Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет206/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
КЕНЕЛІК ЭНЦЕФАЛИТ 
 Анықтамасы. 
Кенелік энцефалит
-
орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен, 
клиникалық полиморфизммен сипатталатын вирусты табиғи-ошақтық трансмиссивті ауру. 
Тақырыптың өзектілігі. 
Кенелік энцефалит
 
табиғи-ошақтық трансмиссивті ауру. 
Аурудың табиғи ошақтары Грецияда, Чехияда, Швейцарияда, Латвияда, Белоруссияда, 
Батыс Украинада, Қырғызстанда анықталған. Ресейде аурудың табиғи ошағы 
Калининград облысынан Сахалинге дейін территорияда орналасқан. Жыл сайын Ресейде 
10 мың адам ауруға шалдығады. Қазақстанда аурудың табиғи ошақтары болып Алматы, 
Талдықорған, Шығыс Қазақстан облыстары табылады. Ауру жоғары өлім-жітімділік 
көрсеткішімен, аурудан кейін дамитын қалдықтардың қауіпімен ерекшеленеді.
Тарихи мәліметтер.
Кенелі энцефалиттің клиникасын 1936-1940 жылдарда алғаш 
рет сипаттап жазған отандық ғалымдар А.Г.Попов, А.Н.Шаповал, М.Б.Кроль, 
И.С.Глазунов. Вирусты 1937 жылы отандық ғалымдар Л.А.Зильбер, Е.Н.Левкович, 
А.К.Шубладзе, М.П.Чумаков, В.Д. Соловьев, А.Д. Шеболдаев ашқан. Ғылыми 
экспедиция 1937-1941 жылдары Л.А.Зильбердің, Е.Н.Павловтің, А.А.Смородинцевтің 
және И.И.Рогозиндердің жетекшілігімен жұмыс істеп, 1937-1941 жылдары вирусты 
жұқтыратын иксодты кенелердің ролі дәлелденген. А.А.Смородинцев, М.П.Чумаков және 
т.б. 1951-1954 жылдары Совет Одағының батыс аудандарында кенелі энцефалиттің 
өзгеше нозогеографиялық түрін - екі толқынды сүтті безгекті жазғаны мәлім. 
Этиологиясы.
Кенелі энцефалиттің вирусы флавивирус (В тобы) тегіне, тогавирус 
тұқымдастығына, арбовирустар экологиялық топтарына жатады. Қоздырғыш үш түрге 
бөлінеді
1.
Еуропалық 

Орта еуропалық энцефалит, lxodes ricinus кенелерімен беріледі, өлім-
жітімділік көрсеткіші – 1-2% 
2.
Сібірлік 
Батыс- сібірлік энцефалит 
3.
Қиыршығыстық 
Қиыршығыстық энцефалит немесе орыс көктемгі-жазғы кенелік энцефалит 
lxodes persulcatus кенелерімен беріледі, өлім-жітімділік көрсеткіші – 5-20% 
Вирустар сфералық пішінді, кішкентай денешік түрінде келеді, диаметрі 40-50 нм, 
ішіне РНҚ кіреді. Нуклеокапсид липопротеидтің сыртқы қабығымен қоршалған, 
тікенектер батқан, гликопротеидтен құралып, гемагглютинациялық қасиеттері бар. 
Вирус тауықтың ұрығында және әр түрлі торша дақылдарында өседі. Вирусқа 
лабораториялық хайуандардан басымрақ сезімталдары – ақ тышқандар, атжалмандар, 


187 
емшек баласы мақта мұжыма тышқаны, маймылдар, ал үй малдарынан - қойлар, ешкілер, 
торайлар және жылқылар. 
Вирус жоғары температураға, ультракүлгін сәулесіне төзімсіз. Тоңазытқыш 
температурасындағы сүтте вирус 2 апта, қаймақта 2 ай сақталады. Ыстық сүтте (60°С) 
вирус 20 минуттан соң, қайнаған суда - 2 мин. соң өлетіні белгілі. Төмен ауа қысымында 
ұзақ сақталады, құрғатылған күйде - жыл аралығында сақталады. 5% лизол 1 мин., 
үшхлоруксусты қышқыл 10 мин. Ішінде вирусты жояды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет