Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет214/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Тақырыптың өзектілігі.
Қазіргі кезде адамдар арасында 20 геморрагиялық қызба 
ауруы кездеседі. Геморрагиялық қызбалардың кең тараған жерлері - Өзбекістан
Тәжікстан, Үндістан, Пакистан, Араб Эмираттары. Инфекцияның негізгі резервуары –
жануарлар: приматтар, кеміргіштер, ірі қара мал, кенелер және т.б. болып табылады. 
Жануарларда әдетте вирустың ұзақ персистенциясымен латентті инфекция дамиды. 
Геморрагиялық қызбаларға қабылдаушылық жоғары. Қауіп-қатер топтарына жануарлар 
және жабайы табиғат объектілерімен тығыз кәсіби байланыста болған адамдар жатады 
(аңшылар, орманшылар, геологтар, ағаш кесушілер, ауыл шаруашылық жұмысшылары,
жануарлар мен аңдар фермаларының жұмысшылары).
Аурудың ең ауыр түрі алғашқы 
табиғи ошақтарға кірген адамдарда байқалады, жергілікті тұрғындарда геморрагиялық 
қызбаның жеңіл және субклиникалық түрі жиі дамиды.
Ресейде бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба (БСГҚ), 
Қырымдық геморрагиялық қызба (ҚГҚ) және Омбылық геморрагиялық қызба (ОГҚ) 
тіркелген. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Қырымдық геморрагиялық қызба 
Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында тіркелген.
2001-2002 жж. бастап Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен сипатталатын 
геморрагиялық қызба тіркелген.
Геморрагиялық қызбалардың қоздырғыштарын биологиялық қару ретінде қолдануға 
болады. 
ҚЫРЫМДЫҚ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА (ҚГҚ) 
Анықтамасы. 
Қырымдық-Конго геморрагиялық қызба

интоксикация, қызба, 
геморрагиялық синдромдармен сипатталатын вирусты трансмиссивті табиғи-ошақты ауру. 
Тарихи мәліметтер.
Қырымдық геморрагиялық қызба алғаш рет 1944-45 ж. Қырымда 
Чумаков М.К. және оның еңбектестерімен анықталған. Ұқсас ауру 1956 ж. Конгода 
анықталған. Вирус 1967 ж. бөлінген. Сондықтан аурудың атауы Қырым-Конголық 


194 
геморрагиялық қызба болды. Кешірек Краснодар және Ставрополь өлкелерінде, 
Астрахань, Ростов облыстарында, Қазақстанда, Өзбекістанда, Түркменістанда, 
Азербайджанда анықталған. 1956-69 ж. қызба ошақтары Болгария, Югославия, Венгрия, 
Африка, Үндістан, Пакистан елдерінде тіркелген. 
Қазақстанда ҚГҚ 1948 ж. бастап тіркелген. Сонғы 27 жыл аралығында Қазақстанда 
503 науқас анықталған. Жамбыл облысында 266 науқас (52,8%), Оңтүстік Қазақстан 
облысында – 118 (24,5%), Қызылорда облысында – 113 (22,5%) ресми түрде тіркелген. 
Ауру спорадикалық түрде болған. Сырқаттанушылдық 100 мың. тұрғындарға шаққанда 
0,02 - 0,07. Кей жылдары (1989,1995,1999, 2000, 2001) аурудың індет ретінде өршу 
жағдайлары тіркелген. Сол жылдары 90, 48, 48, 40, 31 адам ауруға шалдыққан.
Жамбыл облысында ҚГҚ табиғи ошағы 1982 ж. анықталған. Табиғи ошақтың 
территориясында Сарысу және Мойынқұм аудандарының 6 аймағы орналасқан. 
Аурудың резервуары және тасымалдаушысы Hyalomma asiaticum кенелері болып 
табылды. Өлім-жітімділік көрсеткіші 7,9%.
Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ауру 1948 ж. тіркелген. Ауру Оңтүстік 
Қазақстан облысының 12 ауданында, Шымкент қаласында анықталған. Аурудың 
резервуары және тасымалдаушысы Hyalomma anatolicum және Hyalomma detrium
 
кенелері болып табылды. Өлім-жітімділік көрсеткіші - 21,7%. 
Қызылорда облысында алғаш рет ауру 1964 ж. тіркелген. Аурудың резервуары және 
тасымалдаушысы Hyalomma asiaticum және Dermacenter marginatus
 
кенелері болып 
табылды. Өлім-жітімділік көрсеткіші - 11,4%. 
Науқастардың жасы 21-50 аралығында болған, жиі ер адамдар ауырған (73,3%), 
олар малшарушылығында жұмыс істеген (70%). Трансмиссивті жолмен бірге ауру 
кенелердің қаны теріге, шырышты қабаттарға түскенде берілген.
Атырау, 
Алматы 
облыстарында 
науқастар 
тіркелмеген, 
бірақ 
аурудың 
тасымалдаушылары бар. Ресеймен шекаралас Батыс Қазақстан облысында вирустармен 
инфицирленген кенелер анықталуда. Ресейде жыл сайын 300-500 науқас тіркеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет