозда қолайсыз болып табылады. 
Диагностикасы.
Токсоплазмозды анықтау науқастың ұқыпты клиникалық 
тексерілуіне негізденіп, мүшелердің (ЭКГ, көздің түбін тексеру, бас сүйектің 
рентгенографиясы, бұлшықеттің зақымдануы) арнайы зерттеу мәліметтері де 
қосылатынын айтқан жөн. Диагноз қою лабораториялық зерттеулер нәтижесінің негізіне 
сүйене отырып атқарылады, өйткені токсоплазмоздың клиникалық әйгіленістері әртүрлі 
(полиморфты) болады. Кеселдің кезеңдеріне (жасырын түрінен айқын түріне дейін) 
байланысты лабораториялық диагноз қоюдың әртүрлі әдістері қолданылады. 
Микроскопиялық әдіс.
Ең үлкен диагностикалық маңыздылығы бар әдісі - 
паразитологиялық зерттеу. Ол микроскопия арқылы қанның боялған жұғындысында, 
жұлын сұйықтығының центрифугатында, лимфатикалық түйіндердің пунктатында немесе 


176 
көмекей бездердің биоптаттарында, сонымен қатар өліктің мүшелеріндегі гистологиялық 
кесілген ұлпалардың биоптаттарында қоздырғыштардың табылуына негізденеді. 
Жағынды дайындап, Романовский-Гимза әдісімен бояп, микроскопта қарайды. Ми 
тіндеріндегі токсоплазмаларын табу электронды микроскопта қараумен немесе төте 
иммундыфлюоресцентті әдіспен атқарылады. 
Биологиялық сынама
.
Зерттелетін заттардың (қан, органдардан алынған 
патологиялық бөлшектер) сығындыларын (экстрактысын) ақ тышқандардың құрсақ ішіне 
жұқтырады. Экссудаттардан немесе ақ тышқандардың органынан дайындалған 
препараттарда токсоплазмалардың табылуы токсоплазмоздың жедел түрі екенін көрсетеді. 
Серологиялық әдістерге
 
КБР, ПГАР, ЖИФР, ИФТ, Сэбин-Фельдман реакциясы 
(СФР) жатады. Соңғы әдіс сирек қолданылады, себебі реакция қою үшін тірі 
токсоплазмаларды қажет етуіне байланысты лабораториялық қызметкерлерге жұғу қауіпі 
бар. Олар ауруды жұқтырғаннан 1-2 аптадан кейін «оң» болады. Біз, З.Р. Сырғабаева және 
В.В. Воробьевамен (1966) бірлесе отырып, КБР қою үшін спирт-эфирлік экстракциялау 
әдісімен токсоплазмалық антиген дайындау тәсілін жасадық. Б.В. Каральник 
әріптестерімен бірлесе отырып ПГАР қою үшін иммунды реагент алу жолын енгізді, қазір 
ол Қазақстанда кең қолданылады. ИФТ, ЖИФР, ПТР ең сезімтал және спецификалық 
әдістер болып есептелінеді. 
Токсоплазминмен қойылатын тері-аллергиялық сынама.
Бұл әдіс тұрғындар 
арасында жаппай скринингті тексеру жүргізуге қолайлы. Оң нәтижелі сынама 
токсоплазманың тек қана бұрын жұққандығын және басқа әдістерді пайдаланып жете 
тексерудің қажет екенін көрсетеді. 
Оң серологиялық және аллергиялық реакциялар сау адамдарда (30% дейін) жиі 
кездеседі және басқа аурулармен ауыратын науқастарда, оларды бағалауда абайлау керек. 
Серологиялық реакцияның теріс нәтижелері және, әсіресе, токсоплазминмен терілік 
сынаманың теріс нәтижесі, созылмалы токсоплазмоз диагнозын жоюға мүмкіндік береді. 
Реакциялардың оң нәтижелері тек адамның токсоплазмалармен инвазияланғанын ғана 
көрсететіні анық. Диагностикалық маңызын олар тек науқастарда токсоплазмоз 
нышандары үшін сипаттық білінуді ғана табады: ұзақ субфебрилитет, созылмалы улану 
нышандары, лимфоаденопатия, жүрек бұлшықеттеріндегі өзгерістер, бауырдың ұлғаюы, 
мидағы және бұлшықеттердегі кальцификаттар, хориоретинит ошақтары. Жүкті әйелдерде 
сероконверсия маңызды диагностикалық мәнге ие болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет