163
Аурудың берілу жолы - алиментарлы. Адам шикі сүт
өнімдерін, сирек ауру
малдың етін қабылдағанда жұқтырады. Аусыл кәсіптік ауру ретінде контактілі жол
арқылы мал шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарға жұғады. Ауру жануарлармен
контакта
болған адамдар, балалар және мал шаруашылығында жұмыс істейтіндер жиі
ауырады. Соның ішінде сауыншылар, бұзау бағушылар,
малшылар, бақташылар, ет
комбинатында жұмыс істейтіндер, мал дәрігерлері мен зоотехниктер аусылға көп
шалдығады. Адам ағзасына вирус терінің аздаған жарақаты және де көз, мұрын, ауыздың
шырыш қабықтары арқылы енеді. Ауру адамнан адамға берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: