Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет205/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Клиникасы.
Брилль ауруы эпидемиялық бөртпе сүзек заңдылықтарына 
бағынады. Бірақ одан айырмашылығы симптомдарының белсеңділігі төмен болады. 
Бастапқы кезеңнің 
ұзақтығы 3-4 күн, айқын емес интоксикациямен, бас ауыру, 
ұйқысы келумен, дене қызуының 38-39° С көтерілуімен сипатталады. Экзантема аз 
байқалады - 20% жағдайларда. 
Өршу кезең
әдетте 5-7 күннен аспайды да, 38-39°С шамасындағы ремиттерлеуші
немесе сирек қалыпты типтегі гипертермиямен сипатталады. 
ОЖЖнің зақымдалу белгілері айқын емес, эпидемиялық бөртпе сүзектің жеңіл және 
орташа ауырлықтағы түрлеріне сәйкес келеді. Науқастарда бас ауру, кейде өте күшті, 
ұйқысы бұзылу, эйфория және жоғары сөйлегіштік байқалады. Гиперестезия болмайды. 
Науқастың ақыл - есі бұзылмайды, бірақ кейбір науқастар қорқынышты түстер көреді. 
Сопақша мидың зақымдалу белгілері Говоров-Годелье симптомымен шектеледі, 
менингеальды симптомдар сирек анықталады. 


186 
Брилль ауруымен ауырған науқастарда 60-96% жағдайда экзантема байқалады. Оның 
саны аз болса да розеолезды-петехияльды бөртпе элементтері басым болады. Брилль 
ауруында жүрек қантамыр жүйесінің жиі зақымдалуы байқалады, әдетте ол науқастардың 
арасында жүрек қантамыр аппаратында физиологиялық өзгерістер мен әр түрлі аурулары 
бар жасы үлкен кісілердің болуына байланысты. Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы 
әрдайым кездесе бермейді. 
Брилль ауруында асқынулар өте сирек байқалады, негізінен үстүрт орналасқан 
көктамырлардың тромбозы мен тромбофлебиті, пневмония кездеседі. Брилль ауруында 
қызу кезеңінің жалпы ұзақтығы 9-11 күн, кейде 7-13 күнге созылады.
Әдетте 
айығу кезеңі
бірқалыпты өтеді. Бөртпе сүзек пен Брилль ауруының 
реконвалесценттері ауруханадан 11-12 күнінде шығарылады. 
Болжамы қолайлы.
Диагностикасы мен емі 
бөртпе сүзегіне ұқсас. Брилл ауруымен ауратын 
науқастарда аурудың 1-ші күнінен бастап комплемент байланыстырушы антиделер 
жоғары титрде анықталады ( РСК 1:10240 және одан артық, РНГА 1:64000 және оданда 
артық ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет