Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет216/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Клиникасы.
Инкубациялық кезең 1-14 күнге созылады (орташа 3-5 күн, кенелер 
шаққанда - 1-3 күн, қан арқылы жұққанда 5-6 күн). Кене шаққан орнында қышу және 
қызу сезімдері пайда болады. Аурудың 3 кезеңін бөледі: бастапқы, өршу, 
реконвалесценция.
Бастапқы кезең 3-6 күнге созылады. Ауру жедел басталады – қалтырау, дене қызуы 
39-40°С, бас ауыру, бас айналу, лоқсу, бұлшықет, буындарда, іште, белде ауыру сезімі, 
бүкіл дененің ауыруы, ауыздың құрғауы байқалады. Кейде қайталап құсу болады. 
Объективті: науқастың беті, мойыны, кеуденің жоғарғы бөлігі, конъюнктивасы қызарған.
Склера, жұмсақ таңдай, тілшік қан тамырларының инъекциясы, артериялық қысымының 
төмендеуі, салыстырмалы брадикардия байқалады. Кейбір ауруларда герпестік бөртпелер 
байқалады. Шеткі қанда лейкопения, нейтрофилді формуланың солға жылжуы, 
тромбоцитопения, ЭТЖ-ң жоғарылауы анықталады. 
Өршу кезеңі 3-6 күнге созылады, дене қызуы аз уақытқа төмендеген соң 
геморрагиялық синдром дамуымен сипатталады: іштің, кеуде, бүйір бөліктерінің 
терісінде, иық, белдеуі кейде арқа, қолдар, сандар, шап аймағында петехиальды бөртпелер 
пайда болады, мұрыннан, жатырдан қан кетулер, қан түкіру, иектің қанталауы, 
макрогематурия, инъекциялардың орнына гематомалар пайда болады. Экзантема 
элементтері 5-8 см дейін жетеді. Ауыр науқастарда пурпура, экхимоздар, асқазан мен 
ішектен қан кетулер болады. Жеңіл ағымды түрінде экзантема розеола немесе эритема 
түрінде болады. Бір қатар науқастарда асқынулар пайда болуы мүмкін: пневмония, өкпе 
ісінуі, 
тромбофлебит, 
инфекциялық-токсикалық 
шок, 
бауыр-бүйректің 
жедел 
жетіспеушілігі, миокардит. Бір мезгілде әлсіздік, ұйқышылдық күшейіп, құсу жиілейді. 
Науқастар тежеліп, есінен тануы мүмкін, 10-25% жағдайдада менингеальды симптомдар, 
қозу, тырысу, кейде кома болады. Брадикардия орнына тахикардия дамиды, жүрек 
тондары бәсеңдейді, АҚ төмендейді, метеоризм байқалады. 20-25% науқастарда бауыры 
ұлғаяды, оның функциясы бұзылады, кейде бауырдың жедел жетіспеушілігі дамиды. Бел 
аймағында ауыру сезімі, Пастернацкий симптомы «оң» болады. Кейбір науқастарда 
протеинурия, цилиндрурия, гематурия, меншікті тығыздығы төмендейді. Бірақ бүйректің 
жедел жетіспеушілігі үнемі байқалмайды, олигоурия, гиперазотемия, гипоизостенурия тек 
кейбір науқастарда байқалады.
Шеткі қанда гипохромды анемия, лейкопения күшейеді, лейкоциттердің саны 
1,2х10
9
- ге дейін, жас миелоциттер пайда болады, миелобластарға дейін жылжу, 
нейтропения, тромбоцитопения (1 мкл-де 50-20000), ЭТЖ-ң жоғарылауы. 
Қызба 1-14 күнге созылады, ауруға 2 толқынды температуралық қисық сызығы тән. 
Реконвалесценция кезеңі дене қызуы қалыпқа келгеннен соң және оның қайталануы 
жойылғаннан соң басталады. Бұл кезең ұзаққа созылады (1-2 ай), әлсіздікпен, тез 


196 
шаршағыштықпен, психостениямен сипатталады. Науқастың жалпы жағдайы баяу 
жақсарады. Рецидивтер пайда болуы мүмкін. Эндемиялық аудандарда кейде ҚГҚ-ның 
геморрагиялық синдромсыз абортивті түрлері кездеседі. 
Болжамы қауіпті, өлім-жітімділгі кейде 40% жетеді. Өлім инфекциялық-
токсикалық шок, массивті қан кету, бауыр-бүйректің жетіспеушілігінен туады. 
Диагностикасы.
ҚГҚның клиникалық диагностикасы аурудың жедел басталуына, 
екі толқындық қызбаның дамуына, айқын интоксикация және геморрагиялық 
синдромдарының дамуына, тромбоцитопенияға негізденеді. Эпидемиологиялық 
мәліметтерге сүйену қажет. 
Лептоспироз, бөртпе сүзегі, Шенлейн-Генох ауруы, Верльгоф ауруы, 
менингококкты инфекция, грипп, жедел лейкоз, басқа геморрагиялық қызбалармен 
салыстырмалы диагностика жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет