Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет210/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Алдын алу шаралары.
Ошақтарда кенелердің шабуылына қарсы қорғаныс 
шараларын жүргізу керек - кенелерге қарсы комбинезондар, репелленттер, өзара жедел 
қашықтаумен, көре түскен кенелерді жою керек. Шаққан кенелерді көріп қалғаннан соң, 
оларды жою керек, кенелер шаққан соң 1-нші тәулік ішінде донор иммуноглобулині 
пайдаланылу керек (титр 1:80 және жоғары) бұлшықет ішіне 1,5 мл мөлшерде, балаларға 
12 жасқа дейінгі, ал 12- ден-16 жасқа дейінгілерге –2 мл, 16-дан жоғарыларға-3 мл. 
Эпидемиялық көрсеткіш бойынша, арнайы вакцинопрофилактика жүргізіледі-1-1,5 
айдан, кенелердің белсенді мезгіліне дейін, ұлпалық белсенділігі жойылған немесе тірі 
аттенуирленген вакциналар қолданылады (1 мл тері астына 3 рет қысқа аралықта). 
Вакцинаның күші 3 айдан 1 жылға дейін сақталады. 
 
ЖҮЙЕЛІК КЕНЕЛІК БОРРЕЛИОЗ 
Синонимдері: Лайм-боррелиоз, Лайм ауруы (ЛА), т.б.
 
Анықтамасы
. Жүйелік кенелік боррелиоз – Вorrelia burgdorferi қоздыратын,
трансмиссивті механизмен таралатын, полиморфты клиникалық көріністерімен 
сипатталатын (эритема, қызба, жүрек, жүйке жүйелері, ірі буындар) табиғи-ошақты 
жұқпалы ауру.
Тарихи мәліметтер. 
Бұл аурудың әр түрлі клиникалық көріністері әр түрлі дара 
аурулар немесе синдромдар ретінде жазылған – созылмалы көшпелі эритема, Афцелиус 
эритемасы, кенелік менингополиневрит, сақина тәрізді көшпелі эритема және т.б. 
1975 ж. А.Стиир Коннекктикут штатындағы Лайм қаласының тұрғындарында иксод 
кенелер шаққан әсерінен қабынулық артропатия туралы жазған. 1982 ж.У.Бургдорфер 
Ixodes dammini кенелерінен қоздырғышты бөліп алды. Бұл қоздырғыштың қасиеттері 
трепонемалар мен боррелияларға ұқсас. 1984 ж. Лайм ауруының қоздырғышын боррелия 
тобына кіргізіп, оған Вorrelia burgdorferi деп атаған. Кейін бұл қоздырғыш аурулардан 
басқа елдерде, сонымен қатар Ресейде де бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет