Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет137/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Алиментарлы жол
шикі және термикалық өңдеуден шала өткен малшаруашылық 
өнімдер (сүт, әсіресе ешкі сүті, сүт өнімдері - қаймақ, ірімшік, уыз, шашлык, стейк, т.б.) 
арқылы жүзеге асады. Ешкі - қой типті бруцеллардың ірі қара малға көшуінің (миграция 
феномены) жиі кездесуіне байланысты сүт факторы қала тұрғындарының арасында, 
әсіресе балалардың арасында бруцеллездің таралуына маңызды орынға ие болып отыр. 
Oxford text book of Medicine мәліметі бойынша 500 адамды зерттегенде, 70% жағдайда 
пастерленген сүтті және жұмсақ ірімшікті қолданғанда залалдану байқалған. Жоғары 
вирулентті қоздырғышпен залалданған сүтті қолданған жағдайда эпидемиялық өршулер 
пайда болады. Аурушылдық топтық-жанұялық сипат алады және ошақтан тыс жерге 
таралады. Осындай жағдайларды эпидемиологиялық зерттегенде ауру көзі ірі қара мал 
болғаны, ал бөлініп алынған бруцелла дақылы ешкі-қой түріне жататыны анықталды. 
Инфекцияның таралуының әртүрлі факторларының эпидемиологиялық маңызын бағалау 
үшін бруцеллалардың тұрақтылығын ескеру қажет. Сүтте, қаймақта, сары майда, 
ірімшікте бруцеллалар қалыпты температурада 16-20 күн, сүтқышқыл өнімдерінде 
(простокваша, сүзбе) – 2 күн, ал төмен температурада (тоңазытқышта) – 18-20 күн, әлсіз 
тұздалған (10%) және әлсіз қышқыл уызда – 72 күн сақталуы мүмкін. Бруцеллалардың 
сүтте, әсіресе ешкі сүтінде ұзақ сақталуы оның эпидемиологиялық ролін анықтайды. 
Пісірілмеген бір стакан сүтті ішкен адамның ауырған жағдайы белгілі. Мал төлдегеннен 
кейін бірнеше күн бойы алынған уыз өте қауіпті, өйткені бұл мезгілде бруцеллалар сүтпен 
өте көп мөлшерде бөлінеді. Қоздырғыш үлкен қашықтыққа тарап, адамдардың топтап 
ауыруын шақырады. Сүттің қышқылдығы мен қоршаған орта температурасы неғұрлым 
жоғарылаған сайын, соғұрлым бруцеллалардың сақталуы төмендейді. Бруцеллалар 
қымызда 1-3 күн, Тернер бойынша қышқылдығы 80°-қа және спирт денгейі 1,5-2°-қа 
жоғарыласа 2 тәулікке дейін сақталады (Ш. Букейханова, 1952). 
Етте және ет фаршында бруцеллалар сақталу температурасына және құрамындағы 
тұздың деңгейіне байланысты 14 күннен 40 күнге дейін тіршілік етеді. Бұл фактор ет 
өңдеу өндірістердің жұмысшыларына және тутынушыларда үлкен маңызға ие. Әсіресе, 
жануарлар түсік тастағаннан соң сойылса жүзеге асатын еттің интравитилді залалдануы 
қауіпті. Түсік тастаған жануарлардың еті аса қауіпті, ал ол жануарлардың ішіндегі 
ұрықтың асқазанында бруцеллалардың таза дақылы табылған (М.М.Ременцова,1969). 
Бруцеллалардың полипатогенділігі мен едәуір тұрақтылығы олардың тек қана жануар 
организмінде ғана емес, сонымен қатар сыртқы орта заттарында да сақталуына әсер етеді. 
Сыртқы орта заттары сонымен бірге бруцеллездің ауру малдары бар шаруашылықта 
(күрек, айыр, шелек) таралу факторларына жатады. 
Ашық су көзіндегі суды малдар ішкенде жеңіл залалданып, қоздырғыш ұзақ уақыт 
тіршілігін сақтайды. Ондай су тек эпидемиологиялық қана емес эпизоотологиялық 
тұрғыдан да қауіпті, өйткені инфекцияның адамға ғана емес, жануарларға да берілу 
факторы болып табылады. 
Аэрогенді жол
малды қырыққанда, жүнді сұраптағанда, тарағанда, жануарларды 
ұстайтын қораларды тазалағанда, малшаруашылық шикізатты өндегенде, қаракөл қозылар 
етінен сүйек – ет ұнын өндіргенде, лабораторлық жолмен шаң арқылы ену нәтижесінде 
жүзеге асады. Жүнде, теріде сақталу жағдайына байланысты бруцеллалар 1 айдан 4,5 ай 
тіршілігін сақтайды. Жануарладың бұл шикізат түрі бруцеллар ауру жануарлардың 
әртүрлі бөлінділері арқылы жеңіл залалданады. Әсіресе түсік тастаған, өлі туылған немесе 
2-3 күндік қаракөл қозылардың терісі қауіпті. 
Бруцеллалардың кептіруге тұрақтылығы, олардың топырақта және малдың нәжісінде 
8 күннен 3-4 айға дейін сақталуына мүмкіндік береді. Өлген жануарды немесе түсікті 
дұрыс көмбеген жағдайда, қоздырғыштар тіршілігін жалғастыра береді. Адамдар 
залалданған нәжісті бақтарда тыңайтқыш ретінде, тезек (отын) ретінде, құрылысқа 
қолданса және мал ұстайтын жерді тазалаған кезде залалданады. 
3. Қабылдаушы макроорганизм 


124 
Адамдардың ауруы кәсіби сипатқа ие (қойшылар, сауыншылар, малшылар, мал 
дәрігерлері, ет және сүт комбинаттары, тері мекемелері, теріні біріншілік өңдеу 
фабрикалары, бруцеллез зерттханаларының қызметкерлері). Нарықтық экономиканың 
дамуына байланысты ауылшаруашылығымен кәсіби байланысы жоқ адамдардың, қала 
тұрғындары мен балалар арасында сырқаттанушылдық деңгейі өсіп отыр. Бұрын 
байқалатын мезгілділік, яғни аурудың қыс – көктем айларында жиілеуі, сонғы кезде 
малдың жеке иелерінің санының өсуіне байланысты айқын көрініс бермейді. 
Бруцеллезбен жасы және жынысы әртүрлі адамдар ауыруы мүмкін. Бірақ, науқастардың 
құрылымында жас адамдар – жиі, ал сирек – егде жастағы және балалар ауырады. Ер 
адамдардың жиі ауыруы ауылшаруашылық өнімдерінде олардың көбірек болуына 
байланысты. Адамдар арасында бруцеллездің нозогеографиясы ауылшарушылық 
жануарлардың бруцеллезінің таралуына тікелей байланысты. Бірақ, бруцеллалардың 
түрлері 
мен 
биоварларының 
біркелкі 
емес 
патогенділігі 
бруцеллездің 
эпидемиологиясында аса маңызды роль атқарады және адамдардың ауыру динамикасына 
әсер етеді. B. Melitensis - тің жоғары жұғү қауіпі бруцеллездің таралу сипатына әсерін 
тигізеді. С.Ә.Әміреевтің (1989) мәліметтері бойынша зақымданған қойлармен тікелей 
жанасуда болатын қой-зат фермалардың жұмысшыларының арасында - 78,6% бруцеллезге 
қарсы серологиялық реакциялар оң нәтижеде, ал басқа ауыл тұрғындарының арасында –
тек қана 11,1 ден 39,7%. Серологиялық реакциялар бойынша оң нәтижелі адамдардың 
жартысында бруцеллездің әртүрлі клиникалық көріністері анықталған, ал қалғандары
өздерін дені сау деп есептеді. Сиыр бруцеллезі ошағында залалданған адамдарда бұл 
ауыру латенттік түрде өтеді, тек аздаған бөлігінде ғана бруцеллездің клиникалық 
көріністері дамиды.Сондықтан адамдардың бруцеллезбен ауыруының тіркелуі нағыз 
эпизоотикалық жән эпидемиологиялық жағдайды көрсетпейді, нәтижесінде бруцеллез 
бойынша қолайсыз шаруашылықтарда сырқаттанушылықтың деңгейі аз екен-деген 
жалған пікір туындайды. 
Бруцеллезге стерилді емес және тұрақты емес иммунитет тән. Қайтадан залалдану 
және бруцеллезбен ауырып жүрген немесе бұрын ауырып кеткен адамдардың ауру 
жағдайлары белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет