Алдын алу шаралары.
Тырысқақтың профилактикасы үшін шаралар жүйесі басқа
елдерден осы жұқпалы ауруды алып келуден сақтандыруға, эпидемиологиялық
бақылауды жүзеге асыруға және үй-жай тазалығын жақсартуға бағытталған. Сонымен
қатар сыртқы ортаны қалпына келтірудің де көп маңызы бар. Соның ішінде халықты таза
ішімдік сумен қамтамасыздандыру, ағынды суларды дезинфекциялау, азық-түлік кәсіп
орны мен сүт өнеркәсібінің, сауда орындарының, көпшілік тамақтандыру орындарының
тазалығын қатаң бақылау аса маңызды орын алады. Эпидемиялық ошақтардан келген
адамдарды 5 күн бақылап, 1 рет бактериологиялық зерттеу керек. 5 күн ішінде ол адамды
және оның отбасын емхана дәрігері тексеруден өткізіп, асқазан-ішек ауруының алғашқы
белгісі сезілсе, онда міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы керек.
Ерекше профилактиканың көрсеткіші бойынша корпускулярлы тырысқақ вакцинасы
және холероген-анатоксин қолданылады.
БОТУЛИЗМ
Анықтамасы.
Ботулизм
(аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен
дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-
инфекциялық ауру.
Тақырыптың өзектілігі
. Ботулизм –
барлық жұқпалы аурулар арасында сирегірек
кездесетініне қарамастан ол өзекті мәселелі ауру.
Барлык елдердегідей, Қазақстанда да
ботулизммен аурудың басым көпшілігі (89%) үйде дайындалатын тағам өнімдерін
(маринадталған саңырауқұлақтар, көкөніс консервілері, үйде дайындалған балықтар т.б.)
пайдалануымен байланысгы. Ботулизмнің клиникалық және эпидемиологиялық мәні
аурудың ауырлығымен, жоғары өлім-жетімділігімен (15-25%) және тағам өнімдерін үй
жағдайында консервілеу масштабының есуімен анықталады.
Ботулизм көп жағдайда өз уақытында анықталмайды. Ботулизммен ауыратын
науқастарға диагноз коюда жіберілген қателіктер мен емді кеш бастау аурудың қолайсыз
нәтижесінің себебі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |