Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет209/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Диагностикасы.
Кенелік энцефалитті менингиттерден, энцефалиттерден, полиомиелиттен, ми 
тамырларының зақымдалуынан, түрлі генезді комаларынан, орталық жүйке жүйесінің 
ісігінен, мидың абсцесстерінен, лептоспироздан, бүйрек синдромымен сипатталатын 
геморрагиялық қызбадан, солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегінен, Лайм ауруынан 
және басқа ОЖЖ ауруларынан ажырату керек. 
Кенелік энцефалит жағдайын стандартты анықтау: 
Аурудың күмәнді жағдайы 
құрастырылмаған, себебі аурудың клиникалық 
көріністері полиморфты сипатта болады. 
Аурудың ықтимал жағдайы
: Жедел басталатын, ауыр дәрежеде өтетін айқын 
уланумен, жоғары қызбамен, менингит және менингоэнцефалиттің дамуымен 
сипатталатын ауру және келесі белгілердің аз дегенде төртеуінің болуы:

беттің қызаруы және ісінуі; 

әлсіздік және қозу; 

бастың ауыруы; 

жүрек айну және құсу; 

оң менингеальды нышандар. 
Және 
Келесі эпидемиологиялық мәліметтердің біреуі: 

кененің шағуы 

кенемен контакта болу 

расталған жағдаймен эпидемиологиялық байланыс 
Аурудың дәлелденген жағдайы
.
Келесі айтылғандардың біреуі болу тиіс: 

Қаннан немесе жұлын сұйықтығынан вирусты бөлу; 

ПТР арқылы кенелік энцефалит вирусының РНҚ анықтау; 

ИФА әдісімен сарысуда немесе жұлын сұйықтығында кенелі энцефалит вирусына 
қарсы IgM класындағы антиделерді анықтау; 

кенелі энцефалит вирусына қарсы IgM антиделердің титрінің төрт және одан да көп 
есе өсуі. 
Емдеуі.
Науқастар ауруханада жатқызылады, аурудың жедел кезеңінде, организмнің 
улану нышандары жойылғанша, науқасқа төсек тартып жату белгіленеді. Қозғалысқа 
дерлік толық шек қою қажет, науқасты тасудан сақтау керек. 
Этиотропты терапия ретінде науқасқа кенелік энцефалитке қарсы донор 
иммуноглобулині (күн сайын 3-12 мл, 3 күн ішінде) белгіленіп, ал аурудың ауыр түрінде 
оны күніне 2 рет, 6-12 мл мөлшерінде, 12 сағат аралығында жүргізіп, келесі күніне 1 
реттен. Қызбаның 2-ші толқыны пайда болса, препаратты қайталап җүргізуді талап 
ететіні мәлім. Гамма-глобулинді қаншалықты ерте жүргізсе, соншалықты емнің әсері тез 
басталатыны айқын. 
Соңғы жылдары вирусқа қарсы препараттар ретінде, интерферон (реаферон, 
лейкинферон және т.б.) және эндогендік интерфен индукторы (амиксин, циклоферон, 
және т.б.) табылып, кең қолданылуда.


190 
Патогенетикалық еміне дезинтоксикациялық және менингит кезінде дегидратациялық 
терапия жатады, аурудың ауыр ағымында асқынуларды алдын алу және олармен күресу 
шаралар 
тағайындалады. 
Менингоэнцефалиттік, 
полиомиелиттік 
және 
полирадикулоневриттік түрлерінде кортикостероидтар белгіленетіні анық. Бульбарлы 
бұзылыстар арқылы дамитын жұтқыншақ пен тыныс алудың зақымдануында, тыныс 
алудың жетіспеушілігі қалыптасқанда науқасты өкпенің жасанды вентиляция аппаратына
қосу керек.
Гипоксиямен күрескенде, дымқылданған оттегі мұрын түтігі арқылы жүргізіліп (әр 
сағат сайын 20-30 минуттан), гипербарикалық оксигенация қолданылып (10 сеанс қысым 
бойынша РО2-0,25 МПа), нейроплегин және антигипоксанттар (натрий оксибутират 
немесе седуксен) пайдаланылып, психомоторлы қозуда литийлық қоспа пайдаланатыны 
мәлім. Гиперкинетикалық синдромды емдеу үшін, ноотропил немесе пирацетам 
белгіленеді, миоклоникалық ұстама пайда болғанда - натрий оксибутират тамыр ішіне 
енгізіледі. 
Аурудың реконвалесценция кезеңінде витаминдер В тобындағы, прозерин, дибазол, 
антигистаминдік препараттар белгіленеді.
Реконвалесценттер невропатологтардың диспансерлі бақылауында болуы тиісті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет