34
контактілі. Сальмонеллездің негізгі жұғу жолы — алиментарлы, ал инфекцияның берілу
факторлары болып әртүрлі тағамдық азық - түліктер (мал, балық, шаян, устрица моллюск,
жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері және т.б.). Су инфекцияның тікелей немесе жанама
берілу факторы ретінде саналады.
Соңғы
жылдары
"госпиталдық"
сальмонеллез
жағдайлары
біршама жоғарылады. Жұқпа көзі болып тек адам табылады (жиі науқас балалар, сирек
қызметкерлер, аналар, босанатын әйелдер). Бұл ошақ біртіндеп дамып, ұзақ сақталуы
мүмкін. Үрдіске бір жастағы балалар көп араласады, және ол жоғары өлім дәрежесімен,
аурудың ауыр клиникалық ағымда өтуімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: