90
Атипті қызамық экзантемасыз және жеңіл түрде өтеді, ол тыныс алу жолдарының
жеңіл катаральды қабынуымен және орташа лимфаденопатиямен сипатталады.
Инаппарантты қызамықты анықтау қиын. Қызамықтың бұл түрінің жиілігі түсініксіз
болып отыр. Аурудың клиникалық көрінісіне қарағанда, ол 5-6 есе жиі байқалады.
Шеткі қанда лейкопения, лимфоцитоз, плазматикалық жасушалардың өсуі, ЭТЖ
қалыпты.
Туа пайда болған қызамық
. Бұл аурудың синдромына жүрек ақауының дамуы, көздің
зақымдануы, микроцефалия, ақыл-естің кемдігі, кереңдік жатады. Одан әрі қант диабеті
немесе үдемелі жеделдеу панэнцефалит дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: