Эпидемиологиясы. Эпид.процесстің 1 звеносы - аурудың көзі – шөппен
қоректенетін жануарлар, топырақ.. Clostridium tetani табиғатта кең таралған. Ол шөппен
қоректенетін жануарлардың және 5-40% адамдардың ішегінде тұрақты мекендеуші
болады. Нәжіс арқылы топыраққа түсіп, онда споралық түріне аусады.
Ауру адам ауру көзі болып саналмайды.
Эпид.процесстің 2 звеносы – жұқтыру жолдары
– контакілі - жарақаттанған тері,
шырышты қабат арқылы.
Сіреспе таяқшаларының көбеюі жоғары ылғалды жерлерде, ауыл шаруашылығы
жақсы дамыған оңтүстік аудандарда жүреді. Ауру жарақат алумен байланысты болады.
Споралар топырақтан адамның киіміне түсіп, одан теріге еніп аздаған жарақат болғанда
ауру дамиды. Әсіресе, ауру басталуының негізгі себебі, аяқтардағы микротравмалар -62-
65% жағдайда болып табылады, яғни жалаң аяқ жүргенде. Сондықтан сіреспені «жалаң
аяқ ауруы» деп атайды. Сонымен қатар күйікте, үсікте, босану кезінде, асептика
ережелерін сақтамағанда, үйде босанғанда (босанатын әйелдердің сіреспесі), қылмыстық
жасанды түсік жүргізгенде, нәрестенің кіндік бауын кескенде (нәрестерелрдің сіреспесі)
ауру даму қауіпті жоғары болады.
Бір қатар кездейсоқ жағдайларда жұғу жолы белгісіз қалады (криптогенді сіреспе).
Патогенезі. Жұқтыру сатысы.
1.
Анаэробты жағдайда споралар вегетативті түріне ауысып экзотоксин бөледі. Ең
қауіптісі тетаноспазмин.
2.
Тетаноспазмин гематогенді, лимфогенді және периневралді жолдарымен бүкіл
организме тарап жүйкелік жасушалардың сыртқы талшықтарына бекінеді.
3.
Эндоцитоз арқылы жасушаның ішіне кіріп аксон арқылы ОЖЖ жетеді.
4.
Тетаноспазмин
синаптобревиннің
және
целлюлобревиннің
нейромедиаторлардың түзілуін төмендетеді, полисинаптикалық рефлекторлық
доғаның қондырмалы нейрондарының қызметі бұзылады.
5.
Нәтижесінде мотонейрондардан түскен импульстер бұлшық еттерге үздіксіз
беріліп, көлденең жолақты бұлшық еттерінің тоникалық тырысуын шақырады.
6.
Бұл тырысулар әр түрлі дыбыстық, жарықтық, тактилді, иіс рецепторлардың
импульстарынан басталуы мүмкін.
7.
Ұзаққа созылған тырысулар гипертермия және энергия жоғалту әсерінен ацидоз
шақырады. Диафрагмалді және қабырғааралық бұлшық еттерінің тырысу
әсерінен өкпе жетіспеушілігі дамиды.
8.
Тетаногемолизин гемолитикалық және кардиотоксикалық касиеттерімен
жергілікті некроз шақырады.
9.
Ретикулярлы
формацияның
нейрондарының
блокадасының
әсерінен
парасимптакалық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылып тыныс орталығы және
тамырқозғалыс орталығы зақымдану нәтижесінде жүрек, тыныс тоқтап қалады.