Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет212/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Клиникасы.
Лайм ауруының ағымында ерте және кеш кезеңдерді ажыратады. Ерте 
кезеңін бірнеше сатыға бөледі: I сатысы – жергілікті инфекция; II сатысы – 
боррелиялардың әр түрлі мүшелерге шашырауы (диссеминациялануы). Кеш кезеңге 
үшінші сатысы жатады: инфекцияның қандайда бір мүшеде немесе тінде 
персистенциялануы. Кейбір жағдайларда кезеңділік байқалмайды.
Ерте кезеңде аурудың эритемалық және эритемалық емес түрлерін ажырады. 
Қоздырғыштың диссеминациялану сатысында басым болған симптомдарға қарап, 
клиникалық ағымның бірнеше варианттарын бөледі: қызбалық, невриттік, менингеалді, 
кардиалді, аралас. 
Аурудың ауырлығы бойынша жеңіл, орташа ауыр, ауыр және өте ауыр түрлерін 
ажыратады.
Инкубациялық кезең 1-20 күн (көбінесе 7-10 күн). 
Ауру әдетте жеделдеу басталады. 
Кененің шаққан орнында ауру сезімі, қышу, ісіну және қызару пайда болады. 
Науқас бастың ауыруына, әлсіздікке, жүрек айныуына, кененің шаққан орнында 
сезімталдықтың бұзылуына шағымданады. Осы уақытта теріде эритема пайда болады. 
Дене қызуы 38ºС-қа дейін жоғарылайды. Қызба кезеңі көбінесе 2-7 күн болады.
Алғашқы зақымдану орнында везикула және некроз (біріншілік аффект) дамиды. 
Көшпелі (миграциялаушы) эритема 3-32 күннен кейін қызыл түсті макула немесе 
папула түрінде пайда болады. Эритема өлшемдері әр түрлі – 3-70 см дейін болуы мүмкін. 
Кейбір жағдайлардарда ауру кене шаққан орнындағы жергілікті өзгерістермен 
шектеледі. Ал басқа науқастарда екіншілік эритемалар пайда болуы мүмкін. Терілік 
симптомдар бастың ауыруымен, қызбамен, қалтыраумен, миалгиялармен, артралгиямен, 
мойын бұлшық еттерінің кернеуімен қатар жүреді. Кейде жайылмалы лимфаденопатия, 
құрғақ жөтел, конъюктивит байқалды. 
Науқастардың 15%-де жүйке жүйесінің зақымдалу белгілері дамиды. Серозды 
менингит, менингоэнцефалит және перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалу белгілерін 
ажырату керек. 


192 
- сенсорлық симптомдар – миалгиялар, невралгиялар, плексалгиялар, 
радикулоалгиялар;
- амиотрофиялық синдром (сегментарлы радикулоневрит, бет нервінің 
невриті, жойылмалы полирадикулоневрит, Баннварт синдромы, миелит) 
- кейде паралитикалық синдром.
Бірнеше апта ішінде жүректің зақымдалу белгілері пайда болуы мүмкін: көбінесе 
атриовентрикулярлы блокада, өткізгіштіктің бұзылулары, ырғақтың бұзылулары; кейде 
миоперикардит, дилятациялық миокардиопатия, немесе панкардит. 
Кеш кезеңге ірі буындардың олигоартриті тән. Бірнеше уақыт өткенде остеопороз, 
субартикулярлы склероз, остеофитоз, т.б. созылмалы қабынуға тән белгілері дамиды. 
Жүйке жүйесінің кеш зақымдалулары созылмалы энцефаломиелитпен, атаксиямен, 
деменциямен, т.б. көрінеді. 
Лайм-боррелиоздың асқынулары өте сирек, резидуалді құбылыстар түрінде 
кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет