Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет38/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 Эпидемиологиясы
Тағамдық токсикоинфекциялардың қоздырғыштары табиғатта 
кең тараған: адаммен жануарлардың нәжісінде, топырақта, суда, ауада, заттардың үстінде. 
Бұл кезде аурудың көзін анықтау мүмкін емес. Бірақ, кей жағдайларда аурудың көзі болып 
тағам өндірісінде істейтін және әр түрлі терілік іріңді үрдістерімен, баспамен, 
ларинготрахеобронхитпен ауыратын адамдар. Осымен қатар, аурудың көзі болып 
маститпен ауратын ірі қара мал болуы мүмкін.
Т
ағамдық токсикоинфекциялардың берілу механизмі – фекальды- оральды, берілу 
жолы – алиментарлы. Аурудың берілу факторларына жиі ет, балық тағамдары, шұжық, 
жұмыртқа, балық консервалары, сүт, шырындар, лимонад, сыра және т.б. жатады. Олар 
аурудың қоздырғыштарына қолайлы қоректі орта болып табылады.
Қабылдаушылық - жоғары деңгейде, залалданған тағамды қабылдаған адамдардың 
90-100% ауруы мүмкін. Сол себептен ауырғандардың топтылығы және аурудың 
эксплозивті (кенеттен ауырады) сипаты, аз уақытта көп адамның ауырып қалуы тағамдық 
токсикоинфекцияларға аса тән эпидемиологиялық көрсеткіш. Ауру жыл бойы, көбінесе 
жаз айларында кездеседі. 
Патогенезі.
Тағамдық токсикоинфекциялар кезінде асқазанға түскен уақытта тағам 
құрамында бактериялармен қатар токсиндер түседі. Осының нәтижесінде инкубациялық 
кезең өте қысқа болады. Тағамдық токсикоинфекцияның патогенезі мен клиникалық 
көрінісі экзотоксиннің түрі мен мөлшеріне және басқа токсиндік заттардың болуына
байланысты. 
Энтеротоксиндер асқазан мен ішектің эпителиальды клеткаларымен байланысып, 
эпителиоциттердің ферменттік жүйелеріне әсер етеді. Аденилциклаза мен гуанилциклаза 
шырышты қабат клеткаларының биологиялық активті заттардың (циклдік АМФ, циклдік 
ГМФ) түзілуін жоғарылатады. Токсиндер әсерінен простагландиндердің, гистаминнің, 
ішек гормондарының түзілу жылдамдығы жоғарылайды. Бұның нәтижесінде асқазан мен 
ішек қуысына сұйықтық пен тұздар жиналады, диарея пайда болады. 
Цитотоксин эпителиоциттер мембраналарын зақымдап, олардың белок - синтездік 
процестерін бұзады. Бұның нәтижесінде ішек қабырғасының токсиндерге өткізгіштігі 
жоғарылап, интоксикация дамиды, микроциркуляция бұзылады немесе шырышты 
қабаттың қабыну өзгерістері пайда болады.
Токсиндердің әсері эпителиалды клеткалардың десквамациясынан кейін тоқтайды. 
ТТИ-да патогномониялық морфологиялық өзгерістер болмайды (аутопсияда – айқын 
гастроэнтериттің көрінісі болады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет