Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет98/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Тарихи мәліметтер. 
Қызамық ұзақ уақыт жеке ауру ретінде саналмаған. Жеке 
нозология ретінде оны 1834 ж. Вагнер бөліп шығарған. 1881 ж. Лондонда өткен 
халықаралық конгрессте бұл ауруды жеке ауру ретінде қабылдаған. 1938 ж. Hiro және 
Tasaka аурудың вирусты этиологиясын дәлелдеген. Ал қызамық вирусын 1962 ж. Parkman 
тапқан және толық зерттеген.
 Этиологиясы
.
Қызамық вирусы тогавирустарға жатады. Вириондарының диаметрі 
- 60-70 нм, үстіңгі жағында сирек талшықтар орналасқан, ұзындығы 8 нм, РНҚ бар. Басқа 
тоговирустардан айырмашылығы, вируста нейраминидаза бар. Вирус кейбір маймылдың 
түрлері үшін патогенді. Ол көптеген клетка дақылында көбеюге қабілетті. Вирус сыртқы 
ортада тұрақсыз, ол құрғатуда, рН өзгерісінде (6,8 төмен, 8,0 жоғары), ультра күлгін 
сәулесінің әсерінде, эфир мен формалин әсерінде тез жойылады.


89 
Эпидемиологиясы
.
Аурудың көзі тек қана науқас адам. Яғни, олар қызамық 
түрлерінің клиникалық көрінісі бар адамдар немесе аурудың атипті, бөртпесіз, сондай-ақ 
туғаннан қызамықтың вирусы ағзада көп айлар бойы сақталуы мүмкін балалар (1,5 жасқа 
дейін). Қызамық вирустары сыртқы ортаға бөртпе пайда болғанға дейін және бөртпе 
шыққаннан кейінгі 1 аптаның ішінде бөлінеді. Жүре пайда болған қызамық ауа-тамшылы 
жол арқылы, туа пайда болған қызамық трансплацентарлы жол арқылы беріледі. 
Қабылдаушылық жоғары. Контагиозды индексі өте жоғары- 80-90%. 
Патогенезі
.
Қызамықтың вирустары адам ағзасына тыныс алу жолдарының 
шырышты қабықтары арқылы өтеді. Одан әрі вирусемия басталады. Бүкіл организмге 
вирус гематогенді жолмен таралады және лимфа түйіндерінің өзгерісін тудырады, яғни 
жасырын кезеңнің аяғында олар үлкейеді. Бұл уақытта вирусты мұрын жұтқыншағынан 
бөлуге болады. Бөртпенің пайда болуымен вирус қан және жұтқыншақта табылмайды, 
бірақ кейде оның бөлінуі 1-2 аптаға созылады. Антиденелер қан сарысуына бөртпе 
шыққаннан 1-2 күннен кейін бөлінеді. Одан әрі олардың титрі жоғарлайды. Ауруды 
бастан өткізгеннен кейін антиденелер өмір бойы сақталады, яғни иммунитет тұрақты әрі 
өмірлік болады. 
Қызамық вирусы жүкті әйелдерде жатырдағы нәрестені зақымдайды. Нәрестенің жиі 
зақымға ұшырауы, жүктіліктің мерзіміне байланысты. Жүктіліктің 3-4-ші аптасында 
қызамықпен ауыру жағдалары 60% нәрестенің кемтар болып туылуына себепші болса, ал 
9-12-ші аптада осы ауруға шалдығу-15% құрайды, 13-16-шы аптасында -7% нәрестенің 
кемтарлықпен дүниеге келуіне алып келеді. Қызамық ауруымен өмірге келген нәрестенің 
организмінде вирус ұзақ уақыт сақталатындықтан, ол басқа балалар үшін аурудың жұғу 
көзі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет