Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет201/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Асқынулары.
Бөртпе сүзектің өтуі бірқатар асқынулармен ауырланады. Аурудың 
өршу кезеңінде, көбінесе жүрек – қан тамыр жүйесі зақымданған адамдарда жүрек немесе 
қан тамыр жетіспеушілігі дамиды, бұл бөртпе сүзектен өлудің бір себебі болады. Қан 
тамырларының зақымдалуына байланысты бірқатар науқастарда жара ( пролежни ) пайда 
болады. Аяқ – қолдың дисталді бөліктерінде гангрена, тромбоз, тромбоэмболия және 
тромбофлебиттер дамиды. 
Екіншілік инфекцияның қосылуы пневмония, іріңді отит, паротит, стоматит, тері 
астындағы шел қабатының флегмонасының дамуына әкеледі. 
Диагностикасы. Б
өртпе сүзекте ең маңыздысы науқасты аурудың алғашқы 4-ші 
тәулігінде анықтау ( 4 күн заңы деп аталады ), себебі инфицирленген қан сорғаннан кейін 
4-ші күннен бастап бит жұқпалы болады, дене қызуының көтерілуіне байланысты 
науқастың денесін тастап, сау адамның денесіне өтіп, оған риккетсияны жұқтырады. 
Эпидемиялық бөртпе сүзектің ерте диагностикасы клиникалық және эпидемиологиялық 
мәліметтерге негізделеді. Бастапқы кезеңінде бөртпе сүзекпен Брилл ауыруын грипп,
пневмония, менингококты инфекция, геморрагиялық қызбамен дифференциальды 
диагностика жүргізу қажет, өршу кезеңінде іш сүзегі мен паратифтермен,эпидемиялық 
қайталама тифпен, басқа да риккетсиоздармен, сепсиспен, жұқпалы мононуклеозбен, 
орнитоз, қызылша, сифилис, дәрілік аурумен, трихиниллезбен, флеботомды қызбамен 
және әртүрлі эритемалармен жүргізеді. Серологиялық реакциялар тек аурудың 
басталуындағы 4-7 күндері ғана оң болады. Эпидемиялық өршу уақытында, 


182 
эпидемиологиялық мәліметтерге байланысты диагноз жеңілдейді. Бөртпенің пайда болу 
мерзімі мен сипаты, бетті қан кернеу, Розенберг энантемасы, Киари-Авцын дағы, жүйке 
жүйесі жағынан болған өзгерістер - мұның бәрі бірінші кезекте іш сүзегінен 
дифференциялауға мүмкіндік береді. Экзантемамен өтетін басқа жұқпалы аурулардан да 
дифференциялау керек, соның ішінде, өзге риккетсиоздардан (эндемикалық бөртпе сүзегі, 
Солтүстік Азияның кене риккетсиозы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет