Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет192/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Созылмалы токсоплазмоз
– ұзаққа созылатын, баяу дамитын ауру, ол 
субфебрильды қызбамен, созылмалы улану нышандарымен сипатталған, оның фонында 
көптеген мүшелердің зақымдануы білінеді: жүйке жүйесі, көз, миокард, бұлшықеттер 
және т.б. Ауыру жайлап басталады. Науқас жалпы әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, 
ұйқының бұзылуына, қозғыштыққа, бас ауыруына, естің төмендеуіне, жүрек соғысына 
және жүрек ауыруына, бұлшықет пен буындардың ауыруына, кейде көздің көруінің 
нашарлағанына шағымданады. 
Тексеру барысында, барлық науқастарда субфебрильды қызба анықталады, ол 
айлар бойына созылуы мүмкін немесе түрлі ұзақтықтың толқындары түрінде білініп, 
апирексия кезеңімен алмасатыны мәлім. Жиі дамитын нышан - жайылмалы 
лимфоаденопатия. Перифериялық (мойын, желке, қолтық асты, шап) және мезентеральды 
лимфа түйіндер ұлғаяды. Кейде мезаденит шұғыл көріністі болып, ол туберкулез 
мезаденитінің, соқыр ішектің, аднекситтің және т.б. қате диагнозына себепші болмақ. 
Лимфа түйіндер бастапқыда жұмсақ, пальпация кезінде ауырып, содан соң өлшемі 
кішірейіп, қатты болады, ол аз ауырып немесе аурусыз қалыпқа жетеді. Науқастардың 
жартысында бауыр ұлғаяды, пальпация кезінде орташа ауыруы мүмкін. Бауыр қызметінің 
едәуір бұзылғаны байқалмайды. Ал көк бауырдың ұлғаюы жиі білінетіні анық.
Токсоплазмоздың жиі көрінісі арнайы миозит болып табылады. Бұлшықеттің ауру 
сезімі, қалың жерінде тығыздалған ошақтар анықталады, ал рентгенография арқылы 
науқастардың жартысынан бұлшықеттегі кальцификаттарды табудың сәті түскен. 
Буындар ауырады, бірақ қабыну процестің белгілері болмайды. 
Жүрек-тамыр жүйелері жиі зақымданып, күре тамыр гипотензиясы білініп, кейде 
жүректің тез соғуы және ырғақтың бұзылуы пайда болады. Жүрек шекарасының солға 
жылжуы, жүректің тондарының бәсеңдеуі, жүректін жетіспеушілігі, миокардит көрінісі 
байқалған. Электрокардиографикалық тексеру барысында барлық науқастарда ошақтық 
немесе диффуздық миокардиттің өзгерісі айқындалған. Перикард пен эндокард 
зақымдалмаған. 
Тыныс алу мүшелері созылмалы токсоплазмоз кезінде сирек зақымдалады, оның 
нышандары пневмоцистоздың көрінісін еске түсіреді. 
Науқастар тәбеттің нашарлауына, ауыздың құрғап кетуіне, жүрек айнуға, төс 
шеміршек пен кіндік аралығының сыздап ауыратынына, іштің кебуіне, дәреттің тоқтауына 
шағымданады. Науқастың арықтауы жиі байқалатыны белгілі. Асқазан сөлін тексеру 
барысында, секрецияның төмендеуі мен қышқылдың азайғаны айқындалған. 
Рентгенологиялық зерттеу арқылы тоқ ішектің моторлы қызметінің бұзылатынын 
анықтаған. 
Көптеген науқастарда жүйке жүйесінің өзгерістері байқалған. Олар әртүрлі болуы 
мүмкін. Перифериялық жүйкелер біршама сирек зақымданып, патологиялық процесске 
орталық жүйке жүйесі жиі қатысады. Кейде бұл невротикалық нышандардың (тез 


174 
әсерленгіш тұрақтылығы, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, қозғыштық, секемшілдік, 
канцерофобия және т.б.) орташа көрінісі түрінде білінген. Кейбір науқастарда истерия 
тәрізді ауыр невроз, диэнцефальды бұзылыстар, эпилепсия нышандары пайда болуы 
мүмкін. Вегетативтік-тамырдың бұзылуы болады. Көздің зақымдануы жиі байқалады: 
хориоретинит, увеит, алыстан көре алмаушылық үдемек. Эндокриндік мүшелерінің 
қызметі бұзылады (етек кір циклінің бұзылуы, бедеулік, бүйрекүстіндегі бездердің 
екіншілік жетіспеушілігі), қалқан безінің қызметі сирек төмендейді. 
Перифериялық 
қанды 
тексеру 
барысында, 
лейкопения, 
нейтропения, 
салыстырмалы лимфоцитоз, эозинофильды лейкоциттер мөлшерінің өсу тенденциясы 
айқындалған. ЭТЖ қалыпты болып қалады. 
Латенттік токсоплазмоз
сипатында, науқасты ұқыпты клиникалық тексеруде, 
онда токсоплазмоз нышандарын табудың сәті түспеген (біріншілік –латенттік 
токсоплазмоз) немесе хориоретиниттің ескі ошақтары, кальцификаттар, склерозды 
лимфатикалық түйіндер түріндегі тек қана резидуальды құбылыс байқалған (екіншілік-
латенттік токсоплазмоз). Латенттік түрдің диагнозы оң серологиялық реакциялардың 
табылуына немесе тері ішінде токсоплазмоздарды байқап білуге негізденген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет