Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет200/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Клиникалық көріністері. 
Эпидемиялық бөртпе сүзек бірнеше кезеңде өтетін 
циклдық жұқпалы ауру: 
1.
Инкубациялық кезең 6 күннен 25 күнге дейін, орташа 11-14 күнге созылады. 
2.
Бастапқы кезең бөртпе шыққанға дейін, 4-5 күнге созылады. 
3.
Өршу кезеңі – бөртпе пайда болғаннан дене қызуының қалпына келуіне дейінгі 
кезең, 4-5 күннен 8-10 күнге созылады. 
4.
Реконвалесценция немесе айығу кезеңі 2-3 аптаға созылады. 
Ауру көмескі, жеңіл, орташа ауырлықта және ауыр түрлерінде өтуі мүмкін. Бөртпе 
сүзегі субклиникалық түрде де өтуі мүмкін. Ауруға тән симптомокомплекс аурудың 
орташа ауырлықтағы түрінде жақсы байқалады. 
Эпидемиялық бөртпе сүзек жедел басталады, өте сирек, қысқы мерзімді 
продромальды кезең 6 сағаттан 2 күнге дейін болады. 
Аурудың 
бастапқы кезеңі
, ұзақтығы 3-4 күн, жылдам дене қызуы көтеріліп, 1-2 
күннің ішінде максимальды деңгейге - 39-40°-қа жетеді және басқа да интоксикация 
белгілері: қатты бас ауыруы, кейде бас айналуы, жүрегінің айнуы, әлсіздік, ұйқының


180 
қашуы, есту, көру, тактильды гиперестезиялар, науқастың мазасыздығы мен эйфория 
байқалады. 
Науқастың сыртқы пішіні – беті ісінген, қызарған, көзі жылтыраған, қызарған 
(«қоянкөз», «қызыл бетте қызарған көз»), ашық қызыл кеберсіген ерін, терісі ыстық, 
құрғақ. Аурудың 2-3-ші күнінде таңдайда майда қан құйылулар түрінде энантема 
анықталады (Розенберг-Винокуров-Лендорф симптомы). Аурудың ауыр түрінде 3-4 
күнінде конъюнктива қыртысында майда қан құйылулар анықталады (Киари-Авцын 
симптомы). Тахикардия, гипотония, кейде жүрек тондарының бәсеңдеуі болады. Көп 
науқастарда аурудың 3-4ші күнінен бастап спленомегалия болады. Диурез төмендейді: 3-4 
күннің соңында науқастың дене қызуы 1-2°С төмендейді, бірақ науқастың жағдайы 
жақсыармайды. Келесі күні дене қызуы қайта көтеріледі, интоксикация көріністері 
күшейіп, ОЖЖ-нің зақымдалғаны байқалады және экзантема пайда болады. Бұл өршу 
кезеңінің басталуына сәйкес келеді.
Өршу кезеңі
, бөртпе сүзектің клиникалық белгілерінің толық көрінуімен 
сипатталады, 8-12 күнге созылады. 4-5 күннен бастап дене қызуы белгілі бір деңгейде 
ұсталып (39-40°С) тұрады, көбінесе 8-9 және 12-13 күні дене қызуының төмендеп 
температуралық қисықта өзгерістер болады. Дене қызуының көтерілу дәрежесі және оның 
ұзақтығы аурудың ауырлығын және болжамын бағалаудың критерийі болады. 4-6 күннен 
бастап симпатикалық нерв жүйесінің зақымдалу белгілеріне сопақша мидың зақымдалу 
белгілері қосылады да – жедел менингоэнцефалит болады. Науқас шыдатпайтын бас 
ауыру, бас айналу, жиі құсуға, ұйқысы бұзылғанына шағым айтады. Айқын гиперакузия, 
фотофобия, тактильды гиперестезия дамиды. Ерте бульбарлы бұзылыстар – тілдің 
девиациясы, дизартрия, мұрын-ерін тұсындағы қатпарлардың жазылып кетуі, Говоров-
Годелье симптомы пайда болады - науқас тілін тісінен әрі қарай шығара алмауы және 
оның екпінді қозғалысы (тремор).
Әдетте, науқас мазасыз, эйфория жағдайында, кейде тітіркенгіш, дөрекі болады. 
Бөртпе сүзектің ауыр түрі 7-8-ші күні дамиды: кеңістік пен уақытта науқас бағытын
жоғалтқан, төсектен тұрып кетеді, қашып құтылғысы келеді, асығыс, айқын емес, 
байланыссыз сөйлейді. Көзіне, құлағына қорқынышты елестер (галлюцинациялар) 
көрінеді, сондықтан дәрігерге қаралуға келіспейді, агрессивті болады. Аурудың 
ауырлығына байланысты делириозды синдромның ұзақтығы 7-8 күнге созылады. 
Психикалық бұзылыстармен бірге желке бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг, 
Брудзинский симптомдары және басқа менингиальды симптомдар «оң» болады. Жұлын 
сұйықтығында серозды менингитке тән көрсеткіштер анықталады. 
Бөртпе сүзектің өршу кезеңінің 4-5-ші күніндегі айқын, патогномиялық белгісі-
экзантема. Бөртпе розеолезды немесе розеолезды-петехиальды сипатымен, полиморфты 
элементтерімен сипатталады. Олардың көптігімен және бір мезгілде пайда болуымен 
ерекшеленеді. Розеолалар майда, тегіс теріден шығып тұрмайды, шеттері тегіс емес, 
өлшемі әр-түрлі, саусақпен басқанда жоғалып кетеді. Аурудың 5-6-шы күнінде, кейде 1 
күнінен бастап розеолалардың ортасынан екіншілік петехиялар пайда болады. Біріншілік 
петехиалар да табылады. Бөртпелердің көп және полиморфты болуы клиницистерге 
бөртпе сүзекпен ауырған науқастың терісін «жұлдызды аспанмен» салыстыруға мүмкіндік 
береді. Әдетте бөртпе кеуде терісінде, дененің бүйір беттерінде, арқада пайда болады, 
сонан соң аяқ-қолдың бүгілетін беттеріне таралады. Ауыр жағдайларда бөртпелер ерте 
геморрагиялық сипат алады, жаңа элементтері пайда болады, бірақ олар өте сирек бетке, 
алақанға және табанға таралады. Аурудың жеңіл түрлерінде петехиалды элементтер 
болмауы мүмкін, бірақ жгут салғанда анықталады. 
Бөртпе элементтері 7-9 күн ішінде жойылады, ал петехиялар жеңіл пигментация 
түрінде сақталынады. 8-15% науқастарда бөртпе сүзек өзіне тән бөртпесіз өтуі мүмкін, 
бірақ бұл жағдайда тамырлардың жоғары сынғыш синдромын анықтауға болады 
(«шымшу», «жгут», Румпель-Лееде-Кончаловский симптомдары). Аурудың өршу 
кезеңінде жүрек-қан тамырлар қызметтері бұзылып, тахикардия, айқын гипотония 


181 
белгілері күшейіп, шок дамуы мүмкін. Жүректің шекаралары кеңейіп, тондары 
тұйықталады. Электрокардиографиялық зерттеулер вольтаждың төмендегенін, екі 
фазалық және Т- тісінің изоэлектрлігін, арақашықтығының ауытқығанын анықтайды. 
Бөртпе сүзекпен ауырғандарда заңды түрде спленомегалия, ал 2-аптадан бастап 
гепатомегалия анықталынады. Тілі құрғақ болады, көбіне қара-қоңыр өңезбен жабылған 
(«фулигинозды тіл»). Зәр шығару жүйесі де зақымдалады, бел тұсында ауру сезімі 
байқалады, олигурия, альбуминурия және цилиндрурия пайда болады. Аурудың ауыр 
түрлерінде қуықтың сфинктері мен бұлшық еттерінің иннервациясы бұзылуынан 
парадоксальды ишурия дамиды. 
Аурудың осы кезеңінде науқастың гемограммасынан аздаған нейтрофильды 
лейкоцитоз 
және 
моноциттердің 
санының 
ұлғаюын, 
плазматикалық 
Тюри 
жасушаларының пайда болғанын (10% дейін), ЭТЖ жоғарылағанын анықтайды.
Бөртпе сүзектің өршу кезеңінің соңында дене қызуы көбінесе ремиттерлеуші сипат 
алады. Аурудың 12-14-ші күні критикалық немесе кризолитикалық түрде қалыпты 
деңгейге төмендейді. 
Айығу кезеңі
. Бөртпе сүзектің айығу кезеңі интоксикация және жүйке жүйелерінің 
зақымдалу белгілерінің жойылуымен, бауыр мен көкбауырдың мөлшерлерінің қалпына 
келуімен сипатталады. Айығу кезеніңде көп науқастарда әлсіздік, құлағына шу естілу, 
гипотония, астеникалық синдром ұзаққа сақталады. Дене қызуының критикалық 
төмендеуі, әсіресе жүрек – қан тамыр жүйесі зақымдалған науқастарды коллапс 
жағдайына әкеледі. 
Аурудың алғашқы 2 аптасында сирек жағдайларда қысқа уақытты рецидивтер 
байқалады. 
Эпидемиялық бөртпе сүзектің клиникалық көріністері аурудың ауырлық түрлеріне 
байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Айқын гиперпирексиямен (41-42°С), геморрагиялық 
синдроммен немесе менингоэнцефалит симптомдарының басым болуымен өтетін ауыр 
варианттары дамуы мүмкін. 
Бөртпе сүзек ауруының 2-5-ші күндерінде науқастың өліміне әкелетін тез дамитын 
«найзағай тәрізді» түрлері кездеседі. Ауыр түрлерімен қатар қысқа уақытта дене 
қызуымен, бөртпесіз немесе атипиялық бөртпелермен өтетін айқын емес амбулаториялық 
варианттары байқалады: бұл түрлері сероэпидемиологиялық зерттеу кезінде 
анықталынады. Бөртпе сүзек балаларда жиі жеңіл түрінде өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет