Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет186/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Токсоплазмалардың тіршілік циклі
. Жыныстық және жыныссыз жолмен көбею 
сатыларынан тұрады. Жыныстық даму циклі алғашқы әрі негізгі иесі болып табылатын 
мысықтар мен мысық тұқымдастықтың басқа өкілдерінің ішек жол ішек жолындағы 
шырышты қабат жасушаларында өтеді.
Мысықтарға органдарында цисталар (ооцисталар немесе зигоцисталар) бар 
тышқандарды жегенде алғашқы рет жұғады. Сонан соң цисталардан спорозоиттер 
шығады, олар ішек жасушасына еніп трофозоиттарға айналады да жыныссыз жолмен
(шизогония) көбейіп мерозоиттар құрайды. Олар эпителиальды жасушаларды бұзып, 
маңындағы ішек қабатының қабыршақтарына енеді де гаметоцисталарға айналады.
Әртүрлі жынысты гаметоцисталардың бір-біріне қосылуы нәтижесінде зиготалар 
(ооцисталар) пайда болады. Ооцисталар – диаметрі 9-14 мкм, дөңгелек пішінді түссіз екі 
қатарлы тығыз қабатпен қоршалған. Мысық организмінен олар нәжіспен сыртқа шығады. 
Олар топырақта және қоршаған ортаның басқа объектілерінде жақсы сақталады. Жабайы 
және үй жануарлары мен кеміргіштерге қоректену кезінде мысықтың нәжісімен бірге 
ооцисталарды жұтқанда жұғады. Ақырғы иесінің организмінде бүкіл даму циклы 1-3 
аптада аяқталады. 
Адамдар, көптеген жабайы және үй жануарлары мен кеміргіштер (соның ішінде 
синантроптылар) токсоплазманың аралық иесі болып табылады. Олардың организмінде 
токсоплазмалардың көбеюі мен дамуы өтеді. Әртүрлі органдардың жасушаларында 
токсоплазмалар шоғырланып жиналады (жалған цисталар). Жалған цисталар 
(псевдоцисталар) – токсоплазмалардың макрофагтармен фагоцитталған вегетативті 
түрлері. Бірақ фагоцитоз аяқталмаған сипатта болады, сондықтан паразиттер 
фагоциттардың ішінде тіршілік қабілетін сақтайды.


168 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет