Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата06.04.2020
өлшемі0,69 Mb.
#61709
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аралбай С.М.Әлеуметтану
тесты МОХ,ко.Каргу, «Психология және мәдениеттану» 480 тест каз, «Психология және мәдениеттану» 480 тест каз, Бақылау жұмысы 4 сынып, 0 дік бақылау 11 Био

дисфункция  деп  атайды,  Институт  туралы  айтылғанда,  егер  ол 

дисфункцияланса  олардың  кейбір  әрекеттерінің  салдары  басқа  әлеуметтік 

әрекеттердің  немесе  басқа  институттардың  жүзеге  асуына  кедергі  жасайды. 

Немесе,  дисфункцияның  әлеуметтік  сөздіктердің  біріндегі  анықтамасы,  бұл 

«әлеуметтік  жүйедегі  пайдалы  әрекетті  қамтамасыз  етуге  кері  негативті 

әсерін  тигізетін  кез  келген  әлеуметтік  қызмет».  Мысалыға,  эконмикалық 

институт өзінің дамуы барысында білім беру институтынан біршама жоғары 

міңдеттерді  талап  етеді.  Дәл  осы  экономиканың  талаптары  индустриалдық 

қоғамдағы  бұқаралық  сауаттылықты  дамытуға  алып  келеді,  осыдан  келіп  – 

сапалы  мамандардың  санын  артылуына  қажеттілік  туады.  Бірақ,  егер  білім 

беру  институты  өзінің  осы  міңдетін  орындай  алмаса,  яғни  эконмиканың 

талаптарына  сай,    онда  қоғам  ешбір  индивидтің  дамуына,  өз  ісіне  шебер 

кәсіпқойлардың  орын  алуына  қол  жеткізе  алмайды.Осылайша  функциалар 

дисфункцияға 

айналады. 

Сондықтанда 

әлеуметтік 

институттардың 

қызметтері функцияны қоғамдағы интеграция мен тұрақтылықты сақтап тұру 

қабілетіне байланысты анықтайды.  

         Әлеуметтік институттардың функциясы мен дисфункциясы барлығымен 

мойындалып айқын көрінген болса онда оны анық, немесе егер ол жасырын  

және  әлеуметтік  жүйедегілерге  танылмаған  болса  онда  оны  латентты  деп 

аталады.  

         Институттардың  анық  функциялары  қажетті  және  болжалатын  болып 

келеді.  Олар  кодекстерде  қалыптасып  және  жариаланады,  сонымен  қатар 

статустар мен ролдер жүйесінде бекітіледі. Латентті функциялар институттар 

немесе  жеке  адамдардың    қасақана  емес  қызметтерінің  жемісі.  Анық 

функциялар кез  келген институттар  негізінде мақсатына жетуді көрсетсе, ал 

латентті  –  онын  оган  тигізген  әсерінін  көрінісін  бейнелейді.  Білім  беру 

институты  ретінде  мектептің  анық  функциясына  грамоталар  мен  жақсы 

аттестацияны  алу,  жоғарғы  оқу  орындарына  түсуге  дайындық,    кәсіпқой 

ролдерді  оқып  үйрену,  қоғамның  негізгі  құндылықтарын  игеруді 

жатқызамыз.   Бірақ мектеп институтының жасырын қызметтерінде ескерген 

жөн:  белгілі  бір  әлеуметтік  статусты  игеру  бітірушілердің  сауатсыз 


19 

 

құрдасынан  бір  саты  жоғары  тұрғандығын  көрсетеді.  Анық,  яғни  толық 



көрсетілген жоғарғы білім институтының функцияларына  жастарды әртүрлі 

арнайы  ролдер  мен  қоғамдағы  орын  алып  отырған  мораль  және  идеология 

тәрізді  құндылықтарды  игеруге  дайындауды  жатқызсақ,  ал  жоғары  білімді 

игерушілер  мен  игере  алмағандар  арасындағы  әлеуметтік  теңсіздікті  айқын 

емеске жатқызуға болады. 

3.        Институттардың  пайда  болуы  ежелгі дәуірден  бастау  алады.  Ең  ежелгі 

болып  отбасы  институты  орын  алады  (500  мың  ж.б.).  Дін  өзінің  алғашқы 

пайда  болып  (фетишизм,  тотемизм)  дамуы  барысын  шамамен  30-40  мың 

жылға созады. Мемлекеттің пайда болуы 5-6 мың жылды көрсетеді. 

         Әлеуметтік  институттар  басты  (негізгі,  фундаменталды)  және  басты 

емес  (негізгі  емес,  жеке)  болып  екіге  бөлінеді.  Екіншісі  біріншісінің 

шенберінде  орын  ала  отырып,  ұсақ  білім  беру  тәрізді  олардың  бір  бөлігі 

ретінде  орын  алады.  Басты    және  басты  емес  болып  бөлумен  қатар,  оларды 

басқада  критерилерімен  класстарға  жіктеуге  де  болады.  Мысалыға, 

институттар  өзінің  пайда  болу  кезеңімен  және  өмір  сүру  ұзақтығымен  де 

ерекшеленеді  (әрдайым  әрекет  етуші  және  қысқа  уақыттағы  институттар). 

Сонымен  қатар  ережелерді  бұзған  жағдайда  қолданатын  санкциялардың 

қатандығына, 

өмір 


сүру 

жағдайына 

байланысты, 

басқарудағы 

бюрократиялық жүйенің орын алуы немес орын алмауы, формалды ережелер 

мен рәсімдердін орын алуы немесе орын алмауы т.б. байланысты.  

        Ч.Миллс  қазіргі  қоғамда  бес  институционалдық  тәртіпке  реттеп,  басты 

институттардын ретін көрсетті: 

         - эконмикалық - шаруашылық қызметті ұйымдастырушы институттары; 

         - саяси – билік институттары;  

         - отбасы – жыныстық қатынасты,бала тууды және балалардың 

әлеуметтенуін реттеуші институттар; 

         - әскери – физикалық қауіпсіздіктерден қоғам мүшелерін қорғауды 

жүзеге асырушы институттар; 

         - діни – құдайды ұжым болып құрметтеуді ұйымдастырушы 

институттар. 

         Әлеуметтік  институттардың  ұсынылуы  қоғамның  маңызды  өмірлік 

қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып тұтастықта ұстауында. Осындай бес 

қажеттіліктер  орын  алып,  оларға  бес  негізгі  әлеуметтік  институттар  сәйкес 

келеді. 


- ұрпақ жалғастыру қажеттілігі (отбасы және неке институты). 

- әлеуметтік тәртіп пен қауіпсіздік қажеттілігі (мемлекет және басқада 

саяси институттар институты).  

- тіршілік етуге өндіріс құралдары табу қажеттілігі (экономикалық 

институт). 

- өсіп келе жатырған ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар дайындау, 

білімді беру қажеттілігі (білім беру институты). 

      -  өмірдің  маңызы,  рухани  мәселерді  шешу  қажеттілігі  (дін 

институты). 


20 

 

          Негізгі  емес  институттарды  қоғамдық  тәжрибелер  деп  те  атайды.               



Кез-келген  басты  институттардың    тәжрибелер,  методтар,  әдістер, 

рәсімдердің арқасында өзінің жүйесі қалыптасады. Осылайша экономикалық 

институттар осындай механизмдер мен тәжірибелерсіз жүзеге асырылмайды, 

яғни  валюта  айырбастау,  жеке  меншікті  қорғау,  кәсіпқойларды  іріктеп  алу, 

жұмысшылардың  еңбегін  тағайындау  және  бағалау,  маркетинг,  нарық  және 

т.б. Отбасы және неке институттарының ішіне әке және ана, рушылдық кек 

алу, бабаларынан қалған әлеуметтік статусты иемдену және т.б. институттар 

кіреді.  

         Басты  емес  саяси  институттарға  тиесілер,  мысалы,  сот  сараптамлары, 

төлқұжат 

тіркелімі, 

кеме 


өнеркәсіптері, 

адвокаттар, 

қылмысқа 

тартылушылар,  қамауға  алынған  сот  бақылауындағылар,  сот  билігі, 

президенттер  және  т.б.  институттар.  Үлкен  топ  адамдарының  келісілген 

әрекетін  ұйымдастыруға  көмектесетін  күнделікті  тәжірибелер  әлеуметтік 

шындықты  болжауға  және  анықтауға  мүмкіндік  беріп,  солардың  арқасында 

әлеуметтік институттардың өмір сүруі өз жалғасын табады. Біз ескінің орның 

басатын жаңа институттардың пайда болуының куәсі болып отырмыз. Біздің 

көз алдымызда жалпы соттық жүйеден Ата Заң сотының өз алдына институт 

ретінде бөлініп шыққандығы. Денсаулық сақтау институтының  шеңберіндегі  

наркология  өз  алдына  институт  ретінде  қалыптасуға  мүмкіндік  алды.  Проф. 

К.Ғабдуллинның  пікірінше,  осындай  саралану  мен  арнайылану  қоғам 

дамуының  эволюциялық,  оның  әлеуметтік  институттарының  бірден  бір 

маңызды  белгісі  болып  табылады.  Эволюциялық  дамудағы  эффект  біршама 

нақты, кәсіпқой орындаушылардың қызметтерінің жемісінен  көрінеді.  Жаңа 

әлеуметтік  институттардың  пайда  болуы  оларға  деген  байланысты  біршама 

тәуелсіз, 

тұрақты 

және 


басқалардың 

байланысымен 

теңдікте 

жасайды.Тергеуші  өзің  прокурор  мен  ішкі  істер  органдарынан  тәуелсіз 

болуға  ұмтылса,  наркология  -  жалпы  денсаулық  сақтаудан  және  т.б.  өзінің 

толық  ерекше  екендігін  көрсетеді.  Нәтижесінде  тәуелсіз  әлеуметтік 

институттын пайда болуына алып келеді. 

№3 Дәріс: Әлеуметтік – демографиялық құрылым әлеуметтік 

стратификацияның бөлігі ретінде. 

Жоспары: 

 1Демография ұғымы туралы түсінік. 

2Қоғамның демографиялық құрылымы. 

3Қазақстандағы демографиялық құбылыстардың кейбір даму жағдайлары. 



 

1.   Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыс тану ғылымдары зерттейді. 

Осылардың  ішінде  демография  ерекше  орын  алады.  Демография  гректің 

«demos» - халық, «grafo» -  жазу, сипаттау деген сөздерінен шыққан.  

      Халық  кең  мағынасында  (немесе  ел  -  жұрт)  адамдардың  жиынтығын 

білдіреді. Ол белгілі бір территорияда (немесе жер көлемінде) өмір сүреді, іс 


21 

 

- әрекет, қызмет жасайды. Демография халықтың құрамын, санын және оның 



өсуін,  өнуін,  көбеюін,  азаюын  зерттейді.  Бұл  процесте  адамның  жынысы, 

жасы,  атқаратын  қызметі,  жұмысы,  т.б.  жақтары  негізге  алынады,  сөйтіп 

жалпы  халықтың  әр  түрлі  қозғалыс,  өзгерістерін  (мысалы,  некелесу,  туу, 

миграция,  өндіріске  әсерін,  т.б.)  зерттейді.  Әр  қоғам  халқының  өзінің  өсу, 

өнудегі  ерекше  даму  заңдылықтары  болады.  Ал,  мұның  өзі  қоғамның 

нақтылы  әлеуметтік  –  экономикалық  жағдайына  байланысты.  Халықтың 

санын,  құрылымын  және  оның  қозғалысын,  дамуын,  өзгеруін  демография 

ғылымы,  дәлірегі,  оның  ішінде  демографиялық  статистика  зерттейді. 

Кейінгінің негізін ғылыми экономикалық теориялар, тұжырымдар құрайды.  

         Ғылыми  саяси  экономия  теориясына  сәйкес  әрбір  тарихи  өндірістік 

тәсілдің  өзіне  тән  халықтың  өсіп  -  өну  заңы  болады.  Халықтың 

жұмыссыздығы, оның материалдық жағдайының төмен болуы сол қоғамның 

экономикалық  даму  заңдарына  тікелей  байланысты.  Осыған  орай  халықтың 

өсуі қоғамның метериалдық жағдайының жүйесіне кіреді, бірақ, ол қоғамның 

негізі қозғаушы  күші  бола  алмайды.  Сонымен,  демография  халықтың  алуан 

түрлі  ерекшелік  сипаттамаларын  еске  ала  отырып,  оның  сандық 

заңдылықтарын  зерттейді.  Халықтың  сан  жағынан  қанша,  адам  белгілі  бір 

мамандықта, қанша адамның белгілі бір деңгей - дәрежеде білімі бар; екінші 

жағынан, демография адамдардың кейбір сапалық сипаттамаларын, мысалы, 

белгілі  бір  орындалып  жатқан  қызмет  тұрғысынан  халықтың  қоғамдағы 

әлеуметтік  жағдайын  зерттейді.  Демографиялық  зерттеудің  өлшемі  – 

нақтылы  адам.  Оның  өмір  –  тіршілігінде  физиологиялық  және 

психологиялық ерекшеліктері,  әсіресе, оның тұрғын орны, отбасы жағдайы, 

қызмет  түрі,  мамандығы,  жұмыс  орны,  қоғамдық  жағдайы,  білімі,  тілдерді 

білуі,  т.б.  біртіндеп  өзгеруі  мүмкін.  Жеке  адамдардың  кейбір 

сипаттамаларының  өзгеруі  жалпы  халықтың  сиапттамасын  зерттейді. 

Мысалы,  неке  үйленушілердің  қатарын  көбейтіп,  бойдақтардың  санын 

кемітеді.  Жеке  адамдардың  меке  –  тұрағын  ауыстыруы  –  яғни  миграция  – 

халықтың құрамына, санына әсер ететін үлкен фактор. Халықтың саны, оның 

құрамы  туу,  өлу  сияқты  биологиялық  заңдылықтарға  сәйкес  әрдайым  

өзгеріп  отырады.  Халықтың  санын,  құрылымын  ғылыми  ұйымдастырылған 

статистика 

жолымен 

есептеу 


әдісі 

қолданылады. 

Демографияда 

статистикалық  әдістердің  ерекше  зор  маңызы  бар,  кейбір  ғалымдар 

демография  мен  демографиялық  статистиканы  ұқсас  ұғымдар  деп  есептеп, 

бір  –  бірімен  шатастырады.  Бірақ  демографиялық  ұғымның  мазмұны 

анағұрлым  кең;  оның  өзіне  тән  дербес  міндеттері  бар,  ол  халықтың  дамуы, 

өсуі саласындағы байланысты, заңдылықты ашуы керек, бұл үшін қоғамдағы 

елеулі қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға 

тиіс.  Демография  халықты  зерттейтін  барлық  ғылымдарды  қажетті 

материалдармен қамтамасыз етеді.  

        Ал,  демографиялық  старитстика  (Халық  статистикасы)  –  білгілі  бір 

халықтың  санын,  құрамын,  орналасуын  және  өзгеріс  –  қозғалысын  немесе 

оның жекеленген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өндеуге, баяндауға 



22 

 

және  талдауға  статистикалық  тәсіл  қолданылатын  статистика  саласы. 



Демографиялық  статистика  халықтың  тууын,  өлуін,  некеге  отыруын,  бір 

жерден  екінші  жерге  қоныс  аударуын  зерттейді.  Халықтың  саны,  оның 

құрамы  мен  орналасуы  жөнінде  ең  дәл  және  егжей  –  тегжейлі  деректерді 

халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның таптық  және 

жыныстық  жасына  қарай  құрамы  арнаулы  есептеулер  арқылы  анықталады. 

Халықтың  тууы,  өлуі,  некелесуі,  ажырасуы  жөніндегі  деректер  АХАЖ 

(ЗАГС)  органдарында,  ал,  халықтың  қоныс  аударғандарын  милиция 

органдарында тіркеудің нәтижесінде анықтайды. Демографиялық статистика 

халық  санағының  принциптерін  анықтап,  оны  әзірлеу  мен  жүргізуді 

ұйымдастырады, санақтың бағдарламасын жасап, қорытындысын, талдайды, 

халықтың  саны  мен  құрамын  зерттейді,  балалар  өлім  –  жетімнің,  халық 

өсімінің көрсеткіштерін есептеудің, өмір ұзақтығы көрсеткіштерін есептеудің 

тәсілдерін  жасайды.  Халық  тығыздығының  көрсеткішін  есептейді. 

Демографиялық  статистиканың  кейбір  көрсеткіштерінің  халық  өсуінің 

келешегін зерттеуде маңызы зор.  

2.      Демографиялық  құрылым  туралы  әңгіме  болғанда  халықтың  қандай 

бөліктерден,  әлеуметтік  топтардан  тұратынын,  олардың  орналасу  тәртібін, 

араларындағы байланыс, қатынастарын, бір – біріне тигізетін әсерін ескерген 

жөн.  


         Нақтылы  өмірде  «халық»  деген  ұғымның  екі  мағынасы  бар:  1)  Оның 

біріншісінде,  халық  кең  мағынадағы  ұғымды  береді,  яғни  тұтас  елді 

қамтитын ұғымды білдірмек. 2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы 

таптық  және  топтық,  құрамы,  жыныс,  жас  шамалары  алуан  түрлі  болып 

келетін,  тарихи  өзгеріп  отыратын  әлеуметтік  үлкен  топтардың  бірлігі.  Бұл 

ұғымға  кіретін  таптар  мен  топтар  өзінің  объективтік  жағдайына  қарай 

қоғамның  ілгері  дамуына  әсерін  тигізетін  міндеттерді  шешіп  отыруға 

қабілетті  болып  келеді.  Халық,  сайып  келгенде  жеке  адамдар,  еңбекшілер 

бұқарасы,  материалдық  және  рухани  игіліктерді,  бүкіл  адамзат  тарихын 

жасаушы,  қоғам  өмірінде  түбегейлі    өзгерістер  жасаушы  күш.  Қоғам 

дамуындағы адамзаттың шешуші рөлін жоққа шығарып келген теріс, ғылыми 

емес,  адамдарды  тобыр  деп  есептейтін  реакцияшыл  әлеуметтанудың  «қате» 

пікірлерін ғылыми әлеуметтану әр уақытта әшкерелеп отырады.   

         Халықтың  тарихтағы  орнын  тұңғыш  рет  айқындап  берген  марксизм 

тұжырымдамасы болды.  

         Жалпы  халық  әрбір  жеке  адамдардың,  топтардың,  таптардың, 

ұлттардың, әр түрлі нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады, олар әр түрлі 

қоғамда  әр  түрлі  орын  алады,  қызмет  атқарады,  бір  жерден  екінші  жерге 

көшіп – қонып  жүреді, ол  туады, өседі, азаяды, т.б. процестер ұдайы болып 

жатады.  

        Халықтың  құрамы  да  халықтың  өсуі  сияқты  бірдей  емес  және  бірдей 

болуы  мүмкін  емес.  Мысалы,  адамның  үш  нәсілі  болады  (Европойд, 

Монғолойд,  Негройд).  Осы  үш  нәсіл  табиғи  заңдылыққа  байланысты  әр 

жерде  орналасқан.  Мысалы,  Еуразияның  Азия  бөлігінде  көздері  сығырлау, 



23 

 

аққұба  келген,  бойлары  аласалау  халық  тұрады.  Батыс  бөлігінде  сарылау 



келген,  ұзындау,  көзі  көк  халықтар  тұрады.  Африка  құрлығын  түрі  қара, 

шашы бұйра халық мекендейді.  

       Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін. 

Ұлт деп, адамдардың арғы аты – тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс – қимылдары 

ұқсас  келетін  топты  айтамыз.ұлт  деп  діні  бір,  тілі  бір  адамдардың 

жиынтығын айтуға болады.  

        Бұл жерде біз басқа халықтар, тіпті көршілес елдер туралы айтпай  – ақ, 

өз халқымыздың, яғни қазақтың жеке хандығы құрылған кезден бастап күні 

бүгінге  дейінгі  демографиялық  дамуын  әңгіме  етсек  жөн  болар  еді.  Қазақ 

халқы  қаншама  өсімтал  болғанымен  оның  өсіп  өркендеуінде  орасан  зор 

зиянды зардаптарды басынан өткізеді. Олар: Жоңғар шапқыншылығы, 1919 – 

шы  жылғы  ұлт  -  азаттық  көтеріліс,  азамат  соғысы,  Голощекиндік  геноцид, 

Сталиндік  репрессия,  Ұлы  Отан  соғысы,  Тың  игеру  кезеңдері,  Желтоқсан 

оқиғалары, т.б.  

        Иә, шындығында, қазақтар мың өліп, мың тірілген халық. Міне, қазіргі 

уақытта  халқымыз  егемендік,  еркіндік,  бостандық  алып  дамудың  жаңа 

сатысына  көтеріліп  отыр.  Қазір  оның  демографиялық  даму  мүмкіндігі  зор. 

Осының  бір  куәсі  ретінде  шетелдерден  ағылып  келіп  жатқан  қандас 

бауырларымыз  (оралмандар)  атамекенге  ат  басын  тіреп,  тұрақтанып  та 

жатыр.  


3.    Еліміздің белгілі демографы М. Тәтімов өзінің «Қазақ әлемі» («Қазақтың 

саны  қанша?»)  Алматы,  1993,  атты  кітабында  жалпы  әлем  қазақтарының 

саны,  қазақ  ру  -тайпалары,  олардың  сандары,  орналасуы  туралы  қызықты 

деректерді  келтірген  болатын.  Бірақта  Қазақстан  халқы  әлеуметтік  үдіріске 

ат  салысып  отырғандықтан  олардың  бүгінгі  тандағы  өсіп  өнуіндеде  аса 

өзгерістер  болуда.  Соңдықтанда,  2012  жылдың  1  ақпанында  еліміздің 

халқының  саны  16698,1  адам  болса,  ондағы  қалада  тұратындардың  саны 

9128,3  мың  адамды(54,7%),  ал  ауылда  тұрушылардың  саны  7569,8  мың 

адамды(45,3%) құрады. Жыл басымен салыстырғанда жалпы еліміздін халық 

саны  23,2  мың  адамға,  немесе  0,1%  өсті.    2012  жылдың  қаңтарында 

республика  халқының  табиғи  өсімі  21,6  мың  адамды  құрады(2011  жылдың 

қаңтарында – 19,5 мың адам). Табиғи өсудің жалпы коэффициенті халықтың 

1000 адамына шаққанда 15,5(14,2) құрады. Қаңтар айында еркектер 11,4 мың, 

яғни  8054,0  (48,2%)  мың  адам  саның,  соған  сәйкес  әйелдер  11,8  мың,  яғни 

8644,1 (51,8) мың адам саның құрады. Мың әйелге  932 еркектен келеді. 

Қаңтар  айында  АҚАЖ  органына  нәрестелердің  тіркелгендер  саны  31,5  мың 

(34,1  мың),  яғни  өткен  2011  жылдың  қаңтар  айымен  салыстырғанда  2,9% 

жоғары.  Туылғандардың  жалпы  коэффициенті  25,3  құрап,  1000  адамға 

шаққанда (24,9) туылым. 2012 жылдың қаңтар айында елімізде өлгендер 13,5 

мың  адам  саның  (14,6)  құрап,  өткен  2011  жылдың  қаңтарымен 

салыстырғанда  7,5%  кеміген.  Өлімнің  жалпы  коэффициенті  1000  адамға 

шаққанда  9,7  адамды  құрайды(10,7).  Өлушілердің  негізгі  көрсеткішін  қан 

айналымы жүйесінің аурулары – 29,1% (46,6%) құрайды. Кенеттен өлушілер 


24 

 

1498 (1713) саның құраса, олардың 151 (157) - біреулердің қолынан, 264 (291) 



- өз қолымен және 206 (293) жол-көлік апатынан орын алады. 

        Республикамызда  1  жас  аралығында  өлген  балалар  саны  504  (537) 

құрайды.  Сәби  өлімінің  коэффициенті  1000  туылған  балаға  шаққанда  14,3 

(15,7)  құрайды.  Жас  нәресте  өлімінің  негізгі  себептері  босанған  кезде  және 

босанғаннан  кейінгі  шақтарда  көп  орын  алады,  яғни  2012  жылдың  қаңтар 

айында  257  (302)  нәресте  шетінеді,  немесе  жалпы  жас  нәрестелердің  өлім  

санының  51,1%  (56,2%)  құрады.  2012  жылдың  қаңтар  айында  некеге 

тұрушылардың  саны  11,6%  өсіп,  яғни  11011  некені  құрады  (2011  жылдың 

қаңтарында  9864  неке).  Некеге  тұрушылардың  жалпы  коэффициенті  1000 

адамға  шаққанда  7,9  (7,2)  құрады.  Сонымен  қатар  ажырасушылардың  саны 

15,4%  артып,  3901(3379)  отбасын  құрады,  ажырасушылардың  жалпы 

коэффициенті  1000  адамға  шаққанда  2,8  (2,5)  құрады.  Қазақстан 

Республикасының  2012 жылғы қаңтарындағы демографиялық мәліметтеріне 

назар  аударайық.  2012  жылдың  қаңтарындағы  халықтардың  көшіп  қону 

көрсеткіші  1580  адамды  құрап,  қалыпты  жағдайға  бағаланып  отыр.  2011 

жылдың қаңтар айымен салыстырғанда Қазақстанға келушілердің саны 6,8% 

болса,  ал  Қазақстаннан  кетушілер  саны  25,5%  құрайды.  Негізгі  миграция 

ТМД  мемлекеттерінің  арасында  орын  алуда.  Көрші  ТМД  елдерінен 

келушілер  мен  кетушілердің  үлесі  83,2%  және  95,2%  сәйкестікті  құрады. 

Шет  елдерге  кетушілер  саны  8,4%  өскен.    Ауданаралық  көшіп-қонуда  бес 

аудан негізгі көрсеткішке ие болып отыр, соның ішінде Астана қаласы (2204) 

мен  Маңғыстау  облысының  үлесі  өте  жоғары  (1068  адам).   

www.star.kz

., 


13.03.2012 саясат және қоғам. 

        Қазіргі кезеңде халықтың, ел – жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды 

бәсендету  немесе  болдырмау  тікелей  экономикалық,  әлеуметтік  объективті 

факторларға  байланысты.  Ең  бастысы  өндіріс,  шаруашылық  орындарының 

жұмысын  жандандыру,  олардың  тиімділігін  арттыру  және  осындай 

жолдармен  халықты  жұмыс  орындарымен  қамтамасыз  ету,  олардың 

материалдық  –  тұрмыстық  жағдайын  ұдайы  жақсарту,  табиғи  қоршаған 

ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстарындағы 

кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет.  

         Сондықтан  басқа  да  күн  тәртібінде  өткір  тұрған,  кезек  күттірмейтін 

әлеуметтік  –  экономикалық  көкейтестік  мәселелерді  тез  әрі  тиімді  шешу 

бүгінгі күннің басты талабы болып табылады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



25 

 

№4 Дәріс: Білім беру әлеуметтануы. 

 

Жоспары: 

1.Білім беру әлеуметтануы: негізгі мәселелері. 

2.Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің қайта қалыптасуы. 

 

1.      Білім  беру  үдірісінің  сан  қырлылығы  оны  әртүрлі  ғылымдармен  оқып 

үйренуді  жүктейді.Әлеуметтік  философия,  негізінен  білім  беруді  ерекше 

қоғамдық  құбылыс  ретінде,  қоғамдық  болмыс  пен  қоғамдық  сананың  өзара 

байланысындағы  пайда  болуы  мен  дамуын  зерттейді.  Педагогика  білім 

беруді  ерекше  білім  беретін  және  тәрбие  беретін  сапалы  үдірісте 

қарастырып,  қоғам  өмірінің  ауыспалы  шақтарымен  байланыстыра  отырып, 

оқып  үйренудің  әдістемелік  және  дидактикалық  негізгі  әдістерін  ашуға 

тырысады.  Олардан  ерекше,  сонымен  қатар  экономикалық,  психологиялық 

білім беруден, әлеуметтану білім беруді ерекше әлеуметтік институт ретінде 

ондағы  қоғамның  негізгі  жүйелерімен  өзара  байланысын  –  экономикалық, 

әлеуметтік,  саяси,  рухани  тұрғысынан  зерттеп,  -  және  тұлғаның 

әлеуметтенуіндегі,  оның  тәрбиеленуіндегі  орнын  анықтайды.  Білім  беру 

әлеуметтануы  қоғамдық  ұдайы  өндірістер  жүйесінде  білім  берудің ролі мен 

орның  түсіндіріп,  экономикамен,  руханилықпен,  демографиямен  және 

басқада  қоғамдық  үдірістермен  оның  өзара  байланысын,  қоғамның 

әлеуметтік  құрылымы  және  оның  мәдениетінің  қозғалысымен,  өсіп  келе 

жатырған  ұрпақты  тәрбиелеу  мен  оқып  үйретуде  мұғалімнің  қоғамдық  ролі 

мен әлеуметтік орнын анықтайды.  

 Әлеуметтік  білім  берудің  өз  алдына  пән  ретінде  қалыптасуы 

Э.Дюркгеймнен  бастау  алады,  яғни  атап  көрсеткендей  білім  берудің  негізгі 

функциясы  -  ұрпақтармен  өсіп  келе  жатырған  оқытушы  иелік  етіп  отырған 

мәдениеттің  құндылығы.  Білім  беру  әлеуметтануының  қалыптасуына 

айтарлықтай  үлесін  қосқан  К.Маркс,  Дж.Дьюн,  Т.Парсонс,  Р.Коллинз, 

П.Бурдье, А.Турэн және басқада XIX-XXғ. атақты әлеуметтанушылары.  

         Әлеуметтану  өзінің  қазіргі  дамуы  денгейінде  білім  беруді  төрт  негізгі 

және  өзара  байланысқан  формада  қызмет  ететін  көп  қырлы  сапа  жүйесінде 

зерттейді: 

1. Жеке  адамдарда  қалыптасқан  үдіріс  ретінде  білім  берудің  барлық 

тармағын  (қатысушылар,  студенттер),  оның  өмір  сүріп  және  әрекет  етіп 

отырған әлемі туралы білім жүйесін өзіне қамтыған. 

2. Қоғамдық сананың өркениеттік-мәдениет үдірісінің өлшемі ретінде. 

3. Тұлғаны әлеуметтендіру, оны тәрбиелеудің күшті факторы ретінді. 

4. Тұлға  санасының,  оның  дамуы  мен  тәжірбиелік  жүзеге  асуының  өзіне 

тән феноменологиясы ретінде. 

         Қазіргі 

қоғамымызда 

өркениеттің 

индустриалдық 

типінен 


постиндустриалдыққа,  ақпараттыққа  өтудің  жүзеге  асырылуында  білім 

берудің  әлеуметтік  ролі  мен  мәні  тез  артып,  оның  функциялар  жиынтығы 

айтарлықтай  ұлғайуда.  Білім  беру  білімді  игерудің  жемісі  мен  үдірісі,  оқу 


26 

 

орындарындағы  дағдылары  мен  игеруі  немесе  өзін  өзі  біліммен 



қаруландыруы  ғана  емес,  қоршаған  ортадағы  орнының  ұғынып,  адам 

дамуындағы  жан  жақты  үдірісі.  Немістін  белгілі  философ-экзистенциалисі 

М.  Хайдеггердің  пікірінше,  нағыз  білім  беру  адамдардың  рухани  дүниесін 

тұтастықта  қамтуға,  рухани  құндылықтар  мен  мәдениет  тарихының  барлық 

байлықтарын  қайта  жаңғыртып  және  ұстап  тұруға,  ақиқат  пен  болмыстын 

құпиясын сақтауға,оның мәнің ашуға арналған.  

Білім  беру  қызметтерін  әлеуметтік  тұрғыдан  зерттеу  үшін  білім  беру 

жүйесінің  негізгі  құрылымдық  компоненттерін  бөліп  алған  айтарлықтай 

маңызды.  Әдетте  білім  берудегі  игеру  мен  білімді  беру,  дағдылары  мен 

шеберлігі  тәрізді  үдірістер  өзара  байланысқан  екі  құрылымдық 

компоненттерді  бөліп  көрсетеді.  Олардың  біріншісі,  күтілетін  нәтижені, 

базисті,  оқып  үйрену  үдірісін  қалыптастырса,  нәтижесінде  білім  алушылар 

тек білім ғана емес, мәдениеттің де элементтерін игере алады.  

        Білім  беру  жүйесінің  екінші  маңызды  компоненті  тәрбиелеу  үдірісі. 

Тәрбие  өз  кезегінде,  мақсатты  бағытталған  әрекеттер  үдірісінде  мәдениет 

пен  білім  құндылықтарын  игеру  арқылы  тұлғаны  дамытуға,  әлеуметтік 

әдістер,  міңез  құлықтың  стандарттарын  бойына  сіңдірте  отырып  жеке 

адамды қоғамдық және мәдени қызметтерге, белсенді еңбек етуге дайындау 

үшін қажет.  

        Білім  берудің  құрылымын  әдетте  жалпы,  кәсіптік,  жоғарғы  білім  беру, 

техникалық  және  гуманитарлық  білім  беру,  өз  бетімен  білім  алуы    тәрізді 

болып  бөлінеді.  Жалпы  білім  беру  оқып  үйретудің  көлемі  мен  ұзақтығына 

байланысты үш денгейден тұрады – бастауыш, негізгі және орташа; кәсіптік 

білім  беру  –  кәсіпке  дейінгі  (кәсіптік  бағыт  алу,  іріктеу)  және  орташа 

кәсіптік  дайындық  (кәсіптік  техучилищелер);  жоғарғы  білім  беру  –  жоғары 

квалификациялы  мамандарды  дайындау  әртүрлі  ғылым,  техника,  мәлениет, 

денсаулық  сақтаудың  және  т.б  салалары  үшін;  ересектерге  білім  беру  -  өз 

бетімен білім алу. 

Білім  беру  оқып  үурету  формасына  байланысты  күндізгі  (стационарлық), 

кешкі және сырттай бөлінеді. Діни білім алуларына байланысты дүнияуи (дін 

орындарының  ықпалдарына  байланысты)  немесе  конфессионалды  (дін 

орындарының бақылауында). 

ХХ  ғасырдың  50-жылдарының  ортасында  орын  алған  ғылыми-техникалық 

революция    білім  берудің  үздіксіз  жүйесін  қалыптастырды.  Оның 

қалыптасуындағы негізгі шарттар; мәдени және техникалық білімдердің кең 

таралуы, әлеуметтік экономиканың және әлеуметтік мәдениеттің құбылмалы 

даму  шарттары  тек  жастарды  ғана  емес  ересек  буындағыларды  да 

дайындауды  қажет  етуі;  азаматтар  контингентің  арттыру  үшін  қосымша 

жалпы  білімді  алу  тілегі;  білім  беру  жүйесінің  барлық  сатыларындағы 

жоғары  квалификациялық  кадырларды  көтеру  мен  кәсіпқойларды  дайындау 

қажеттілігі.  Үздіксіз  білім  беру  жүйесі  индивидтің  өмір  бойғы  кәсіптілігін 

арттыру  үдірісі  ғана  қамтып  қоймайды.  Осы  ретте  білім  берудің  негізгі 

дайындығы 

квалификацияны 

арттыру 

және 


қайта 

дайындаумен 



27 

 

толықтырылып белгілі бір өндірістін негізінде кәсіптік оқып үйренуді игеру. 



        Білім  беру  жүйесінің  қызметі  мен  дамуын  оқый  отырып,  әлеуметтану 

білім  беру  қызметінің  негізгі  әлеуметтік  функцияларына,  яғни  олардың 

мазмұның,  ерекшелігін  және  пайда  болу  формаларын  түсіндіре  отырып 

бірінші дәрежедегі мағынаны береді.   

        Білім  беру  жүйесінің  ең  басты  әлеуметтік  функцияларының  бірі  өсіп 

келе жатырған ұрпақтарға жинақталған білімді беру. 

        Екінші білім беру жүйесінің маңызды функцияларының бірі, әлеуметтік 

әдістін сабақтастылығымен қамтамасыз ету.   

        Үшінші білім беру жүйесінің маңызды функцияларының бірі иелік етіп 

отырған мәдениеттің құндылықтарын игеру. 

        Төртінші білім беру жүйесінің маңызды функцияларының бірі тұлғаның 

қабілетін ашу және ары қарай дамыту. 

        Бесінші  білім  беру  жүйесінің  маңызды  функцияларының  бірі  тұлғаның 

әлеуметтену  үдірісінде  орын  алады,  яғни  оның  рухани,  интеллектуалдық 

және әлеуметтік потенциалының дамуында және жинақталуында. 

        Алтыншы  білім  беру  жүйесінің  маңызды  функцияларының  бірі- 

қоғамдағы  әлеуметтік  мобилділікке  айтарлықтай  ықпалын  тигізу  мен 

біршама  жоғары  әлеуметтік  статусқа  ие  болуда  индивидтің  қозғалысына 

жәрдемдесу.      



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет