178
Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
Синонимдері: битті бөртпе сүзегі, әскер сүзегі, аштық сүзегі, европалық сүзегі,
түрме қызбасы.
Анықтамасы.
Эпидемиялық бөртпе сүзегі – Rickettsia prowazekii қоздырғышымен
шақыралатын, жайылмалы пантромбоваскулитпен, циклдік ағымымен, қызбамен,
розеолезді-петехиальды бөртпемен, жүйке және жүрек-қан тамыр жүйелерінің
зақымдануымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Тақырыптың маңыздылығы.
Бұрын бұл ауру әлемнің барлық елдерінде
тіркелген. Бөртпе сүзегі әсіресе соғыс кездерінде қатты өршіген. Қазіргі кезде
эпидемиялық бөртпе сүзек тұрақты түрде Африка және Латын Америкада кездеседі.
Еуропада, Солтүстік Америкада, бұрынғы Совет Одағының құрамында болған
республикаларда Брилль ауруы кездеседі. Қазіргі жағдайда 40 жасқа дейін адамдарда
ауруға қарсы иммунитет жоқ, себебі бұл адамдар ауру қоздырғышымен кездескен жоқ.
Сондықтан, аурудың қоздырғышын бактериологиялық қару ретінде қолданса ауру
эпидемия түрінде таралады.
Тарихи мәліметтері.
Бөртпе сүзегін дербес нозологиялық түрге алғаш рет орыс
дәрігерлері Я.Щировский (1811 ж.), Я.Говоров (1812 ж.) және И.Франк (1855 ж.) бөлген.
Бөртпе сүзегін жұқтырудағы биттің рөлін тұңғыш рет Н.Ф.Гамалея 1909 ж. анықтаған. Ал
бөртпе сүзегінің қанға жұғуын өзіне-өзі тәжірибе жасау арқылы О.О.Мочутковский
дәлелдеген берген.
Этиологиясы.
Аурудың қоздырғышы Rickettsia prowazekii - майда, қозғалмайтын
спора мен капсула түзбейтін плеоморфты микроорганизм. Грам - теріс, Романовский-
Гимзе, П.Ф. Здродовский және Морозов бойынша күмістеу әдісімен боялады. Гемолизин
және эндотоксин бөледі. Термостабильды соматикалық антиген және термолабильды
түрге тән антигені бар. Адам организмінде эндотелиальды және мезотелиальды
жасушалардың цитоплазмасында, тышқанның өкпесінде, тауық эмбрионында және
тоқыма дақылдарында өмір сүреді. Төменгі температурада және кепкен күйінде биттің
нәжісінде ұзақ сақталады. Қыздыруға және дезинфекциялаушы заттардың жәй
концентрацияларына сезімтал. Антибиотиктерге жоғары сезімтал (тетрациклин,
левомицетин, эритромицин, рифампицин).
Достарыңызбен бөлісу: