Реферат тақырыбы: Бокстың арнайы жабдықтары бар жасөспірімдерді жаттықтыру ерекшеліктері Орындаған: Сүндеталыұлы Е



Дата13.12.2021
өлшемі21,92 Kb.
#99966
түріРеферат
Байланысты:
17-4


ҚАЗАҚТЫҢ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Бокстың арнайы жабдықтары бар жасөспірімдерді жаттықтыру ерекшеліктері

Орындаған: Сүндеталыұлы Е.

Тексерген: Карменов К. М.

АЛМАТЫ 2020

Бокстың арнайы жабдықтары бар жасөспірімдерді жаттықтыру ерекшеліктері

Жаттығулардың көбі құрал-жабдықтардың көмегімен жасалса, онда бұл боксшының жан-жақты дамуына көмектеседі. Мысалы, түрлі қашықтықтарға жүгіру боксшының жылдамдығы мен шыдамдылығын арттырады. Бірақ мұның бәрі, әрине, жаттықтырушы арнайы жоспар жасап, онда жаттығудың мсрзімін және қашықтықты дәл белгілеуі керек. Егер боксшы жаттығу-дың өсерін сезінбесе немесе шаршаса, онда оның пайдасы аз болып шы-ғады. Сондықтан арнаулы жаттығу бөлгілегенде де спортшының мүмкіндігін естен шығармаған жөн.

Егер боксшының ептілігін арттыру қажет болса, онда күрделі жаттығуларды пайдалану керек. Шыдамдылықты қажет болса, онда ұзақ қашықтықтарға жүгірген дұрыс. Мұндай да қашықтықтың әр жаттығу сайын есіп отыруы қадағаланады. Жылдамдықты арттыру үшін қысқа қашықтықтар пайдаланылады. Осындай қашықтықтарда ғана шапшандық, тездік керсетуге болады. Осындай қашықтықтарда ғана шаншандық, тездік корсетуге болады. Боксшының күшін арттыру үшін салмақ көтеру қажет. Ол үшін ауыр атлетикалық жаттығулар жасалады.

Бокстасу тәсілдерін әдіс негіздерімен бір кезде үйренген дүрыс. Боксшы арнаулы қимылдарды (соққылар мен қорғанысты) үйренген сәтте уақыт пен арақашықтықты дұрыс анықтай білуге дағдыланғаны жөн. Боксты үйретуді бастаған алғашқы қадамдардан-ақ әдіс пен тактиканы бірге пайдалануды ұмытпау керек. Бұл жаттықтырушы үшін де, боксшы үшін де басты қағида.



Боксшыға тек қана әдістерді үйретіп қоюға болмайды. Себебі әдістік шеберлігі толысқан спортшының үйренгендерін жекпе-жек кезінде дұрыс пайдалана алатынына көз жеткізу қиын. Ол жете меңгерген әдістерін үздіксіз қайталай беруі мүмкін. Бірақ мұндай әдістердің оны жеңіске жетелеуі де екіталай. Оның үстінде мұндай қимылдар бокстың спорттық көркіне де нұқсан келтіреді.



Боксшының спорттық жетілуі кезінде жаттықтырушы өз шәкіртінің кушті. сонымен қатар осал жақтарын анықтап, оның шеберлігіне нұқсан келтіретін кемшіліктерді жоюға арналған жаттығулар белгілеуі керек. Жаттықтырушы бұл кезде нақты жаттығулар белгілеп, оның орындалу мерзімін анықтайды. Егер ауыр салмақтағы боксшы икемсіз болса, жаттықтырушы оның жыл-дамдығың ептілігін арттыратын арнаулы жаттығулар белгілейді. Егер жеңіл салмақтардағы боксшылардың бұлшық еттері әлсіз болса, оған бұлшық етті жетілдіріп, күшті толтыратын жаттығулар тағайындайды. Шәкіртінің қорғаныстағы осал жақтарын байқаған жаттықтыруы, оған тәжірибелі боксшымен арнаулы жаттығу жекпе-жектерін өткізуді тапсырады. Боксшыларда мұнан да басқа кемшіліктер байқалуы мүмкін. Олар бокс жабдықтарымен және әріптестерімен өткізілетін жаттығуларда жойылуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет