Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет37/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
 
ТАҒАМДЫҚ ТОКСИКОИНФЕКЦИЯЛАР (ТТИ)
Анықтамасы.
Тағамдық токсикоинфекциялар

экзотоксин бөлетін шартты 
патогенді бактериялармен шақырылатын, асқорыту жолдарының жоғарғы бөліктерінің 
зақымдалуымен және су-тұзды алмасудың бұзылуымен өтетін жедел, қысқа уақыттағы 
аурулар тобы. 
Тақырыптың өзектілігі
. Тағамдық токсикоинфекциялар ішек аурулар тобына 
жатады. Өзектілігі клиникасының ауыр түрде өтуінің мүмкіншілігіне, асқынулар ретінде 
ИТШ және гиповолемиялық шоктың дамуына байланысты. ТТИ кезінде жедел 
хирургиялық, гинекологиялық аурулармен, миокард инфарктімен салыстырмалы диагноз 
ерте жүргізу қажет. 
Аурудың ағымы қоздырғыштардың және экзотоксиннің мөлшеріне байланысты өтеді.


41 
Тарихи мәліметтер. 
Тағам қабылдауымен байланысты құсу және іштің өтуімен 
сипатталатын аурулар ерте заманнан белгілі болған. Сырқат малдың етін қабылдағанда 
ауру дамитыны анықталған (Пекин М., 1812, Боллингер О., 1876). Кейін ауруды 
қоздыратын шартты патогенді бактериялармен және олардың токсиндерімен залалданған 
тағамдар екені белгілі болды. П.Н.Лащенков (1901) алғаш рет стафилококкты 
токсикоинфекцияның клиникалық көріністерін жазып берген.
Этиологиясы.
Тағамдық токсикоинфекцияның қоздырғыштарына адам ағзасынан 
тыс, тағамда экзотоксиндер өндіре алатын қасиеттері бар, көптеген шартты патогенді 
бактериялар жатады. Экзотоксиндерге энтеротоксиндер (термолабильді, термостабильді) 
және цитотоксиндер жатады. Энтеротоксин өндіруші қасиеті бар, аурудың жиі кездесетін 
қоздырғыштарына Clostridium perfringens, Proteus vulgaris, Proteus mirabilis, Bacillus cereus, 
Klebsilla, Serratia, Enterobacter, Citrobacter, Pseudomonas, Vidrio жатады. 
Цитотоксин
өндіруші қасиеті бар коздырғыштарға Klebsilla pneumoniae, Enterobacter 
cloacae, Clostridium perfringens, St aureus, Aeromonas hidrophila, Vibrio parahaemoleicus 
және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет