Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет175/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Тарихи мәліметтер. 
Аурудың клиникалық көріністерін (жұқпалы сарғыштану) 
неміс ғалымы А.Вейль 4 науқаста анықтап жазған. 1888ж. С.П.Боткиннің шәкірті 
Н.П.Васильев осы аурудың 17 жағдайы жайлы жариялаған. Бұл ғалым жаңа ауруды 
Боткин ауруынан (катаралді сарғыштану) айырмашылығын дәлелдеп дара нозологиялық 
бірлікке жатқызады. Ауруды Васильев -Вейль ауруы деп атап кеткен. 1914-1915 жж. 
жапондықтар А.Инадо мен басқалары науқастан Leptospira icterohaemorrhagica 
қоздырғышын бөліп алып, оны спирохеталар тұқымдастығын анықтаған. Сонғы жылдары 
барлық елдерде лептоспиралардың әр түрлі типтері зерттелген.
Этиологиясы.
Лептоспироздың қоздырғыштары - лептоспиралар Spirochaetaceae тұқымдастығына 
Leptospiraceae туыстығына жатады. Олар екі түрге бөлінеді: паразиттік Interrogans және 
сапрофиттік Biflexa. Лептоспиралар антигендік құрылымына байланысты серологиялық 
топтар мен вариантарға бөлінеді. Адамның патологиясына маңызды серологиялық топтар: 
L.icterohaemorrhagica, L.pomona, L.hebdomadis, L.grippothyphosa, L.canicola, L.tarassovi. 
Лептоспиралар - Грам «теріс» микроорганизм. Қанның сары суы қосылған арнайы 
орталарда өседі. Лептоспиралар морфологиялық жағынан сансыз көп ұсақ 
шиыршықтануымен (15-20) ерекшеленген. Ұзындығы –6-15 мкм, жуандығы –0,25 мкм. 
Олардың денесінің артқы жағы ілмектәрізді бүгілген. Лептоспиралар жылжымалы. 
Олардың үдемелі, айналмалы, бүгілмелі қозғалыстары байқалған. Лептоспиралардың 
әртүрлі ферменттері бар: гемолизин, фибринолизин, плазмокоагулаза, липаза.
Лептоспиралар төменгі ауа температурасына тұрақты, суда 2-3 апта, ылғалды 
топырақта 3 айға дейін тіршілік етеді. Сол себептен гидрофилдарға жатады. Бірақ, 
лептоспиралардың ультрафиолет сәулесіне, қышқылдарға, дезинфекциялаушы заттарға, 
сілтілектерге, қыздыруға тұрақтылығы аз.
Эпидемиологиясы.
Лептоспироз – табиғи ошақты зооноз
. Аурудың көзі
- әртүрлі 
жабайы және ауылшаруашылық жануарлар. Жануарлардың арасында ауру урино-оралді 
механизм арқылы тарайды. Ауру жануарлар қоздырғышты зәр арқылы бөліп суды, 
топырақты, шөпті залалдап аурудың табиғи және антропургиялық (шаруашылық) 
ошақтары пайда болған. Табиғи ошақтарда (орман, дала, тундра, көл аймақтары) аурудың 
көзі және резервуары – жабайы жануарлар: кеміргіштер, кірпілер. Антропургиялық 
ошақтарда (ауыл, қала) аурудың көзі – ауылшаруашылық жануарлар (әсіресе, ірі қара мал, 
ұсақ қара мал, шошқалар), егеуқұйрықтар, тышқандар, үй жануарлары (иттер). Қалалық 
ошақтарда аурудың негізгі көзі 
– 
қара және сұр егеуқұйрықтар, иттер. Олардың 
эпидемиологиялық ролі өте маңызды.
Адам аурудың көзі болып табылмайды. 
Аурудың берілу жолдары:
1) контактілі – тері, шырышты қабықшалар арқылы

Адамдар ағымы жоқ суаттарда 
шомылу үстінде, сонымен қатар балық аулау, шаяндарды ұстау, шөптің үстінде жалаң аяқ 
жүру, егістіктерде, бау-бақшаларда өнімдерді жинау, саңырауқұлақтарды жинау, сырқат 
жануарларды күту, мал сойып ет бөлшектеген кезінде ауруды жұқтыруы мүмкін;
2)алиментарлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет