186
Брилль ауруымен ауырған науқастарда 60-96% жағдайда экзантема байқалады. Оның
саны аз болса да розеолезды-петехияльды бөртпе элементтері басым болады. Брилль
ауруында жүрек қантамыр жүйесінің жиі зақымдалуы байқалады, әдетте ол науқастардың
арасында жүрек қантамыр аппаратында физиологиялық өзгерістер мен әр түрлі аурулары
бар жасы үлкен кісілердің болуына байланысты. Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы
әрдайым кездесе бермейді.
Брилль ауруында
асқынулар өте сирек байқалады, негізінен үстүрт орналасқан
көктамырлардың тромбозы мен тромбофлебиті, пневмония кездеседі.
Брилль ауруында
қызу кезеңінің жалпы ұзақтығы 9-11 күн, кейде 7-13 күнге созылады.
Әдетте
айығу кезеңі
бірқалыпты өтеді. Бөртпе сүзек пен Брилль ауруының
реконвалесценттері ауруханадан 11-12 күнінде шығарылады.
Болжамы қолайлы.
Диагностикасы мен емі
бөртпе сүзегіне ұқсас.
Брилл ауруымен ауратын
науқастарда аурудың 1-ші күнінен бастап комплемент байланыстырушы антиделер
жоғары титрде анықталады ( РСК 1:10240 және одан артық, РНГА 1:64000
және оданда
артық ).
Достарыңызбен бөлісу: