Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі



бет24/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

Бронхиалық демікпе дегеніміз - негізгі патогенетикалық механизмі бронхтардың гиперреактивтілігімен қабынумен жүретін, негізгі клиникалық көрінісі болып - бронхоспазм салдарынан тұншығу ұстамасымен (көбіне экспираторлы), бронхтардың кілегей қабатының ісінумен, гиперсекрециясымен жүретін тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы.
Бронх демікпесінің жіктелуі өкпе функциясының көрсеткштері мен клиникалық симптомдарының көрінісімен негізделеді:
1.Этиологиясына байланысты: атопиялық (экзогенді); атопиялық емес (эндогенді); аралас.
2. Аурудың ауырлығына байланысты ажырады: Ι саты, ΙΙ саты, ΙΙΙ саты, ΙV саты.
Ағым фазасына байланысты: өршу, тұрақты емес ремиссия, ремиссия, тұрақты ремиссия (2 жылдан көп).
Қауіп факторлары: кенелер аллергені, үй шаң тозаңы (ұсақ көзге көрінбейтін), шылым шегу (науқас өзі тарта ма, әлде басқалар тартқандағы түтінмен дем алама), түкті жануарларға аллергия, тарақандарға аллергия, саңырауқұлақтарға аллергия, физикалық күш түсу және дәрілік заттарды қолданғанда.
Ұстаманы басу: тез әсерлі ингаляционды β-2 агонистер (сальбутамол, фено-терол); тез әсер ететін ұзақ әсерлі β-2 агонистер (сальметерол,формотерол); ингаляционды холинолитиктер (ипротропия бромид); β-2 агонистер мен холинолитиктер қосылған комбинирленген дәрілік заттар; қысқа әсерлі метилксантиндер (аминофиллин); ГКС (преднизолон).
Емдеудің келесі этапына ауыстыру критерийлері: бронхолитикалық терапияның әсерінің болмауы, 6-8 сағат аралығында тұншығу ұстамаларының басылмауы, тыныс алу жеткіліксіздігінің ұлғаюы, «мылқау өкпе».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет