Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет33/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Патогенезі.
Сальмонеллездің патогенезінің бірқатары әлі анықталмаған. Аурудың 
манифестті түрлері даму үшін, асқазан - ішек жолына сальмонелла токсиндері ғана емес, 
сонымен қатар, тірі қоздырғыштардың енуі керек. Асқазанда жойылмаған 
сальмонеллалардың негізгі тобы ішекке өтіп, он екіелі және ащы ішек тіндеріне тез енеді. 
Ішекте қалған сальмонеллалардың біршамасы ферменттердің және басқа қорғаныс 
субстанциялардың әсерінен өледі, немесе нәжіспен сыртқа шығарылады. Тіндерде 
негізінен lamina propria-да сақталған сальмонеллалар көбееді. 
Инфекцияның жайылмалы кезінде, қоздырғыштың жиналуы мен көбеюі, сонымен 
қатар, мезентериальды түйіндерде, көкбауырда және бауырда жүреді. Макрофагтар 
цитоплазмасында сальмонеллалар орналасуы және көбею қасиетіне байланысты, бұл 
үрдіс біршама деңгейде жеңілдейді. 
Сальмонеллалардың организмде жиналуымен бірге, олардың интенсивті түрде 
жоюлуы мен ыдырауы, токсиндерінің шығуы жүреді, соған сәйкес бұл жасырын кезеңінің 
аяқталуын және интоксикация синдромының басталуын білдіреді. 
Сальмонеллалар 
эпителиальды 
тосқауылдан 
өтіп, макрофагтар және лейкоциттермен жұтылғаннан кейін пайда болады. Нәтижесінде 
сальмонеллалардың жойылуы ғана емес, сонымен қатар сальмонелла эндотоксиндерінің 
және метаболизм өнімдерінің әсерінен фагоциттермен басқа да жасушалардың бір бөлігі 
өледі, сонымен қатар токсиндердің әсерінен гистамин және басқа биологиялық белсенді 
заттар (серотонин, катехоламин, кинин және т.б. қосымша бөлігі) босатылады. 
Биологиялық белсенді заттар аденилатциклаза жүйесі мен простагландиндер арқылы, 
асқазан - ішек жолы жағынан жақсы белгілі арнайы емес функциональды - 
морфолоғиялық бүзылыстар кешеніне алып келеді. 
Ағзадағы эндотоксиндерге жалпы реакция көптеген мүшелер және жүйелерде 
функциональды - бейімделу үрдістерінің бұзылуымен сипатталады. 
Улы заттардың әсерінен жүйке - эндокриндік жүйе жағынан реттеу қызметінің 
бұзылуы жүреді, зат алмасу үрдісі
 
өзгереді, бұл асқорыту және жүрек - қантамыр
жүйелер қызметінде көрініс табады, және патологиялық үрдіске макроағза жағынан 
жауап реакция кешенінің қосылуына алып келеді (дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің 
өтуі және т.б.). 
Мембраналар өткізгіштігінің өзгеруі нәтижесінде ішек қуысына су және тұздардың 
көп мөлшері түседі, бұл су - электролиттік тепе-тендіктің бұзылуына алып келеді. 
Сұйықтықтың көп мөлшерде жоғалуы айналымдағы қан көлемінің азаюына, 
артериальды қысымның төмендеуіне және гипоксияның дамуына алып келеді. Өз 
алдында гипоксия тіндердің метаболизмнің бұзылуына және ацидоздың дамуына жағдай 
жасайды. Әрі қарай интоксикацияның күшеюі, негізінен, алмасу үрдісінің бұзылуы 
нәтижесінде жүреді, ол қанда тотықпаған өнімдердің мөлшерінің және гистамин тәрізді 
заттардың деңгейінің жоғарлауына жағдай жасайды, нәтижесінде капиллярлар кеңееді, 
олардың адреналинге реакциясын тосқауылдайды. 
Аталып өткен өзгерістер нәтижесінде организмде «қайта айналып соғу шеңбері» 
түзіледі, негізгі рөлі қантамыр бүзылыстарына тиісті, қосымша ОЖЖ, бауыр, бүйрек үсті 
безі, бүйрек және басқа мүшелер жағынан функциональды және биохимиялық өзгерістер 
болады. 


35 
Жайылмалы түрінде сальмонеллалардың жиналуы мен көбеюі ішкі мүшелер мен 
лимфа түйіндерінде жүреді. Бұл жағдайда ауру сүзек тәрізді вариантта өтеді немесе 
(ағзаның төмен резистенттілігі кезінде) септикопиемия дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет