Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет203/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Емдеуі. 
Эпидемиялық бөртпе сүзек кезінде этиотропты, патогенетикалық, 
симптоматикалық ем қолданады. Қазіргі уақытта негізгі этиотропты препараттар, бұл 
тетрациклин тобының антибиотиктері екені белгілі. Тетрациклинді пероралдьы ересектер 
үшін 0,3-0,4 г. күніне 4 рет белгілейді (тәулегіне 1,2 – 1,6 г.) немесе доксициклин 0,1 г 
күніне 2 рет (тәулегіне 0,2 г.) Емдеу курсы- бүкіл қызба кезеңі бойы және апирекцияның
2 күніне тағайындайды. Сирек левомицетинді 0,5-0,75 г. тәулігіне 4 реттен белгілеген. 
Аурудың ауыр өту кезеңдерінде антибиотиктерді парантеральды енгізеді. Этиотропты 
антибиотикотерапия өте тез әсер береді және сондықтан да патогенетикалық терапияның 
көп әдістері қазіргі уақытта тек тарихи маңызға ғана ие болып отыр. 
Патогенетикалық терапия көрсеткіштер бойынша дезинтоксикациялық препараттар, 
диуретиктер, тамырлық аналептиктер, жүрек гликозидтері, витаминдер, әсіресе аскорбин 
қышқылы және Р-витаминді препараттарды қарастырады. Аурудың ауыр өтуі кезінде 
интенсивті терапия жүргізеді. 
Делирий дамығанда бромидтер , барбитураттар, аминазин, седуксен, галоперидол 
немесе натрий оксибутиратты қолданады. 
Тромбоз бен тромбоэмболиялық асқынулардың алдын-алу үшін антикоагулянттар 
тағайындайды. 
Стоматит, паротит, жара (пролежни) болдырмау үшін міндетті түрде ауыз қуысы 
мен теріні тазалау қажет. Апирексияның 5-6 күніне дейін төсектік тәртіп, дене қызуы 
қалпына келгеннен кейін 6-7 күннен бастап науқасқа жүруге болады, аурудың асқынуы 
болмаған жағдайда апирексияның 12 күнінде ауруханадан шығарылады.
Болжамы.
Антибиотиктерді практикаға енгізгенге дейін ауру болжамы күрделі 
болып, науқастар қайтыс болып отырған. Қазіргі уақытта науқасты тетрациклиндермен 
емдеу оң нәтиже беріп отыр. Өлім қаупі де сирек, ал практикаға антикоагулянттарды 
енгізгеннен кейін өлім қатері тіптен байқалмаған.
Аурудың алдын-алу шаралары.
Бөртпе сүзекпен ауырған науқас міндетті түрде 
ауруханаға жатқызылады. 5 күннен артық қызуы көтерілген, анық диагноз қойылмаған 
науқастар провизорлы ауруханаға жатқызылады. Бөртпе сүзегінің профилактикасы үшін 
үлкен маңызды биттер мен күрес жүргізу жолдары алады. Инфекция ошағында келесі 
шаралар жүргізіледі: науқаспен жанасқан адамдар санитарлық тазартудан өтеді, 


185 
науқастың және қарым-қатынаста болған адамдардың киімі, төсек орны камералық 
дезинфекциядан өткізіледі. Ошақта дезинфекция мен дезинсекция 3-5% лизол 
ерітіндісімен жүргізіледі. Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін, эпидемиялық бөртпе 
сүзек ошағына бақылау 71 күнге (дене қызуын өлшеу, қарау) ал Бриллm ауруы ошағына 
25 күнге бекітіледі. 
Эпидемиялық көрсеткіш бойынша қауіпті контингентке құрғақ химиялық бөртпе 
сүзектік вакцинамен активті иммунизация жүргізіледі. Вакцина 0,5 мл мөлшерінде 1 рет 
енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет