Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата06.04.2020
өлшемі0,69 Mb.
#61709
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аралбай С.М.Әлеуметтану
тесты МОХ,ко.Каргу, «Психология және мәдениеттану» 480 тест каз, «Психология және мәдениеттану» 480 тест каз, Бақылау жұмысы 4 сынып, 0 дік бақылау 11 Био

2.      Қоғамдағы  білім  беру  жүйесінің  реформаланған  күрделі  үдірісі  терең 

әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  трансформацияны  басынан  кешіп 

отыр, солардың бірі Қазақстан. Бұл үдірістерде екі маңызды фактор шешуші 

әрекет  етеді.  Олардың  біріншісі  –  Қазақстанның  тәуелсіз  мемлекет 

болуында, арнайы ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру қажеттілігі, яғни 

қоғамдағы  әлеуметтін,  экономиканың  және  мәдениеттің  өрлеуі  негізінде 

қазақстан  халқының  интелектуалдық-рухани  саласындағы  потенциалын 

қалыптастыру. 

Екінші  фактор  білім  берудегі  түбегейлі  өзгерістер  –  нарықтық  қатынастын 

дамуы,  жастарды  тәрбиелеу  мен  оқып  үйретуге  сапалы  жаңа  талаптарды 

ұсына отырып, білім беру жүйесінің әртүрлі салаларында біліктілігі жоғары 

мамандарды дайындау. 

        Осы  екі  фактордың  өзара  байланысы  білім  берудің  құрылымы  мен 

мазмұнына  айтарлықтай  өзгеріс  әкеледі.  Оқып  үйренудің  мазмұнындағы 

өзгерістер  барлығынан  бұрын  екі  әртүрлі  бағыттағы  тенденцияларды 

тудырады.  

        Олардың бірі әлеуметтану жүйесінің әртүрлі салалары мен денгейлеріне 

компьютерлизациялау  мен  математизациялауды  қосады: мектеп  оқушылары 

мен студенттерді көп жылдық әдіспен сыналған дәстүрлі құралдармен оқып 

үйретудегі  –  оқытушы  мен  профессордың  ауызша  және  баспа  сөздеріне  – 

компьютерлік класстар, теледидарлық лабораториялар, лингафон кабинеттері 

және басқада жаңа оқу құралдарымен біршама кең көлемде толықтырылуда. 

Осымен  қатар,  бір  уақытта  білім  беру  жүйесінің  денгейі  мен  барлық 

салаларын гуманитаризациялайтын тенденциялардың көлемі ұлғайуда. Оның 



28 

 

жүзеге  асуы  тек  мектеп,  колледж,  жоғары  оқу  орындарында  гуманитарлық-



әлеуметтік  кезеңдермен  оқытумен  ғана  шектелмей,  оқу  орындарында 

гуманистік  бағыттағы  ортаны  орнату,  яғни  көп  ұлттар  мен  әлемдік 

мәдениеттің  ұйытқысы  болатын  тұлғаны  қалыптастырып,  әртүрлі  денгейде 

білім  беру  арқылы  мәдениетті  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізу.  Білім  беруді 

гуманитаризациялау мақсаты жаңа құндылықтарды бойына сіңдірте отырып 

адамдардың  әлеуметтік  және  рухани  еркін  тұлға  екендігін  сездірту,  яғни 

идеалдарды  таңдау  құқығына  ие  болуы,  дүниеге  өзіндік  көзқарасының 

қалыптасуы,  саяси  ұстанымының  болуы.  Ғылым,  техника  және 

шығармашылық  өнер  салаларында  өз  қабілеттерін  жүзеге  асырып,  өмірге 

деген дұрыс баға беруі. 

         Қазақстанда  білім  беру  аясы  бір  ғана  және  тұтас  мемлекет  саясаты 

негізінде жүзеге асады. 

1.  Жастар үшін білім берудің барлық түрі қол жетімді; 

2.  Оқыту формасын еркін тандау үшін жағдайлар жасау; 

3.  Жалпы адамзаттық құндылықтардың басым болуы;  

4.  Оқыту мен тәрбие беру негізінде ұлттық-мәдениеттің орын алуы. 

5.  Ғылым, мәдениет және білім берудің даму денгейінің әлемдік бағытпен 

сайкес келуі. 

6.  Дамушы  елдердің  әдістерін  пайдалану  мен  үйрену,  олардың 

жетістіктері мен стандарттарын шығармашылыққа қабылдау. 

7.  Гуманизм,  тұлғаның  қызығушылықтарын  арттыру,  оның  қабілетін 

дамытып, еркін өзін өзі жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсыну. 

8.  Қоғамдық  тәжірибемен  байланыста  болып,  білім  берудің  өнеркәсіп 

орындары,  ғылым,  техника  және  мәдениетпен  өзара  байланысына  кепілдік 

ету,  нарықтық  эконмикаға  сай  тұлғаны  өмір  сүрудің  кез  келген  әртүрлі 

формаларына дағдыланатындай етіп әлеуметтендіру.  

9.  Сауаттылықтың  өрісін  кеңейтіп,  білім  берудің  үзіксіздігі  мен 

сабақтастығын қамтамасыз ету.  

Барлық  бұл  қағидалар  «Білім  беру  туралы»  ҚР  Заңында  орын  алған. 

Н.Ә.Назарбаев  өзінің  2005  жылғы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  атап 

көрсеткендей,  «Бәсекеге  қабілетті  ұлтты  оның  білімнің  денгейі  анықтап 

береді»  және  білім  берудің  негізгі  бағыттарын  реформалап,  бекітті:  мектеп 

қабырғасындағы    білім  берудің  12  жылдыққа  ауысуы;  жаңа  формациядағы 

оқытушылардың  келуі,  қатан  отандық  жоғары  оқу  орындары  мен  шетелдк 

оқу  орындарының  филиалының  көбеюі  әлсіз  білім  беруді  тудырады, 

сондықтан  жоғарғы  талаптардың  негізінде  қысқартушылық;  еліміздегі 

элиталы  жоғары  оқу  орындарын  топтарын  анықтап  оларды  мамандық 

дайындаудың  эталонына  айналдыру,  яғни  мемлекеттік  қызметтер  үшін; 

болашаққа  жол  тартатын  білім  берудің  Мемлекеттік  жаңа  бағдарламасын 

өндеп шығару. 

Осындай  жағдайдағы  білім  берудің  болашақ  гуманизациялануы  оқып 

үйретудің  қазіргі  методы  мен  формаларына  айтарлықтай  ықпалын  тигізеді. 

Техникалардың  тез  орын  ауыстырудағы  осындай  жағдайы  оқып  үйренудің 


29 

 

дистанттық формасына алып келеді, яғни адамзат өмірінің барлық кезеңінді 



біліммен айналысуға. Кәсіптік қабілеттін ерте дамуы мен көрінуі және оқып 

үйренудің  кешенді  жүйесіне  енуі  мектеп  қабырғасындағылардың  жоғарғы 

оқу  орындарына,  жоғары  оқу  орындары  түлектерінің  өндіріс  орнына  жедел 

бейімделуіне  алып  келеді.  Осы  барлық  реформалық  жаңа  еңгізулер  білім 

беру  жүйесі  қызметінің  тиімділігін  айтарлықтай  арттырады,  қазіргі 

қоғамымыздағы  экономикалық,  саяси  және    рухани  тұрғыдан  ерекше 

әлеуметтік институт ретінде дамуға мүмкіндік береді. 

       Бүгінгі таңдағы ҚР ғылымындағы білім беру жүйесінің даму күйі. 

2011-2012  жыл  барысында  білім  беру  жүйесіне  бөлінген  қаражат  7,5  есеге 

өсті.  ЮНЕСКО  мәліметінше,  Қазақстан  129  елдің  Индекс  бойынша  білім 

берудегі дамуы денгейінің арасында төртінші позицияны иеленіп отыр. 

Халықтың сауаттылығы деңгейінен Қазақстан 177 елдің арасынан 14 орынға 

ие.  Қазақстан  ТМД  ішінде  бірінші  болып  толықтай  әлем  мойындаған  үш 

деңгейлі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне өтті, 

Болон үдірісінің толықтай қатысушыларының біріне айналды.  

Президенттің  ұйғарымымен  қиыншылық  90-жылдардың  өзінде-ақ  әлемде 

орын  алмаған  білім  берудің  керемет  жобасы  ұсынылды.  Ең  алдымен  – 

әлемнің  атақты  университеттерінде  жастарды  дайындау  мақсатында 

«Болашақ» Президент бағдарламасы, 1993 жылдан бастау алды. 

