Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет195/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Емдеуі. 
Токсоплазмозбен ауырған науқастардың емі комплексті болу керек. Жедел 
токсоплазмоз және созылмалы токсоплазмоздың өршуінде этиотропты препараттар 
маңызды, олар трофозоиттарда белсенді әсер көрсетеді. Мұнда пириметамин (хлорохин, 
дараприм) пайдаланады, ол 0,025 г 2-3 рет тәулігіне, 5-7 күн аралығында белгіленіп
сульфадимезинмен (2-4 г тәулігіне, 7-10 күн ішінде) бірге тағайындалады. 7-10 күн 
аралығымен, 3 курс жүргізу ұсынылған. Сонымен қатар хлоридиннің сульфадимезинмен 
(4 г тәулігіне) комбинациясын 3-4 апталық курсы ең тиімді болуы мүмкін. Хлоридин 
ересектерге 1-ші күні 75-100 мг мөлшерінде, 2-күннен курстың аяғына дейін-25 мг 
тәулігіне қабылдау белгіленген. Емдеу перифериялық қанды тексеру барысында және 6-10 
мг фолий қышқылымен бір мезгілде белгіленуі арқылы жүргізіледі. 
Жүкті әйелдерді спирамицинмен (ровамицин) емдеуге болады: 3 млн.х 3 рет 7-10 
күн.
Туа пайда болға н токсоплазмозбен ауырған балалар хлоридинді 1 мг/кг тәулігіне 
алады. Сульфадимезиннің тәуліктік мөлшері балаларда 100 мг/кг құрайтыны белгілі. 
Сондай-ақ басқа да этиотроптық әсері бар препараттар қолданылады. Соның ішінде 
аминохинол, хингамин (делагил), сульфаниламидтер (бисептол, сульфапиридазин, 
сульфадиметоксин және т.б.), антибиотиктер тетрациклинді қатардағы, метронидазол.
Токсоплазмоздың созылмалы түрінде, науқастың организмінде қоздырғыш циста 
түрінде болады, мұнда жоғары көрсетілген препараттар әсер етпейтіні анықталған. Бұндай 
жағдайларда жақсы әсерін комплексті терапия беретіні анық, химиотерапияның 


177 
(хингамин, делагил, тетрациклин) 5-7 күндік курсын трофозоит сатыларындағы 
токсоплазмаларға қарсы тағайындау қажет. Витаминдер, десенсенсибилизациялау үшін 
қолданылатын препараттар (димедрол, пипальфен, супрастин, кортикостероидтар аздаған 
мөлшерде) бірге тағайындалады.
Міндетті түрде токсоплазминмен иммунотерапия жүргізіледі. Әрбір науқас үшін 
жеке жұмыстық ертінді титрация сынамасы арқылы анықталады (гиперемия диаметрі 
және тері инфильтрациясында енгізу орны 10 мл артық болмау керек). Тексеріліп таңдап 
алынған токсоплазмин дозасын тері ішіне 1-ші күні 0,1 мл 3 жерге, 2-ші күні 4 инъекция 
0,1 мл-ден енгізеді, ал содан кейін күн сайын 1 инъекциядан қосып отырып, 8-ші күні 
инъекция саны 10-ға дейін жеткізеді. Токсоплазмозды емдеу уақытында күн сайын 
ультракүлгін сәулелерін, ¼ тен 1 биодозаларға дейін көбеюші мөлшерде жүргізу керек. 
Жүкті әйелдерде КБР-ның және терілік сынаманың «оң» нәтижесі білінсе, бірақ 
токсоплазмоздың клиникалық көріністері болмаса, онда оларды емдеу қажет емес.
Токсоплазмоздың созылмалы түрімен ауыратын жүкті әйелдерге иммунотерапияның 
профилактикалық курсын жүргізуді қажет. Жүкті әйелдер үшін ең үлкен қауіп-қатер 
токсоплазмозбен жаңа залалдану болып табылатыны мәлім. Мұндай жағдайларда 
химиотерапия (1-2 курс) жүргізіледі. Химиотерапиялық препараттарды жүктіліктің 1-3 
айында тағайындауға болмайды, себебі олардың көбі, әсіресе хлоридин, сульфадимезин 
және тетрациклин тератогенді әсерге ие болып, іштегі нәрестеге зақым келтіруі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет