Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет213/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Диагностикасы.
Клиникалық көріністерге, эпидемиологиялық мәліметтерге
негізделіп, серологиялық әдістермен дәлелденеді. Лайм ауруын кенелік энцефалиттен, 
менингинттен, менингоэнцефалиттерден, артриттерден, ревматизмнен, миокардиттерден, 
дерматиттерден, т.б. аурулардан ажырату керек. Көшпелі эритема - аурудың клиникалық 
маркері. 
Кең қолданылатын серологиялық әдістер: тікелей емес иммуно- флюоресценция 
реакциясы және энзим-белгіленген антиденелердің реакциясы (ELISA). 
Сонымен қатар, полимеразалық тізбектік реакция қолданылады.
Емдеуі.
1) этиотропты ем:
-тетрациклин 0.5 х 4р/тәулігіне немесе доксициклин 0,1 х 2р/т-10 күн; 
- амоксициклин 30-40 мг/кг/т (ішке) немесе 50-100 мг/кг\т көк тамырға, (8 жасқа 
дейіңгі балаларға); 
- пенициллин 500 мың ЕД Х 8 р/т (бұлшық етке) – 14 күн; 
- цефтриаксон 1-2 г/т (14-21) күн. 
Микст-инфекция жағдайында (Лайм ауруы және кенелік энцефалит) 
антибиотиктермен қатар кенеге қарсы гамма-глобулин қолданылады. 
2) Патогенетикалық ем:
- дезинтоксикация 
- дегидратация (менингит кезінде)
- панангин немесе аспаркам, рибоксин (жүрек зақымдалған жағдайда); 
- тималин 10-30 мг/күніне – 10-15 күн (иммунодефицит жағдайында); 
- стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (аутоиммунды реакциялар 
дамыған жағдайда). 
Алдын алу шаралары.
Арнайы профилактикасы табылмаған. Кененің шағуынан 
сақ болу қажет. Арнайы емес профилактика кенелік энцефалиттікіндей. 
ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАЛАР
Анықтамасы. 
Геморрагиялық қызбалар (ГҚ) – қызбамен, интоксикация 
белгілерімен, 
капилляротоксикоздың, 
геморрагиялық 
синдромның 
дамуымен
сипатталатын вирусты табиғи-ошақты жұқпалы аурулар. 
Геморрагиялық синдромды әр түрлі патогендер қоздыру мүмкін: 

Бактериальды сепсис (
Neisseria meningiditis


Риккетсиоздар (Жарлы таулардың қызбасы) 

Спирохетоздар (Лептоспироз) 

Вирустар (Filoviridae, Arenaviridae, Bunyaviridae, и Flaviviridae) 
 
Вирустар 4 таксономиялық түыстыққа жатады:
Филовирустар (Filoviridae)


193 
Аренавирустар (Arenaviridae)
Буньявирустар (Bunyaviridae)
Флавивирустар (Flaviviridae 
Олардың құрамында бір жіпшелі РНҚ бар. 
Вирусты геморрагиялық қызбалардың патогенезінің толық зерттелмеген, негізгі 
дамитын патогенетикалық механизм вирустың түрімен байланысты болады: 

вирустың тікелей цитопатогендік әсері; 

тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауы, олардың бүтіндігінің бұзылуы және 
қандағы вазобелсенді заттардың (тромбоциттер, кининдер, адреналин және басқа 
биологиялық белсенді заттардың) алмасуы; 

микроциркуляцияның бұзылыстары; 

иммунологиялық механизмдер, арнайы антиденеледің түзілуі, гиперэргиялық 
жауаптың дамуы; 

қан ұю факторларының азаюы; 

ТШҚҰ-нышанының әртүрлі дәрежедегі көрінісінің құрылуы; 
Вирусты геморрагиялық қызбалардың клиникалық синдромдарына жатады: 

қызба 

интоксикация синдромы: әлсіздік, бастың ауруы, бастың айналуы, жүректің 
айнуы, құсу

айқын миалгиялар, артралгиялар, іштің ауруы 

геморрагиялық синдром: геморагиялық бөртпелер, қан құйулар, қан кетулер 
Қазақстанда Қырымдық геморрагиялық және бүйрек синдромымен сипатталатын 
геморрагиялық қызбалар тіркелген. Олардың қоздырғыштары буньявирустар тобына 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет