жоғары қызбаға
,
айқын интоксикация
белгілеріне,
гепатолиеналді синдромға әр түрлі ағзалардың зақымдалуы қосылады –
полисерозит, гепатит, перикардит және т.б.
Жүкті әйелдердің листериозы
.
Жүкті әйелдер листериоздың кез келген түрімен
ауыруы мүмкін. Кейде жүкті әйелдерде босанғанға дейін бірнеше апта бойы түсініксіз
қызба байқалады. Кейбір жағдайда жүкті әйелдер жеңіл тұмау тәрізді аурумен ауырады.
Сонымен, 137 жүкті әйелдерді көп дүркін (7 рет) тексеру барысында, олардың 60-ның
(44%) нәжісінен листериялар бөлінген. Ал өзге тексерулерде листериялар олардың
нәжісінің 12% табылған.
Жаңа туылғандардың листериозы
.
Туа біткен листериоз ауыр ағымымен және жиі
нәрестенің өліміне әкелумен сипатталады. Іштегі нәресте ауруды жұқтырғанда, ол өлі
немесе шала туылады. Интранаталді листериоз 7 күннен бастап дамиды: жиі менингит,
менингоэнцефалит түрінде өтеді. Сепсис қалыптасады. Өмірінің алғашқы 2 аптасында
өлім жағдайына душар болады. Неонаталді листериоз өте ауыр түрде өтеді. 2-3 күннен
кейін қызба, улану симптомдары, пневмония, ауыр дистресс синдром қалыптасады.
Аурудың бұл түрі
септикалық-гранулематозды
деп аталған. Аурудың негізгі белгілері:
қызба (38-39
С), демікпе, көгеру. Сыртқы тыныс алу жолдарымен қатар, өкпе де зақымға
ұшырайды. Бауыр ұлғайып, сарғыштану пайда болады, қөк бауырдың ұлғаюы сирек
кездеседі. Экзантема да білінген. Экзантема кеуде мен аяқ-қолда орналасады. Басында
қоңыр-қызыл дақ пайда болып, одан әрі олар папулаға айналады. Жазылғаннан кейін 15-
20% сауыққандарда орталық жүйке жүйеде резидуалді құбылыстар сақталады.
1 айға дейінгі емшектегі балаларда листериоздың
пайда болуы, «жаңа
туылғандардың листериозы» тәрізді өтеді. Егер жұғу босану кезінде болса, онда жаңа
туылғандардың листериозы, босанғаннан 1-4 аптадан кейін клиникасы көрінеді.
Листериоздың жиі түрі - менингит. Бактериалді менингиттің 1% оқиғаларында Listeria
154
monocytoqenes
Достарыңызбен бөлісу: |