Бүгінгі  танда  2011-2020  жылдар  аралығында  білім  беруді  дамытуға 

Мемлекеттік  бағдарлама,  «Ғылым  туралы»  Заң,  Назарбаев  Университеті, 

Интеллектуалдық  Назарбаев  мектептерінің    мәртебесі  туралы  Заң 

қабылданды.        «Білім  беру  туралы»  Заңға  –  білім  берудің  сапасын, 

оқытушының  мәртебесін  арттыруға  және  т.б.  ерекше  назар  аударылып, 

айтарлықтай өзгерістер еңгізілді. 

Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытуға  екі  маңызды  аспектіні  атауға 

болады. 

1)  «Балапан»  бағдарламасы  бойынша  жаңа  құрылыстар  салынып  және 

ескі бала-бақшалардың қайтарылуы. 

2)  мемлекеттік-жеке  серіктестіктердің шынайы  жұмыс  жасау  механизмін 

іске қосу. Мектепке дейінгілерді тәрбиелеуге қаражат бөлу.    

Орта  білім  беру  сферасында  2015-2020-жылдары  он  екі  жылдық  оқу 

үдірісіне көшуді қарастыру.  

Маңызды факторлардың қатарына: 

1)  Назарбаевтың  Интеллектуалдық  мектептерінің  ашылуы.  Қазіргі 

уақытта 6 мектеп жұмыс жасауда, негізі жоспарда 20. 

2)  білім 

берудің 


барлық 

деңгейін 

сапаландыру 

мақсатында 

орталықтандырылған мемлекеттік бақылау ұйымдастырылады. 

3)  оқытушының мәртебесін арттыру. 

4)  білім беруді ақпараттандыру. 

Қазіргі  уақытта  білім  беруді  ұйымдастырудың  50%  интерактивтік 

кабинеттер мен құралдарға ие, 98% мектеп Ғалам торға шығу мүмкіндігі бар. 

5)  2011  жылдан  бастап  44  білім  беру  ұйымдарына  E-learning электронды 



30 

 

оқу еңгізілсе, 2012 жылы 537 ге, 2013 жылы 926 ға артпақ. 



2015  жылы  электронды  оқу  жүйесін пайдаланушылардың  қатары  50%,  2020 

жылы  90%    құрайды.  Техникалық  және  кәсіптік  білім  беруге  жұмыс 

берушілердің  қатысуын  қамтамасы  ететін  корпортивтік  басқару  жүйесі 

еңгізіледі. Жоғары білім беру жүйесі өзгеріске ұшырайды. 

2011 жылдан «Болашақ» бағдарламасы бірінші орында жоғары оқу орнынан 

кейінгі оқуды алу мен ғылыми машықтануға бағыталады.  

Назарбаев  Университеті  жоғары  оқу  орнындары  арасындағы  ең  беделдісі 

болып  саналады.Ол  әлемнің  ең  үздік  университеттерімен  өзара  байланыста 

болып, олардың ғалымдары мен профессорларын тартуға тырысуда. 

20  жыл  ішінде  бірінші  рет  Ел  басының  ұйғарымымен  «Студенттер  үйі» 

мемлекеттік  бағдарламасы  орын  алды.  Ол  студенттерді  жатақһанамен 

қамтамасыз етуді мақсат етеді. Қазақстан білім беруі шет ел студенттерін де 

қызықтыруда. Бүгінгі танда олар Қазақстанда 10 мыңнан асады. 

Жоғары  білім  беру  жүйесіндегі  бірнеше  қағидалы  өзгерістер  жоғары  оқу 

орындарына жаңа классификациялардың еңгізілуімен байланысты. 

Енді  алты  салада  өрбиді:  ұлттық  зерттеу  университеті,  ұлттық  жоғары  оқу 

орындары,  зерттеу  университеттері,  университеттер,  академиялар  мен 

институттар.  2015  жылы  2-3  зерттеу  университеттерін  ұйымдастыру 

жоспарда тұр.     

 

№5 Дәріс: Саясат әлеуметтануы. 



 

 Жоспары: 

1.  Саясат әлеуметтану: ұғымы, ерекшелігі, міңдеті. 

2.  Саяси әлеуметтену. 

3.  Саясат субъектісі. Топтар және саяси үдіріс. 

4.  Саяси қарым-қатынас. Саяси қызығушылықтар. 

 

1.  ХХ ғасырдың аяғы мен ХXI ғасырдың басындағы қоғамның және оның 



институттарының  ерекше  қызметтерінің  бірі  -  үдіріс,  оларды  интенсивті 

саясаттандыру,  халықтардың  белсенді  ат  салысуы,  осылайша  және  оларды 

басқарудағы жеке индивидтер.   

        Саясат  -  класстар,  ұлттар  және  басқа  да  әлеуметтік  топтар, 



мемлекеттер  арасындағы  қатынастармен  байланысты  қызмет  аясы, 

яғни  негізгі  ойы  жаулап  алу,  ұстап  тұру  және  билікті  пайдалану  болып 

табылады.«Саясат» ұғымы мынадай құбылыс пен үдірісті қамтиды: 

- мемлекет  пен  саяси  биліктің  барлық  денгейіндегі  класстар  мен  басқа 

әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынас; 

- ұлттық қарым-қатынасты мемлекеттің реттеуі; 

- мемлекеттер  арасындағы  қарым-қатынасты  реттеу  (халықаралық 

саясат негізінде) 

Бұл  құбылыстардың  барлығын  саяси  қатынас  әлеуметтануы  қарастырады 

(саясат әлеуметтануы). 


31 

 

         Саясат әлеуметтануының міңдеттері: 

- саясаттың  басқа  қоғамдық  өмір  салаларымен  өзара  байланысын, 

дағдарысын, дамуын, қызметтерін, заңдылықтарын ашу; 

- осы заңдылықтар мен нәтижелерді саясат тәжрибесінде қолдану; 

- халықтар  арасындағы  саяси  әдеуметтену  сұрақтарын  оқып  үйрену 

(саясатка  белсенди  катысу,  саяси  үдіріске  формалды  қатысу,  саяси 

құбылыстарға, сайлауға белсенділік танытпау) 

         Саясат әлеуметтануы оқып үйренеді: 

- билікке келудің саяси формалары мен әдіснамаларын; 

- елді  ашық  басқару  аппараты  ретінде  мемлекеттегі  қоғамдық  саяси 

жүйені; 


- саяси  қозғалыстар  мен  мемлекетті  басқаруға  бұқараның  мүмкіндік 

дәрежесі 

- саяси  сана  (идеология,  психолгия,  қоғамдық  пікір,  салт-дәстүр,  саяси 

институттар және т.б.). 

Саясаттын негізгі сұрақтары – билік туралы сұрақтар. Билік – жеке адамдар 

мен  адамдар  тобының  өз  еркін  жүзеге  асыра  отырып,  басқа  адамдарға 

олардың келісімі мен келіспеуіне тәуелсіз ықпалын жүргізетін қабілет.  

Биліктің дәстүрлі тармақтары: 

- заң шығару (Президент, парламент). 

- орындаушы (Премьер, министерлер кабинеті). 

- соттық (сенат, әлеуетті министерліктер). 

          Кейде  бұқара  әрекетінің  салдарына  байланысты  «төртінші»  билік  – 

бұқаралық ақпарат құралдарын қосуға болады. 



2.    Саяси  әлеуметтену  –  бұл  мәдени  құндылықтарды,  саяси  бағыттарды 

игеріп,  осы  қоғамда  орын  алып  отырған  саяси  мінез-құлық  формаларын 

меңгеру. Нәтижесінде индивид пен топтардың саяси әлеуметтенуі белгілі бір 

саяси  мәдениеттің  негізінде,      саяси  жүйенің  тұрақтылығын  қамтамасыз 

ететін  қабілетке  ие  болады.  Саяси  әлеуметтенудің  мазмұны  адамдардың, 

белгілі  бір  саяси  жүйеде  орын  алып  отырған  құндылықтар  мен  нормаларда 

тіл  табысып,  саяси  белсенділік  дағдысын  қалыптастыру,  жүргізіліп  отырған 

саясаттың әдісі мен мақсаты туралы ақпараттар алу. 

Саяси әлеуметтенудің екі типін: тікелей (бірінші) және жанама (екінші) атап 

көрсетуге болады.  

Тікелей әлеуметтену – бұл саяси білімдер мен нұсқауларды тікелей игеру. 

Жанама  әлеуметтену  –  саяси  нұсқауларға  тұлға  тікелей  қоршаған  ортасы 

арқылы  бару.      Баланың  әкесіне  деген  қатынасы,  яғни  оның  осылайша 

өмірінің қалыптасуы саяси объектілерге де (президентке, парламентке, сотқа, 

партияға және т.б.) солай қатынас жасауға алып келеді. 

Тұлғаның саяси әлеуметтенуі бірнеше этаптардан тұрады. 

         Саясаттану  кезеңі.  Саяси  әлем  туралы  елестету  баланың  балалық 

шағынан  басталады,  яғни  ата-ананың  баласын  бағалауы,  олардың  баласына 

деген қарым-қатынасы. 

         Қызметтендірілу  кезеңі.  Бұл  кезеңде  билікті  қабылдау  қызметке 



32 

 

айналады.  Билік  бейнесінде,  мысалға,  президент,  премьер-министр  немесе 



полиция фигуралары орын алады. 

         Идеалдандыру  кезеңі.  Маңызды  саяси  тұлғалардың  сапалы  жақтарын 

ойына тоқып, саяси жүйеге тұрақты, байсалды қатынас жасайды.   

        Институтталған кезеңі. Саясатты қабылдау абстрактылы ойлауда жүзеге 

асады. Бұл кезеңде билікті институт деңгейінде қарастырады. 

Американ  политологы  Р.М.Мерельман  саяси  әлеуметтенудің  төрт  моделін 

бөліп көрсетеді. 

         Жүйелі  модель.  Дәстүрлі  институттарға,  құқық  тәртіптеріне,  билікке 

деген  қатынастын  позитивтік  сипатты  болуы.  Бұл  жерде  әлеуметтенудің 

басты  агенті  мектеп  пен  жанұя,  сонымен  қатар  тұлғаны  қоршаған  орта. 

Бұндай модель англо-американдық мәдениетке тән. 

         Гегомонистік  модель.  Тек  «өзінікінен»  басқа,  кез  келген  саяси  және 

әлеуметтік жүйеге деген жастар қатынасының кері сипатта болуы. Бұл жерде 

әлеуметтенудің  басты  агенті  бұқаралық  ақпарат  құралдары.  Бұндай  модель 

батыстық емес елдердің өркениетіне тән. 

         Плюралистік  модель.  Жоғары  азаматтық  белсенділікпен  әлеуметтену 

мақсатында  өзінің  саяси  қызығушылықтарын    жүзеге  асыру.  Нәтижесінде, 

азаматтар  белгілі  бір  саяси  топтарға  жиналып,  өз  еркімен  олардан  саяси 

жетістіктеріне  байланысты  бас  тарта  алады.  Олардың  агенттеріне  мектеп, 

ата-ана,  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  партия  және  қызығушы  топтар 

жатады. 

         Жан –жал моделі. Бұл модель европалық мәдениетке тән. Әлеуметтену 

агентіне  белгілі  бір  топтын  қызығушылығына  байланысты  жүргізілетін 

үгіттеу  мен  насихаттарды  жатқызуға  болады.  Бұл  модель  жабық 

(авторитарлық) саяси жүйеге тән қатынас. 

Әрбір саяси жүйеге тән әлеуметтенудің өз ерекшелігі орын алады. 

Қазіргі  Қазахстандағы  саяси  жүйенің  ауысуы,  бұрынғы  саяси  әлеуметтену 

жүйесін  толық  жойып  жіберді.  Ескі  жүйедегі  құндылықтардың  жоғалуы 

және  оның  орның  басатын  жаңа  жүйедегі  құндылықтардың  болмауы  қоғам 

алдында  күрделі  сұрақтарды  тудырады:  ескілердің  қайсысын  қайта 

жаңғыртуға  болады,  қандай  мақсатта  саяси  әлеуметтену  жүргізілу  керек, 

қандай  құндылықтар  әртүрлі  әлеуметтік  топтардың  ортақ  дүниесіне 

айналады және т.б. 

         Қазақстанның  саяси  әлеуметтенуіндегі  келесі  маңызды  мәселе  саяси 

әдістін  жалғасуындағы  сабақтастықтың  болмауы.  Аға  буынмен  игерілген 

ескі  моделдер  жаңа  саяси  шындықпен  сәйкес  келмегендіктен  тұлғаларды 

қатты  толғандыруда.  Жаңа  моделдер  өте  баяу  қалыптасып  және  игерілуде. 

Сондықтанда соңғы кездері саяси білім беру мәселесі ең өзекті болуда: басқа 

елдердің саяси әдістерімен танысу және игеру, шет елдік әдістерді қазахстан 

дәстүріне сіңдіру үшін арнаулы топтардын қызығушылығын арттырып және 

оны  қабілеттендіру.  Бірақта  жаңа  саяси  әлеуметтенудің  қалыптасуы 

гуманитарлық  және  саяси  білім  беру  жүйесінің  арнасына  симайды. 

Сондықтанда  әлеуметтенудің  жаңа  институттраын  құру  керек,  яғни  ескіні 


33 

 

жоюдағы жинақталған кеңістікті толтыру мақсатында. 



3.    Саясат субъектісі  - жаулап алу немесе саяси билікті жүзеге асырудағы 

қатынасқа кез-келген әлеуметтік субъектінің араласуы. 

         Саясат  субъектісіне  мемлекет,  ұлт,  класс,  саяси  партия,  сонымен  қатар 

жеке  индивидтерде  жатады.  Адамдар  саясаттан  тыс  өмір  сүре  алмайды, 

сондықтанда өз еркіне тәуелсіз оның субъектісі болып есептеледі.  

         Саяси билік – белгілі бір әлеуметтік күш, басқа әлеуметтік күшке және 

одан  қалды  барлық  қоғамға  өзінің  саяси  еркін  жүргізу қабілетіне  ие  болуы.  

(жеке  көсемдер,  партиалық  элитаның  билігі)  Ерік  мемлекет  аппаратының 

көмегімен  астарланып  қоғамға  өз  ықпалын  тигізеді;  идеологиялық, 

құқықтық, әскери негізде. 



Мемлекет – қоғамдық саяси ұйымның жүргізуші формасы.  

 



билік  функциясын  жүзеге  асыратын  және  күштеп  жүзеге  асыруды 

заңдастырған  ерекше аппарат; 

 

ерекше  норма  жүйелері  мен  стереотип  мінез-құлықтарын  өз  бойына 



сіңірген, құқық; 

 



белгілі  бір  территориялық  аймақтағы  заңды  нормалардың  мемлекет 

тұрғысынан орын алуы. 

          Мемлекет  қызметіндегі  жалпы  халық  қызығушылығының  толықтай 

жүзеге асуы демократия (demos-халық, crates-билік) жағдайында орын алмақ, 

яғни  қарапайым  еңбек  етуші  бұқара,  барлық  халық  билік  басының  шешім 

қабылдауына өз ықпалын тигізе алады. 

          Халық  тек  демократияда  билікке  өз  ықпалын  тигізе  алса,  ал 

бюрократия мемлекет ұғымымен астарлас келеді. 

         Бюрократияны кез келген қоғам құрылысынан кездестіруге болады, ол 

қоғамға  елді  басқаруға  арнайы  дайындалған,  өз  ісіне  берік  маман  ретінде 

қажет.  Халық  жағынан  олар  қызметші  тәрізді.  Бірақ,  демократияның 

болмауынан  мемлекеттік  билік  олардың  қол  шоқпарына  айналады.  Осы 

жағдайда  мемлекеттің  үшінші  мәні  айқындалады:  билік  бюрократияның 

қолында болуы жемқорлыққа, шектен тыс баюға және т.б. алып келеді.   

         Бюрократия  (Вебер  бойынша)  -    шынайы  ұйымдастырудың  идеалды 

типі  былайша  сипатталады:  арнайы  мамандандырылған  басқару  аппараты 

және  міңдеттердің  формалды  бөлінуі,  лауазымды  қызметкердің  бағынуы 

және  иерархиялық  жүйеде  бақылауы;  заңда  және  ережеде  белгіленген 

тәртіппен жүруі, белгілі бір шешімді қабылдауы; жеке басқару құралдарынан 

әкімшілік  қызметтін  бөлектенуі      тиімді  әкімшілік  әрекетке  алып  келеді. 

Бірақ  та  біздің  қоғамда  бюрокроатизм  басқа  қырынан  көрінуде;  әкімшілік 

қызмет  құралдарын  өз  мақсатына  айналдыру;  формалдылық,  жемқорлық 

және  т.б.  Бюрократияның  осы  негативті  синонимі  тек  капиталистік  жолмен 

енді  ғана  дамуға  бет  алған  елдерге  тән  құбылыс.  Көптеген  Африка,  Азия, 

латын  Америка  елдерінде  пара  беру  мен  жемқорлық  елдің  капитал 

жинаудағы ең бір маңызды көзіне айналып отыр. Бұл жағдайлар ТМД елерде 

де орын алуда. 

        Демократиялық басқарудың ең бір маңызды белгілерінің бірі саяси өмір 



34 

 

болып  табылады:  саяси  партия,  одақ  және  бірлестіктердің  белсенді 

қызметтері. Партия (pars, лат. – бөлік) – адамдардың еркін бірлестігі, яғни 

белгілі  бір  экономикалық,  діни,  саяси,  ұлттық  және  қоғамның 

идеологиялық  қызығушылықтарын,  билікке  деген  ұмтылысын,  билік 

құрылымын  басқаруға  деген    талабын  көрсету.  Партия  сол  белсенділік 

танытқан әлеуметтік қауымның қызығушылығын жеткізуші ұйым. Партияда 

болуға  тиіс:  бағдарламасы,  идеологиясы,  ұйымдары,  мүмкін  жастардың 

болуыда.  Партиядан  басқа,  адамдардың  бір  идеяға  бірігіп  белгілі  бір 

мақсатты  көздеген  саяси  қозғалысы  да  өмір  сүреді.  Партиядан 

айырмашылығы, олардың анық мүшелерінің болмауы, адамдар құрамы еркін 

кездейсоқ.  Қозғалысқа  адамдар  жеке  мүдеден  емес,  жалпылама  қоғамға 

қажеттілік  туудан  шығады.  Мысалы,  бейбітшілікке,  ядролық  қарудан  бас 

тартуға,  қоршаған  ортаны  сақтауға  және  т.б.  Көпке  танымал  халықаралық 

экологиялық ұйым Green Peace. Қазахстанда орын алған «Невада-Семей». 



4.    Саясат әлеуметтануының маңызды ұғымдарына «саяси қызмет», «саяси 

қатынас»,  «саяси  қызығушылық»  және  т.б.  жатады.  Саяси  қызмет  - 

өзгертуге немесе бекітуге бағытталған нақты саяси әрекеттер: 

- саяси институттардың өмір сүруі; 

- азаматтар құқығы мен еркіндігі; 

- тұтастай мемлекеттік құрылым; 

        Саяси әрекеттер осы қоғамдағы басқа субъектіге негізделеді. 

- сол бағытта мақсатты қарсы әрекетті тудыру; 

- үшінші субъектінің жат әрекетін мақсатты бейтарап ету. 

        Саяси  өзара  әрекеттер:  кез  келген  субъектінің  саяси  әрекеті  әрқашан 

басқа  субъектіге    есептеліп бағытталады.  Саяси  қатынас  саяси  субъектінің 

қызметінен көрінеді. Саяси қатынастар саналы түрде орын алады, бірақ: 

-  саяси  қызығушылықтардың  өзі  объективті  әлеуметтік  ортаның 

жағдайымен, яғни субъектінің санасы мен еркінен тәуелсіз орын алады; 

-  орын  алып  отырған  саяси  қатынас  саяси  шындықтын  объективті  бір 

сәті ретінде орын алады. 

Саяси  қызметтің  әлеуметтік  формалары  –  билікке  деген  күрес  нәтижесінен 

туындаған  әлеуметтік  топтар,  ұлттық  қауымдастықтар  арасындағы  саяси 

қатынас. 

         Қоғамдық  өмірдің  салаларына  байланысты  саяси  қатынас  былайша 

бөлінеді: 

- эконмикалық саясат; 

- әлеуметтік саясат; 

- мемлекет саясаты; 



         Саяси қызығушылықтар:  олардың тікелей ықпалымен саяси қатынас 

орын  алады.  Қалыптасқан  саяси  қатынас  қайта  саяси  қызығушылықты 

тудырады.Саясат әлеуметтануының міңдеті – зерттеу: 

- субъектінің саяси қызығушылығы объективті; 

- бірнеше  субъектінің  саяси  қызығушылығын  белгілі  бір  саяси 

қызығушылықтын объектісіне сәйкестігін анықтау. 



35 

 

Субъективті саяси қызығушылық былайша орын алады: 



- шынайы, субъектінің саяси жағдайдағы әрекеті: 

- жалған, мифологиялық тұрғыдан. 

        Жалпы  қоғамның  негізгі  қызығушылығы  –  халық  билігі  ретінде 

демократияны қолдау. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет