Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет3/57
Дата12.09.2020
өлшемі0,76 Mb.
#78001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
Жауғашева С.КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дін әлеуметтануы, Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт, Ödev 24 .
АЛҒЫ СӨЗ

XXI ғасырға медицина дәрілік заттардың (ДЗ) күшті арсеналымен аяқ басуда. Қазіргі таңда әлемдік фармацевтикалық өндіріс он мыңдаған препараттар шығаруда. Бірақ, сол дәрілік заттардың тиімділігі өте жоғары және оларды кеңінен қолдануға болады деп айта алмаймыз.

1930-40 жылдары ДЗ қарқынды өндірісі бастау алды. Бұл кезеңді «фармакологиялық революцияның» бастама кезеңі деп те атайды. Оған ықпал еткен жалпы ғылыми-техникалық өрлеу, атап айтқанда биология, физиология, биохимия, микробиология, химия және т.б. ғылымдардың жетістіктері.

1930 жылдары сульфаниламидтің (стрептоцидтің) бактерияларға қарсы белсенділігі алғаш анықталып, инфекциялық ауруларды химиотерапиямен емдеу эрасы басталды. Сульфаниламидтің соңынан нитрофуран, 4-оксихинолин, хиноксалин, хиналон туындылары өндіріске шықты. 30-шы жылдардың соңында аллергиялық ауруларды тиімді емдеуге қолданылатын, сонымен қоса, психотропты препараттардың алғышарты болып табылатын гистаминге қарсы синтетикалық препараттар өндіріліп шығарыла бастады. 40-шы жылдары антибиотиктер мен цитостатикалық препараттар пайда болып, 50-ші жылдары клиникалық психофармакология, 60-шы жылдары кардиофармакология үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қоса, бронхообструктивті ауруларды емдеу мүмкіндіктері кеңеюде, атап айтқанда β-адреномиметиктерді қолдану.

Жалпы алғанда, жаңа ДЗ өндіріп, оларды тәжірибеде қолдану үздіксіз жүруде, бірақ бұл салада қол жеткізген жетістіктер кездейсоқ емес, бұл ғылыми-техникалық даму жетістіктерін қолдана отырып, арнайы бағытталған ізденістердің нәтижесі. Жаңа ДЗ шығару химиялық синтез, биотехнология, генді-инженерлік технология салаларындағы жетістіктерге байланысты мүмкін болды. Мысалы үшін, биотехнологиялық жолмен күрделі эндогенді қосылыстар және олардың аналогтары болып табылатын моноклональды антиденелер, колонияықпалдаушы факторлар, күрделі полипептидті қосылыстар алынса, гендік инженерия жолымен интерферондар, соматотропин, адам инсулині алынады.

Жалпы айтқанда, дәрігерге XX-ғасырдың XXI-ғасырға қалдырған фармакологиялық мұрасын ұтымды қолдану оңайға соқпайды.

Препаратты дәрігер ұтымды тағайындау үшін, қазіргі талаптарға сай фармакотерапияның жалпы принциптерін (стратегиясы мен тактикасын) жетік біліп, әрбір жағдайдағы нақты медициналық міндеттерді анықтай білу қажет. Белгілі бір науқасқа ДЗ тағайындау үшін, дәрігер, сол ДЗ жағымды және жағымсыз әсерлерін, оның әсері ұқсас басқа ДЗ артықшылықтарын, оның басқа ДЗ өзара әсерлесуін, қолдану тәртібін білуі қажет. Дәрігер-маманға бұл сұрақтарды шешуге клиникалық фармакологияның мәліметтері көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда әрбір дәрігер-маман белгілі бір дәрежеде клиникалық фармаколог болғаны дұрыс. Аса көрнекті, орыс терапевті Б.Е.Вотчал медицинаның бұл саласын «науқастың жанындағы дәрігердің фармакологиялық ойлау жүйесі» деп айтып кеткен екен.

Фармакотерапияның нәтижесі көп жағдайда дәрігердің «фармакологиялық ойлау жүйесіне», эрудициясына, жинақтаған жеке тәжірибесіне байланысты.

Қазіргі таңдағы клиникалық фармакология ұтымды фармакотерапияны жүргізу үшін дәрігер ДЗ туралы мәліметтермен қоса, науқастың жеке ерекшеліктерімен оның сол препаратқа жеке реакциясын ескеруі қажет деп үйретеді.

Студенттерге клиникалық фармакология негіздерін үйретудің мақсаты 1960 жылы Б.Е.Вотчал айтқандай «науқастың жанында дәрігердің фармакологиялық ойлау жүйесін қалыптастыру» болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет