191
burgdorferi s.s - Лайм-артрит, В.abgelii - созылмалы атрофиялық
дерматит шақыратыны
туралы мәліметтер алынған.
Эпидемиология:
Лайм ауруының табиғи ошақтары орташа климаттық белдеу
ормандарында орналасады.
Аурудың негізгі көзі
және табиғи резервуары – жабайы (кеміргіштер,бұғылар,
құстар) және үй (мысық, ит, қой, ірі қара мал) жанурлары. Олар қоздырғыщты сыртқы
ортаға зәр арқалы бөледі. Адамнан адамға боррелиоз жұқпайды.
Берілу механизмі
– трансмиссивті, иксод кенелер (Ixodes ricinus, I. dammini,
Ambliomma americanus) арқылы. Олардың боррелиярымен табиғи залалдануы 8-61%.
Кенелерде боррелиалар трансовариальды беріледі.
Адамдардың боррелиозды қабылдаушылығы өте жоғары. Орта жастағы (20-50)
адамдар
жиі аурады, олардың ішінде ерлер (аңшылар, малшылар), туристер,
саңырауқұлақ, жеміс жидек жинап жүрген қала тұрғындары.
Маусымдылығы: көктем-жаз айлары.
Патогенезі.
Кененің шаққан орнында қабыну-аллергиялық реакциялар дамып, Лайм-
ауруына сай эритема пайда болады. Ауру үдегенде боррелиялар гематогенді (мүмкін,
лимфогенді) жолдарымен ішкі мүшелерге,
буындарға, лимфалық мүшелерге тарайды.
Боррелиялар ми қабықшаларына, плацента арқылы өтуі мүмкін. Қоздырғыш мүшелер мен
тіндерге түскенде иммундық жүйе тітіркеніп, жайылмалы және жергілікті гипериммунды
жауап дамиды. Теріде, тері асты май шелқабатында, лимфа түйіндерде, көк бауырда, мида
шеткілік ганглийлерде лимфоплазматикалық инфильтраттар түзіледі. Боррелиемияның
кеш
немесе әлсіз болуы, аутоимунды реакциялардың дамуы,
қоздырғыштың жасуша
ішінде персистенциялау мүмкіндігі инфекцияның созылмалы түріне әкеп соғуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: