Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)



Pdf көрінісі
бет204/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек) 
Бриль-Цинссер ауруы – эпидемиялық бөртпе сүзегінің қайталанған түрі, ол 
эпидемиялық бөртпе сүзектің эндогенді рецидиві. Сондықтан Брилль ауруын 
спорадикалық бөртпе сүзек деп атайды. Брилль ауруы 1-ші аурудан кейін, көп жылдардан 
соң білінеді, өте жеңіл ағыммен, бірақ бөртпе сүзегі үшін типті клиникалық белгілерімен 
сипатталады.
Тарихи мәліметтер. 
Ауруды алғаш рет 1898 және 1910 жылдары Нью-Иоркте 
американ зерттеушісі Брилль жазған. 1934 жылы Цинссер 538 ұқсас науқастарды зерттеу 
бойынша, бұл ауру бұрын бастан кешкен бөртпе сүзегінің қайталануы екенін анықтаған. 
Одан әрі (1955-1965 ж.) қайтыс болған 2 адамның лимфа түйіндерінде Провачек 
риккетсиясының бар екендігі дәлелденген. 1934 жылы Цинссер «Брилль ауруы» деген 
атауды ұсынды. Ал 1952 жылы Loeffler және Mooser бұл ауруды Брилль-Цинссер деп 
атауды ұсынады, сонымен аурулардың халықаралық жіктелуіне осылай енген.
Этиологиясы
. Бриль ауруының және эпидемиялық бөтпе сүзегінің қоздырғышы
Rickettsia prowazekii болып табылады. 
Эпидемиологиясы.
Брилль ауруының эпидемиологиялық ерекшеліктері бар.
1. Аурудың көзі бұрын эпидемиялық бөртпе сүзекпен ауырған науқастың өзі 
болады, яғни оның организмде қоздырғыш сақталып қалған.
2. Осымен байланысты аурудың дамуына биттің де қажеті жоқ.
3.Брилль ауруымен ауыратын егде және қарт адамдар.
Аурудың жиілігі адамдардың санына байланысты, бұрын бөртпе сүзегінің 
эпидемиялық өршуі байқалған жерде жоғары болады.
Бірақ бір эпидемиологиялық қауіпі бар. Брилл-Цинссер ауруымен ауратын адам 
эпидемиялық бөртпе сүзегі инфекциясының көзі болуы мүмкін.
Патогенезі.
Бұл аурудың пайда болуы, риккетсиялардың жасырын түрге ауысуы 
болып табылған. Жасырын жағдайда Провачек риккетсиялары лимфа түйіндерінің 
жасушаларында, бауырда, өкпеде ұзақ сақталып, қандай да бір өзгерісті тудырмайды. Ал 
адамның иммунитеті төмендеген кезде, қоздырғыш қанға түсіп аурудың көріністерін 
шақырады. Бұл жағдайда аурудың патогенезі эпидемиялық бөртпе сүзегіне ұқсас. Брилл-
Цинссер ауруын бастан өткізгеннен кейінгі, аурудың қайталануы сирек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет