169
мүмкіншілігі: г
1
– плацента арқылы; г
2
– ооцистіні жұту арқылы; г
3
– Toxoplasma gondіі
дақылы арқылы: г
4
– залалданған етпен жанасқанда; г
5
– толық піспеген етті қолданғанда
(С.Ә.Әміреев, А.Жаханов, Қ.Құдайбергенұлы «Медициналық паразитология, 2005
ж.»)
Созылмалы процесс кезінде қоздырғыш бұлшық етте, бас миында және басқа
органдарда тығыз қабаты бар нағыз циста (орташа мөлшері 100 мкм) түзеді. Әр цистада
жүзден астам паразиттер болады, олардың бір-бірімен тығыз орналасқаны соншалықты
препаратты микроскопта қарағанда тек қана ядролары көрінеді. Бұл, аралық иесі –
жануарлар организміндегі паразиттің ақырғы даму фазасы. Ақырғы иесінің организмінде
ооцисталар түзіліп және сыртқы ортаға шығарыла отырып, токсоплазмалардың даму
циклы тоқтаусыз жүріп жатады. Сол жерлерде олар жетіледі және жақсы сақталады. Олар
ауыз арқылы жұтылғанда аралық иелері – адамдарға, жануарларға, соның ішінде
кеміргіштерге жұғады.
Достарыңызбен бөлісу: